Об утверждении Правил применения поощрений к сотрудникам органов гражданской защиты Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші «азаматтық қорғау» арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қамтылған ұғымдар мына мағынада қолданылады:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің (бұдан әрі - Министрлік), Министрліктің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖД), оқу орнының, ведомстволарының құрылымдық бөлімшелері;
Тармақша 2
2) уәкілетті басшы – Министрліктің аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, Министрлік мекемесінің, ведомствосының басшысы.
Тармақ 3
3. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге мынадай:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
Тармақша 3
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
Тармақша 4
4) Грамотамен марапаттау;
Тармақша 5
5) Құрмет грамотасымен марапаттау;
Тармақша 6
6) ведомстволық наградамен және азаматтық қорғау органының (бұдан әрі - АҚО) үздігі төсбелгісімен наградтау;
Тармақша 7
7) мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ беру;
Тармақша 8
8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атақты беру;
Тармақша 9
9) кезектен тыс арнаулы атақ беру;
Тармақша 10
10) Құрмет тақтасына енгізу;
Тармақша 11
11) құрметті атақ беру;
Тармақша 12
12) Алғыс хатпен марапаттау;
Тармақша 13
13) білім беру ұйымдары орналасқан жерден 10 тәулікке дейін мерзімде кезектен тыс босату;
Тармақша 14
14) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу көтермелеу түрлері қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібі
2-тарау. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібі
Тармақ 4
4. Көтермелеулерді қолдану тәсілін объективті түрде қамтамасыз ету үшін жұмыс органы АҚО кадр қызметтері болып табылатын АҚО-да ұдайы негізде Көтермелеулер жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамы:
Министрлікте – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен (бұдан әрі - Министр);
ТЖД – ТЖД бастығымен;
Оқу орнында – оқу орнының бастығымен айқындалады.
Комиссияның мүшелері 5 адамнан кем болмайды.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген көтермелеулер АҚО кадр қызметтеріне жолданатын АҚО құрылымдық бөлімшелері басшыларының Министрдің немесе уәкілетті басшының атына көтермелеуге ұсыным хаты бойынша қолданылады.
Ұсыным хатта марапатталатын қызметкердің жеке басын сипаттайтын деректер, мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде АҚО еңбек сіңірген жылдары, оның нақты еңбегі, қызметтегі негізгі көрсеткіштері мен жеткістіктері жазылады,
Тармақ 7
7. Көтермелеуге ұсыным хатты алғаннан кейін АҚО кадр қызметтері 10 жұмыс күні ішінде оны Комиссияның қарауына енгізеді.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде көтермелеуге ұсыным хат енгізілгеннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері даусының жалпы санынан көп дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері еркін нысанда хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) көтермелеуге ұсыным хатты қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) көтермелеуге ұсыным хатты қабылдамау.
Тармақ 10
10. Комиссия шешім енгізген күннен бастап Министр немесе уәкілетті басшы 10 күнтізбелік күн ішінде көтермелеулерді қолдану туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 11
11. Бұйрықтармен жарияланған барлық көтермелеулер қызметкердің жеке ісіне енгізіледі.
Тармақ 12
12. Көтермелеулердің түрін анықтағанда қызметкердің еңбегі мен ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметке деген көзқарасы назарға алынады.
Тармақ 13
13. Қолданылған тәртіптік жазасы бар қызметкерлер бұрын салынған тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алуды қоспағанда, көтермелеуге ұсынылмайды.
Тармақ 14
14. Қызметкерлерді көтермелеуді:
Тармақша 1
1) Министр барлық қызметкерлерге қатысты – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көтермелеулердің түрлерін;
Тармақша 2
2) уәкілетті басшылар өзіне бағынысты бөлімшелерде қызмет өткеріп жүрген қызметкерлерге қатысты – осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 4), 7) - 10), 12) - 13) тармақшаларында көрсетілген көтермелеулерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Көтермелеулерді қолданудың ерекшіліктері
3-тарау. Көтермелеулерді қолданудың ерекшіліктері
Тармақ 15
15. Қызметкерлерге мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Алғыс ауызша тәртіпте осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тұлғалармен жарияланады.
Тармақ 16
16. Алғыс хатпен қызметкерлер АҚО-да кем дегенде 1 жыл қызметте болған, мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көтермеленеді.
Министрдің қарары және Комиссияның оң ұсынымы бойынша көтермелеуге ұсынылған қызметкердің еңбек сіңірген жылы есептелместен көтермелеу қолданылады.
Тармақ 17
17. Грамотамен қызметкер АҚО-да кем дегенде 2 жыл қызметте болған, наградтаудың алдында 1 жылдың ішінде тәртіптік жауаптылыққа тартылмаған, мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көтермеленеді.
Грамотамен көтермелеуге қайта ұсыным хат алдыңғы наградтаудан 2 жылдан ерте емес уақыттан кейін жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Біржолғы ақшалай сыйақы беру және (немесе) бағалы сыйлықпен ерекше маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін, нақты жұмыс нәтижелері үшін, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін, сондай-ақ мерейтойлық күндерге байланысты қызметкерлер тиісті бюджет қаражатын үнемдеу болған жағдайда көтермеленеді.
