О создании областной Комиссии по вопросам малого и среднего бизнеса Күшін жойған
Басқа 0
Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiнде облыстық комиссиясын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.01.2005 № 14 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 қаулысын орындау мақсатында, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi облыстық Комиссиясы құрылсын ол облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi Комиссиясы туралы ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi Маңғыстау облыстық комиссиясы туралы" облыс әкiмиятының 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 81 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 4
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы
15 қазандағы № 166
қаулысына 1 қосымша
Шағын және орта бизнес мәселелерiжөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
📌 Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 81 ; өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 76 ; 2004 жылғы 5 қазандағы № 198 қаулыларымен.
1. Қасабеков Асқар - облыс әкімінің орынбасары,
Серікбайұлы комиссияның төрағасы
2. Мұстапаева Венера - шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың
Тұрановна облыстық басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
3. Батманов Аяз Көбейсінұлы - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры"
Акционерлік Қоғамы Ақтау
филиалының
директоры (келісім бойынша),
комиссия мүшесі
4. Жақаева Сәуле - "Қазақстан іскер әйелдері
Бердіханқызы ассоциациясы" Ақтау филиалының
төрайымы (келісім бойынша)
5. Жеткізгенов Қамбар - облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы
бастығының орынбасары
6. Қажықов Таңатар - облыстық әділет басқармасы
Төребекұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
7. Ильмұханбетова Шолпан - облыстық қаржы басқармасы
бастығының
Лазарқызы орынбасары, комиссия мүшесі
8. Сырғабаева Дина - "Маңғыстау кәсіпкерлер Лигасы"
Ізбасарқызы төрайымы (келісім бойынша)
9. Шамшадин Аманғали - облыстық экономика, өнеркәсіп
және
сауда басқармасы бастығының
орынбасары
10. Аленов Қуанышбек Қожықұлы - Маңғыстау облысы кәсіпкерлер
ассоциациясының төрағасы
(келісім бойынша)
11. Боқаева Әлия Қайырлақызы - облыстық шағын кәсіпкерлікті
қолдау
басқармасының бөлім бастығы,
комиссия хатшысы (дауыс құқығы
жоқ)
Басқа 5
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы
15 қазандағы № 166
қаулысына 2 қосымша
Шағын және орта бизнес мәселелерi
жөнiндегi облыстық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi комиссия) консультативтi-кеңесшi орган болып табылады. Комиссия Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7-тамыздағы №№ 883 қаулысын iске асыру мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметтi реттейтiн өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуына көмектесу;
Тармақша 2
2) тиiстi мемлекеттiк органдарға салық ауыртпалығын азайту мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) меншiктер мен активтердi заңдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 4
4) кредиттiк ресурстарға қол жеткiзудi жеңiлдету үшiн шаралар өткiзуге ұсыныстар дайындау;
Тармақша 5
5) әкiмшiлiк рәсiмдерi мен шешiмдердi ықшамдау мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатынасу;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнестi қолдаудың аймақтық орталықтарын ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 7
7) ауылдағы шағын және орта бизнестi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 8
8) шағын және орта бизнес жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 9
9) кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбiр кәсiпкердiң экономикалық дамыған мемлекет құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмiршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 10
10) жергiлiктi атқарушы органдарының кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi қаулылары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау;
Тармақша 11
11) шағын және орта бизнестi қолдау мен қорғау жөнiнде мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 12
12) жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы шағын және орта бизнестi дамыту жөнiндегi комиссиялардың қызметiн үйлестiру;
Тармақша 13
13) шағын кәсіпкерлік субъектілерімен "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры" Акционерлік Қоғамынан 2004-2006 жылдарға арналған кіші қалаларды дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде кредиттік ресурстарын тарту мәселелері жөнінде түсіндіру және ұйымдастыру жұмысын жүргізу.
📌 Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкiмиятының 2004 жылғы 5 қазандағы № 198 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Комиссияның оған жүктелген мiндеттерге сәйкес негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шағын және орта бизнестi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, үйлестiру мен iске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 2
2) аймақтардың өзектi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен қауымдастықтарын тарта отырып, оларды әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) Заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнестiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобаларын даярлау мен шағын және орта кәсiпорындарға, кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобаларын даярлау кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн ескеру;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнестiң салалық, кәсiптiк және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара iс-қимыл жасасу;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнес саласында келiсiлген шешiм шығару және мемлекеттiк саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлдiк етiлген мемлекеттiк органмен, сондай-ақ шағын және орта бизнестi қолдауды iске асыратын басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) тиiстi мемлекеттiк органдар, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдары өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыптық отырыстар өткiзу;
Тармақша 9
9) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру және заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 10
10) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияда жұмыс жасау үшiн ғалымдардың, беделдi кәсiпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың iшiнен сарапшылар мен кеңесшiлердi тарту;
Тармақша 11
11) белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқару органдарынан қажеттi ақпараттық, талдау, статистикалық-анықтама материалдарын алу;
Тармақша 12
12) инвестициялық жобаларды және шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелеуді жүзеге асыратын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры" Акционерлік Қоғамының Ақтау филиалымен, түскен жобалар мен өтінімдерді қарастыру мерзімдерін қысқарту, жобаларды қаржыландыру шарттары мен тетіктерінің тәртібін жергілікті жерлерде түсіндіру, несиелерді ресімдеу рәсімдерін барынша шынайылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста, тұрақты өзара іс-қимыл жасау.
📌 Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкiмиятының 2004 жылғы 5 қазандағы № 198 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары басқарады.
📌 Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 81 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органының функциялары облыстық экономика басқармасына жүктеледi.
Тармақ 8
8. Комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысының күн тәртiбiн ұйымдастырады.
Тармақша 2
2) Комиссия шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды.
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмыстарын үйлестiредi.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарында қарау үшiн қажеттiлiгiне қарай мәселелер тiзбесiн жасайды, оны төраға бекiтедi.
Тармақ 10
10. Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша таратылады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысының нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, егер комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, шешiм қабылданды деп есептелiнедi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ондай жағдайда ол жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия отырысының хаттамасына жалғануы қажет.
Тармақ 14
14. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет, Комиссия төрағасының шақыруымен өткiзiледi. Шұғыл шешiм қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырысына қаралатын мәселеге байланысты мүдделi мемлекеттiк органдардың мекеме басшылары мен басқа да лауазымды адамдар, кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi қатынасуы мүмкiн.