Об утверждении Правил оказания материальной помощи безработным гражданам на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, еңбекке жарамды тұрғындар арасында жеке және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында:
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері осы Қағидаға сәйкес жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі «Жұмыссыдарға материалдық көмек көрсету жөніндегі Ереже туралы» №153 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету шарттары және тәртібі туралы ҚАҒИДАСЫ
Облыстық әкімияттың «Жұмыссыз азаматтраға өз ісін ашыға және өз бетінше жмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2003 жылғы 19 мамыр № 07/02 қаулысына №1 қосымша Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету шарттары және тәртібі туралы ҚАҒИДАСЫ Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес барынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың кедейшілік және жұмыссыздық, оларды әлеуметтік қордау, еңбекке жарамды және жұмыспен қамтылмаған тұрғындар арасында жеке және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу мақсатында дайындалған. Өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету Қазақстаннның 2030 жыға дейінгі дамуы Стратегиясының «Шетелдік инвестицияның жоғары деңгейдегі дамыған нарықтық экономикасына негізделген экономикалық өсу» ұзақ мерзімді басымдығын және Қазақстан Республикасындағы 2001-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған, еңбек нарығын қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады және өз бетінше жұмысқа орналасуды дамытуға жағдай жасайды, яғни нәтижесі лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін адамның өзі үшін еңбектің белгілі бір түрін тауып, еңбек процессін ұйымдастырғандағы экономикалық іс-имыл. Өз бетінше жұмысқа орналасудың құндылығы кешегі жұмыссыз бүгін де қоғамға қажетті жұмыс түрлерінің жүйесінде, нарықтық қатынастар жүйесінде өз орнын табуымен шектеледі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету (әрі- қарай материалдық көмек) – Қазақстан Республикасының заңдарына қарсы келмейтін мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен берілетін төлеусіз және қайтармасыз төлемдер.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек алуға Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 1 бабында көрсетілген, (жұмыссыздар – жұмысқа жарамды жастағы, жұмысы, еңбек айлығы (табыс) жоқ, қолайлы жұмыс іздеуші және оған кірісуге әзір азаматттар) заңға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарды тіркелген жұмыссыз азаматтар құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 1 бабына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган – жергілікті атқарушы органның аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздықпен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдылық бөлімшесі (әрі қарай – өкілетті орган).
Тармақ 4
4. Комиссия (аудандық, қалалық) қала, аудан әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комииссия (әрі қарай - комиссия).
Тармақ 5
5. Өз бетінше жұмысқа орналасу – өздеріне кіріс әкелетін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмысқа жарамды азаматтар (Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 1 бабы).
Тармақ 6
6. Материалдық көмек келесі принциптерге негізделеді: -Материалдық көмектің жұмыссыз азаматтар үшін қолайлы болуы; -Материалдық көмек алушыларды іріктеу және өз ісін ашуға және өзбетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге қаржы бөлу тәртібінің және шарттарының айқын болуы;
Тарау 2. 2. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі және шарттары
2. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі және шарттары
Тармақ 7
7. Материалдық көмек алу жұмыссыздар тұрғылықты орны бойынша өкілетті органға, ал селолық елді- мекендерде тұратын жұмыссыздар кент, ауыл (село), ауылдық селолық округ әкіміне өтініш тапсырады. Өтініш жеке басы куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СЖН), әлеуметтік жеке код (ӘЖК) беру туралы куәлігі және еңбек қызметін растайтын құжаттар көрсетілген кезде жеке қабылданады. Өтініште жоспарланып отырған қызмет түрі көрсетіледі, жоспар (идея) негіздемесі, базарға шығу жоспары, өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің және сервистің және осы өнімді және қызмет көрсетулердің көзделіп отырған тұтынушыларының сипаты көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Өкілетті орган немесе кент, ауыл (село) өтінушілер құжаттарын тіркейді және оларды комиссияға жібереді. Комиссия өтінішті алған күннен бастап бес күндік мерзім ішінде әрбір жұмыссыз бойынша жеке қорытынды дайындайды және оны өкілетті органға жібереді.
Тармақ 9
9. Өкілетті орган комиссия қорытындысын алған күннен бастап бес күн ішінде материалдық көмек тағайындау (тағайындамау) туралы шешім қабылдайды. Шешім әрбір жұмыссыз бойынша жеке қабылданады. Қабылданған шешім туралы жұмыссыз жазбаша түрде хабардар болады.
Тармақ 10
10. Өкілетті органдар материалдық көмекті төлеуді жұмыссыз азаматтардың тиісті банк операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде немесе ұйымдарда ашқан есеп-шоттарына жүргізеді.
Тармақ 11
11. Өкілетті органматериалдық көмек көрсетілген сәттен бастап жеке тіркеу кәртішкесінде «өз ісін ашу» кәртішкені жабу себебін көрсете отырып, жұмыссызды есептен шығарады.
Тармақ 12
12. Бегісіз есептерге байланысты ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға, оқытуға және қайта оқытуға қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі өкілетті органның шешімі бойынша алты айға материалдық көмек алу құқығынан айырылады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек беру мөлшері және жиілілігі
3. Материалдық көмек беру мөлшері және жиілілігі
Тармақ 13
13. Материалдық көмек Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен жыл сайын белгіленген жиырма еселі айлық көрсеткіш мөлшерінде анықталады.
Тармақ 14
14. Материалдық көмек жұмыссызға жылына бир рет беріледі.
Тармақ 15
15. Материалдық көмек жергілікті бюджет қаржылары есебінен «Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шаралар» 33 шағын бағдарламасына сәйке ақшалай түрде көрсетіледі.
Тарау 4. 4. Материалдық көмектің тиімді пайдаланылуын Бақылау және жауапкершілік
4. Материалдық көмектің тиімді пайдаланылуын Бақылау және жауапкершілік
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша материалдық көмек көрсету шарттарының сақталуына бақылау жасайды.
Тармақ 17
17. Материалдық көмекті мақсатсыз пайдаланаған немесе материалдық көмекті алу шарттарын сақтамаған кезде жұмыссыз материалдық көмек алуға қайта өтініш жасау құқығынан айырылады.
Тармақ 18
18. Осы Ережені бұза отырып, материалдық көмек бөлу жауапкершілігі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оң қорытынды берген тұлғаға жүктеледі.
Тармақ 19
19. Материалдық көмектің мақсаты пайдаланылуына және өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін жүргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігін бақылау жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі өкілетті органдарға жүктеледі.