Об утверждение правил оказания социальной помощи некоторым категориям населения района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның кейбір санаттағы тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімшілігінің 2004.09.03 N 16/03 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы, «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес - Абай аудандық әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін. (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысысың мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін. (№2 косымша).
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (С.Ә.Садық) тиісті қаржы жылында аудандық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек көрсету, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға бір рет төленетін ақы түрінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыру қамтамамлз етілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бөлімі (С.А.Ақсанов) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек көрсету және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға бір рет төленетін ақы түрінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына сәйкес шаралар жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі орынбасары Ш.Қ.Тәнкебаевқа жүктелсін. Келісілді Ш.Қ.Тәнкебаев Н.В.Сергеева Қ.О.Мүслімова Б.Қ.Есмағамбетов
Басқа 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы
«Ауданның кейбір санаттағы тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы» 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 04/22 аудандық әкімиятының қаулысымен бекітілді № 1 қосымша Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы Осы қағида 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау барысында дайындалған. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады шектеулі тіршілік әрекетін жеңу және оны өтемақымен қамтамасыз ету жағдайларын жасап, қоғам өмірінде оларды басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган болып табылатын Абай ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (бұдан әрі - бөлім) жүргізеді және көмек ретінде үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына беріледі (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Білім беру бөлімінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе оқыту туралы қорытындысы және мүгедектік жөніндегі дәрігерлік қорытынды азаматтардың әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде хабарласу негізі болып табылады.
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-ананың біреуіне немесе оған теңестірілген адамға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тоқсан сайын жыл бойы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде қаржыландыру көзі тиісті қаржылық жылына арналған Абай ауданының бюджеті болып табылады. Бюджеттік топтастыру коды - 258057034.
Тарау 2. 2. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
2. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мына құжаттарды ұсынған жағдайда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) СТН және Абай ауданындағы банк бөлімшелерінде ашылған жеке есеп шоты көрсетіліп, әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініші;
Тармақша 2
2) Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
Тармақша 3
3) Отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) Абай ауданы білім беру бөлімі жанындағы психояогиялық- дәрігерлік-педагогикалық кеңес комиссиясының тәрбиелеу немесе оқыту мерзімінің көрсетілуімен мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттілігі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Мектептен анықтама (тоқсан сайын);
Тармақша 6
6) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 7
7) Абай ауданының зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының анықтамасы. Мектеп анықтамасынан басқа ұсынылган құжаттардың қолданылу мерзімі - бір жыл.
Тармақ 7
7. Қамқор кісінің (қамқоршы) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішіне қамқорлық (қамқоршылық) белгілеу туралы тиісті орган шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті алу құқыгы мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе оны алмастыратын адамның өтінішімен тоқсан сайын расталады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде бөлім жанынан құрылган тұрақты жұмыс істейтін комиссия қабылдайды.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның белгілеген тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мөлшері - 6 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау хабарласқан айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек алушыға жеке іс жүргізіледі, онда ұсынылған барлық құжаттар, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы комиссия хаттамасы сақталады. Тиісті құжаттармен қоса өтініш берген ай хабарласқан ай болып есептеледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 13
13. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмекті төлеу Абай ауданының банкілері арқылы алушылардың дербес есеп шоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Бөлім тағайындалған және төленген сомалар туралы есептемені Абай ауданының қаржы бөліміне тоқсан сайын, келесі тоқсан айының 5-не дейін ұсынады.
Тармақ 15
15. Абай ауданының банкілері бөлімшелері төленген әлеуметтік көмек сомаларына салыстыру актілерін дайындап, тоқсан сайын оларды бөлімге ұсынады.
Басқа 2. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету ҚАҒИДАСЫ
«Ауданның кейбір санаттағы тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы» 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 04/22 аудандық әкімиятының қаулысымен бекітілді № 2 қосымша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету ҚАҒИДАСЫ Осы қағида 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Реслубликасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына сәйкес, 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Президенттің заң күші бар Жарлығына сәйкес дайындалған. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады тіршілік әрекетін игеру мен өтемақы қамтамасыз ету жағдайларын құру және қоғам өмірінде оларды басқа азаматтармен тең қатарлы мүмкіндіктерін құруды қамтамасыз етеді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган болып табылатын Абай ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (бұдан әрі - бөлім) жүргізеді және көмек ретінде Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға беріледі (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындаумен төлеу тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтініш негізінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға төленетін әлеуметтік көмекті Абай ауданының бюджеті қаржыландырады (Бюджеттік топтастыру коды 258030033).
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау бөліміне әлеуметтік көмек көрсету туралы жазбаша өтініш беріледі, оған келесі құжаттар тіркелуі тиіс:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке куәлігі, құжаттары;
Тармақша 2
2) мүгедектер үшін - мүгедектік тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгіде) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) паспорт столы, селолық және кент өкімі растаған жергілікті жерде мекендеуі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғалар үшін әскери комиссариаттан берілетін анықтама.
Тармақ 5
5. Өтінішті қарастырғанда комиссия хаттама жазады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету түрлері және мерзімдері
3. Әлеуметтік көмек көрсету түрлері және мерзімдері
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) 3600 теңге көлемінде ортопедиялық протездеу үшін Алматы қаласына баратын жолда тегін жүруге;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға 9 мамыр мерекесі Күні қарсаңында 1000 теңге көлемінде бір рет берілетін әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) Мүгедектер Күні қарсаңында мүгедектерге 1000 теңге көлемінде бір рет берілетін әлеуметтік көмек.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия және оның міндеттері
4. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия және оның міндеттері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында комиссия құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) комиссия төрағасы (бөлім меңгерушісі);
Тармақша 2
2) комиссия мүшелері (бөлім мамандары, аудандық әкім аппаратының маманы );
Тармақ 9
9. Комиссияның негізгі міндеті:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша келген азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) даулы және қарама - қайшы мөселелерді шешу.
Тарау 5. 5. Есепке алу, бақылау және есеп беру
5. Есепке алу, бақылау және есеп беру
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларға және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетуді есепке алуды жүргізу, шараларын жүзеге асыру, бақылау, есепке алу, еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау көрсету бөліміне жүктеледі.
Тармақ 11
11. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау көрсету бөлімі аудандық қаржы бөуімі аудандық қаржы бөліміне Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларға және теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындалғаны және төленгені туралы мәліметтер береді.