Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі А. Сұлтанғалиевтың ұсынысын тыңдап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат шешім етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырылған "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ереже" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2003 жылғы 20 ақпандағы № 27-3 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібі туралы ереже
Аудандық мәслихат сессиясының
2003 жылғы 24 сәуірдегі
№ 28-2 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібі туралы ереже
Тарау 4. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі кедейшілік шегінен төмен тұрмыс шегіп отырған отбасыларға көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 7. ІІ. Тұрғын үй көмегі
ІІ. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағына тұрақты табысы аз азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі - өтем ақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Шекті шығындар үлесі - көмек алатын отбасының жиынтық табысының 20 пайыз мөлшерінде есептеледі.
Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстаумен тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Өтемақы шараларымен табысы аз отбасыларымен ай сайын 1 газ баллон 11 кг, электр жарығы 100 квт және отбасының мүшелеріне 30 л., сумен жабдықтауды қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Аудан бойынша тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне тұрғын үй- коммуналдық қызмет үшін көмегін тағайындауды аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі 1 наурыз 2003 жылдан бастап жүргізеді.
Жекеменшігінде біреуден артық тұрғын үй пәтерлері, үйлері бар немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар, атаулы әлеуметтік көмек отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Күтуді қажет етеді деп табылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 14 жасқа дейінгі бір немесе одан көп балалы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі нысанында тұрғын үйді ұстау коммуналдық қызметтер үшін төлемді үйді жалдаушыға меншік иесіне есептелген сомамен салыстырғанда азайту беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй және тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан артық болмауы тиіс.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі Берген айдан бастап осы жылдың аяғына дейін тағайындалады. Осы көмекті алушыларды қайта тіркеу-рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістері туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту халықты қорғау бөліміне 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған, мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы меншік иесі бір жыл бойы көмек алу заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім, тұрғын үйді жалға алушының меншік иесінің өтінішінің және оған қоса берілетін отбасының құрамы, отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде қабылданады, құжаттарды дұрыс қабылдауды ұйымдастыру және ережеге сәйкес есептеу маманға жүктелді, қателескен жағдайда заңға сәйкес жауап береді.
Өтінішке қоса берілетін отбасының жиынтық табысы мен құрамы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңында талап етілген мәліметтерге сәйкес тапсырылады.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасының құрамына мерзімді әскери қызметтегі адамдар, студенттер мен курсанттар, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар кірмейді.
Тармақ 10
10. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасына келісім шарт жасалады.
Шарт екі данадан жасалып, оның біреуі тұрғын үйді жалға алушыда меншік иесінде сақталады. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Ақпараттың растығына күдік тудырған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі сұрау салуға хақылы, ол заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Көмек мөлшері жалға алушының меншік иесінің өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстаумен тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Отбасы жиынтық табысы:
оған отбасының тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектерден басқа барлық табыстары есептеледі.