Біржолғы ақшалай сыйақы беру және (немесе) бағалы сыйлықпен марапаттау туралы қайта ұсыным хат алдыңғы наградтаудан 1 жылдан ерте емес уақыттан кейін жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Министрліктің құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) қызметкер АҚО-да кем дегенде 3 жыл қызметте болған, наградтаудың алдында соңғы 2 жылдың ішінде тәртіптік жауаптылыққа тартылмаған, мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көтермеленеді.
Министрдің қарары және Комиссияның оң ұсынымы бойынша көтермелеуге ұсынылған қызметкердің еңбек сіңірген жылы есептелместен көтермелеу қолданылады.
Құрмет грамотасымен марапаттау туралы қайта ұсыным хат алдыңғы наградтаудан 3 жылдан ерте емес уақыттан кейін жүргізіледі.
Құрмет грамотасымен марапатталған қызметкерлерге тиісті бюджет қаражатының үнемі шеңберінде жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.
Тармақ 20
20. Қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ беру, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атақты беру кезектен тыс арнаулы атақ беру қызметкерлерге көтермелеу тәртібімен жүргізіледі.
Бұл ретте, мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атақты, кезектен тыс арнаулы атақ беру АҚО-да барлық қызмет кезеңінде кемінде екі рет жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атақты, кезектен тыс арнаулы атақ беру үшін міндетті тәртіпте қосымша:
қызметкердің қызметтегі айрықша ерекшілігі;
қызметтік (функционалдық) міндеттерін қызметкердің өміріне қауіп төндірумен орындауы;
төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқаруы ескеріледі.
Тармақ 23
23. Арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi.
Тармақ 24
24. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ алдыңғы арнаулы атақта еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi өткен соң берiледi.
Тармақ 25
25. Кезектен тыс арнаулы атақтар бар арнаулы атағында еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен, бірақ бар арнаулы атақтан екі сатыдан жоғары емес және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа қарамастан беріледі.
Тармақ 26
26. Арнаулы атақта еңбек өтілінің мерзімі күнтізбелік есеппен анықталады. Осы мерзімге лауазымдардағы нақты қызмет уақыты, сондай-ақ қызметкерлердің АҚО бөлімшесінің қарамағында болған кезеңі кіреді.
Тармақ 27
27. АҚО Құрмет тақтасына мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлердің аты, жөні, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) енгізіледі.
Тармақ 28
28. Құрмет тақтасына енгізу жыл сайын осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрықтарымен жүргізіледі.
Құрмет тақтасына қызметкерлердің түрлі түсті фотопортреттері, оның астында арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің (ол бар болған жағдайда), сондай-ақ лауазымы көрсетіле отырып орналастырылады.
Бұл ретте «Азаматтық қорғау ардагері» құрметті атағымен марапатталған қызметкерлер құрмет тақтасына өмір бойы енгізіледі және оларды алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 29
29. Құрмет тақтасынан қызметкерлерді алып тастау АҚО кадр қызметтерінің ұсынысы бойынша осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрықтарымен мына жағдайларда:
ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жаза салынғанда;
АҚО-дан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғанда;
Қаза болған (қайтыс болған) не заңды күшіне енген соттың шешімімен қайтыс болды деп жарияланғанда алып тасталады.
Тармақ 30
30. АҚО-да 20 жылдан астам еңбек сіңірген, сондай-ақ АҚО-ның дамуына зор үлес қосқан қызметкерлерге көтермелеу түрінде «азаматтық қорғау ардагері» құрметті атағы беріледі.
Тармақ 31
31. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін еңбегін көтермелеу және ынталандыру мақсатында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларына сәйкес ведомстволық наградаларға ұсынылады.
Тармақ 32
32. «Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған қызметкерлерге тиісті бюджет қаражатының үнемі шеңберінде қырық бес айлық есептік көрсеткіште біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.
Тармақ 33
33. Жоғары академиялық үлгерімі, оқуда жақсы нәтижелер көрсеткені, ғылыми, қоғамдық, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін оқу орнының курсанттарына көтермелеу түрінде білім беру ұйымдары орналасқан жерден кезектен тыс босату беріледі.
Бұл ретте, кезектен тыс босату 10 тәулікке дейін мерзімде және ағымдағы оқу жылында 1 реттен артық емес беріледі.
Тармақ 34
34. Бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 211 Жарлығымен бекітілген Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидаларының (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) 7-тармағына сәйкес әзірленетін Кемшіліктерді жою жоспарында (бұдан әрі - Жоспар) көрсетілген кемшіліктерді қызметкер жойған кезде және міндеттерін үлгілі орындаған жағдайда, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетінде елеулі нәтижелерге қол жеткізген болса, бірақ оны қолданылған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданылады.
Бағалау жүйесінің 9-тармағына сәйкес ерекше жағдайларда, қызметкер аса маңызды нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ мемлекетке сіңірген еңбегі мен ерлігі үшін АҚО құрылымдық бөлімшесінің басшысы Жоспарды орындау нәтижелерін есепке алмай, бұрын қолданылған жазаны алып тастау туралы ұсыным хат енгізеді.