Об установлении ограничительных мероприятий на территории населенного пункта Кокпекты Жайсанского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 мамырдағы № 02-12-3/474 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.