О создании областной Бюджетной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің резервін пайдалану Тәртібі туралы" облыс әкімдігінің 2002 жылғы 13 наурыздағы № 48 және «Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы» 2003 жылғы 12 наурыздағы № 45 қаулылары жойылсын.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылгы «26» 05 № 114 қаулысымен бекітілген Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты бекіткен сомалар шегінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің (әрі қарай - әкімдік резерві) резерв қаражатын бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына облыс әкімдігінің резерві Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 және "Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі "туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы желтоқсандағы № 261 Заңдарының 13 бабына және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңына сәйкес қалыптастырылады. Облыс әкімдігінің резервінде мыналар: облыс әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат; сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат; кассалық алшақтықты жабуға арналған төмен түрған бюджеттерді несиелендіруге арнаулы резерв көзделеді. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін облыс әкімі резервінің құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда облыс әкімі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгертулер енгізу жолымен облыс әкімі резервінің көлемін ұлғайту туралы облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігі резервінен қаражат бөлу облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленген, Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министрінің 2002 жылғы 9 қыркүйектегі № 3 бүйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында № 2012 тіркелген Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшері және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің резерв қаражатын мақсатты белгіленген және каражат бөлу туралы облыс әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды. Облыс әкімдігінің резервінен каражат бөлу туралы облыс әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ облыс әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты облыстық 6юджетке қайтарылады.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің резерв мөлшері облыстық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бюджеттің атқарылу процесінде тапшылыкгың нақтыланған деңгейінің жоғарлауы немесе бюджетке түсетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіпте облыс әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғн және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға каражат бөлу
2. Табиғн және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға каражат бөлу
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілері төтенше жағдайларды жоюға облыс әкімдігі резервінен қаржы бөлу мәселелерін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма облыстық қаржы департаментімен келісіп қарастырады, облыс әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысы жобасына белгіленген тәртіпте бұрыштама қояды. Бүл ретте негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну ережесін қаржы департаменті және төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма аңықтайды.
Тармақ 8
8. Облыс әкімдігінің резервінен облыс аймақтарына қаражат бөлу мәселесі аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің облыстық төтенше жағдайлар жөніңдегі басқармасымен келісілген өтінімі бойынша қаржылық көмек көрсетуге негізделген тапсырысы және аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктері резервінің қаржысы жеткіліксіз болған жағдайда, міндетті түрде облыстық қаржы департаментіне жергілікті бюджет қаражатьшың жұмсалуы және оның қөлемі туралы ақпаратты міндетті түрде ұсынғанда, қаралады.
Тармақ 9
9. Облыс әкімдігі резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру, төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен таралу ауқымы аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары қалыптасқан мәселелерді өздігінең меншікті қаражат есебінен шеше алмайтындай көлемге жетуі мүмкін (жеткен) жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды жою үшін облыс әкімдігі резервінен қаржы бөлу: төтенше жағдайлардың туындау чаттарға материалдық көмек көрсетуге; зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға; шүғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен жарақтармен қосымша жабдықтауға; кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз өтеуге; төтенше жағдайлар зонасын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеуге; төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша облыстық бюджет есебінен ұсталатын облыс әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешімдері бойынша облыстық бюджет есебінен ұсталатын облыс әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міңдеттемелерін өтеуге арналған облыс әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
Тармақ 12
12. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міңдеттемелерін өтеу соттың аткарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда облыс әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнаулы резервтен қаржы бөлу және пайдалану
4. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнаулы резервтен қаржы бөлу және пайдалану
Тармақ 13
13. Кассалық алшақтықты жабу мақсатына төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнаулы резервтен қаражат бөлу үшін аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері облыстық қаржы департаментіне облыс әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы қажетті негіздемелері және есептерімен өтінім ұсынады.
Тармақ 14
14. Облыстық қаржы департаментіне ұсынылған өтінім негізінде, сондай-ақ төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер жөніндегі деректер негізінде төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнаулы резервтен қаражат бөлудің мүмкін, болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 15
15. Кассалық алшақтықты жабуға арналғагн төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнаулы резервтен қаражат бөлу үшін: төмен түрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына көзделген сомалар; жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген, белгіленген есепті кезеңде жергілікті бюджетке ағымдагы түсімдерімен және жергілікті бюджет тапшылыгын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінген қаражатты жұмсау; жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берілген несиелер жөніндегі кешіктірілген қарыздарының болмауы міндетті шарттар болып табылады.
Тармақ 16
16. Қорытынды оң болған жағдайда кассалық алшақтықты жабуға арналған төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге облыс әкімдігінің арнаулы резервінен ақша бөлу туралы шешім жобасын аудан (қала) әкімдіктерінің өтініші бойынша облыстық қаржы департаменті облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.
Тармақ 17
17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге облыс әкімдігінің арнаулы резервінен несие беру және қайтарудыңу ережесі мен шарты облыс әкімдігінің қаулысында белгіленеді.
Тарау 5. 5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 18
18. Ағымдағы жылы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін облыстық бюджетті және облыс бюджетін қалыптастыруда толығымен көзделмеген немесе жеткіліксіз көлемде көзделген шығыстарды, өзге де күтілімеген шығыстарды, өзге де күтілмеген шығыстарды қаржыландыру облыс әкімдігі резервінен жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. облыстық бюджеттік бағдарламар әкімшілері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдері өзге де күтілмеген шығыстрға облыс әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін облыстық қаржы департаментіне қаражат бөлу туралы қажетті негіздемелері және есептерімен өтінім ұсынады.
Тармақ 20
20. Облыстық қаржы департаменті ұсынылған өтінім негізінде облыстық әкімдік резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 21
21. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға облыс әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасы белгіленген заңды тәртіпте осы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайды.
Тармақ 22
22. Аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің өтінімі бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға облыс резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын мүдделі орган немесе облыстық қаржы департаменті дайындайды.
Тарау 6. 6. Бақылау және есеп беру
6. Бақылау және есеп беру
Тармақ 23
23. Облыстық қаржы департаменті тоқсан сайын облыс әкімдігі резервіндегі қаржы және оны пайдалану туралы мәліметтерді облыс әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 24
24. Облыс әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік батдарлама әкімшілері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдері, төтенше жағдайлар жөніндегі баскарма облыстық қаржы департаменті белгілеген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражат мөлшері мен орындалған жұмыстардың құны туралы есепті облыстық қаржы департаментіне ұсынсы тиіс.
Тармақ 26
26. Облыс әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылуын бақылауды облыстық қаржы департаменті, қазынашылық басқармасы және қаржы бақылау комитеті басқармасы жүргізеді.
Тармақ 27
27. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Казақстан Республикасы заңына сәйкес облыс әкімдігі резервінің қаражатьш пайдалану ережесін бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдасдастыру және бақылау яартаменті жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Бөлінетін бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жуапкершілігі Қазақстан Республикасы зандарында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.