Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 839 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің Күршім ауылының «Көмей» учаскесіне кадастрлық нөмірі 05-072-022 мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.