Об установлении ограничительных мероприятий на улицу Әбсейіт в селе Киндикти Киндиктинского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 28 мамыр № 270 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округіне қарасты Кіндікті ауылының Әбсейіт көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.