Об улучшении оказания услуг населению Государственной автомобильной инспекцией области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың Мемлекеттік автомобиль инспекциясының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Облыс әкімінің 1993 жылғы 15 наурыздағы № 50 шешіміне сәйкес облыстық Мемавтоинспекциясы жол қозғалысы қауіпсіздігі қорымен бірлесіп, халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту жолында елеулі қызмет атқарып келеді. Бұл мерзім ішінде 6 автомобиль, электрондық есептеу жүйесінің, кезекші бөлімшесінің және әкімшілік тобының жұмыстары үшін 8 компьютер, сондай-ақ тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсартуға жағдай туғызатын басқа да техника сатып алынды. Жол қозғалысы қоры есебінен электрондық есептеу жүйесінде жұмыс істеуге қосымша штаттан тыс қызметкерлер тортылды. Әйтседе, Мемавтоинспекциясы азаматтарға қызмет көрсетуде едәуір кемшіліктерге жол беруде. Электрондық есептеу жүйесінде, әкімшілік бөлімінде құжаттарды ресімдеу жұмыстарындағы оралымсыздықтар салдарынан кезек күтушілердің көп болуы көпшілік азаматтардың жеке және жұмыс уақыттарын рәсуа етіп, тұрғындар арасында наразылық туғызуда. Мемавтоинспеқциясының жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық Ішкі Істер басқармасының Мемлекеттік автоинспекциясына /Маковский/ бір айлық мерзімдік уақыт ішінде кезек күтушілік пен нәтижесіз шығындарды жою жөнінде іс жүзіндегі іс-қимыл жоспарын жасап, облыс әкімі аппаратына табыс ету тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Мемавтоинспекциясының қызмет көрсетуінен түскен қаржылар жол қозғалысы қорының арнаулы шотына аударылатын болсын. Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетпен бірлесіп автокөлікті тіркеу бойынша қосымша ақылы қызмет көрсету тізбесін әзірлеп бекітсін. Ақылы қызмет көрсету түсімдері сомасының 30 процентінің облыстық бюджетке жыл сайын аударылып отыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мемавтоинспекциясына "А" немесе "В" нысандарында жүргізушілер даярлау курстары жоқ елді мекендерде тұратын тұлғалардан бұл нысандарда жүргізушілік куәлігін алу емтиханын қабылдауға рұқсат етілсін. "А" нысанына емтихан тапсыруға жіберілген азаматтардан 3000 теңге, "В" нысанына -5000 теңге төлем алынады. Бұл сомалар жол қозғалысы қауіпсіздігі қорының шотына, одан әрі олардың 50 проценті облыс бюджетіне аударылады. Облыс әкімінің 1993 жылғы 15 наурыздағы №50 шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.