О порядке периодичности передачи бюджетных изъятий, передаваемых из бюджетов районов (городов) в областной бюджет и выделения субвенций из областного бюджета в бюджеты районов (городов) Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алымдардың берілуі мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзімділігінің тәртібі
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13.01.2004
№ 4-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүесi туралы» Заңының 8 бабының 2-1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат шешiм еттi:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының мәслихаттарымен келiсiлген «Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлудің мерзiмдiлiгiнiң тәртiбi» бекiтiлсiн. (қосымша)
Тармақ 2
2. «Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлу мерзiмдiлiгi мен тәртiбi және облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджетке субвенция бөлудiң шарттары туралы» Ереже жөнiндегi облыстық мәслихаттың 2001 жылдың 5 маусымындағы №12-2 шешiмiнiң күшi жойылсын.
Басқа 3. Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзiмдiлiгiнiң ТӘРТIБI.
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 19 сәуiрдегi №30-3
шешiмiне қосымша
Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзiмдiлiгiнiң ТӘРТIБI.
Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңының 8-бабының 2-1 тармағына сай әзiрленген және тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекiту туралы шешiмдi орындау үшiн аудандық (қалалық) бюджеттерге облыстық бюджеттен субвенция (әрi қарай субвенциялар) бөлу және облыстық бюджетке бюджеттiк алымдар (әрi қарай бюджеттiк алымдар) аударуды қамтамасыз ететiн төменгi бюджеттермен өзара қарым-қатынас тетiгiн анықтайды.
Тарау 1. 1. Бюджеттiк алымдар
1. Бюджеттiк алымдар
Тармақ 1.1
1.1. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешiм күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмiнде бiр жылға белгiленген бюджеттiк алымдар көлемiнен бюджеттiк алымдар мерзiмдiк пайызын (әрi қарай алымдар пайызын) анықтайды және оны аудандар (қалалар) әкiмдерiне мәлiмдейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Алымдар пайызы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешiмiмен белгiленген бюджеттiк алымдар мөлшерiмен және аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң кiрiстер көлемiмен анықталады.
Тармақ 1.3
1.3. Аудандардың (қалалардың) әкiмдерi облыстық қаржы басқармасы мәлiмдеген мәслихаттар бекiткен тиiстi бюджеттердiң шығыс бөлiгiнiң пайыздарына қарай бюджеттiк алымдардың ай сайын бөлiнуiн қарап отырады.
Тармақ 1.4
1.4. Бюджеттiк алымдарды аударуды бюджеттiк алымдардың бекiтiлген көлемiнiң шегiнде қаржылық рұқсат етудi ашу және аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерiнiң ағымдағы шотынан бюджеттiк алымдардың пайыздары мен күннiң қорытындылары бойынша аудандық (қалалық) бюджеттерi кiрiстерiнiң негiзiнде есептелген сомаларда облыстық қаржы басқармасының аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi жүргiзедi. Аудандық қалалық қаржы бөлiмдерi тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп жасау кезiнде, шығыс бөлiгiне өздерiнiң есеп шоттарынан шығаруын бюджеттiк алымдардың сомаларын көрсетедi.
Тармақ 1.5
1.5. Аудандық (қалалық) бюджеттерден күннiң қорытындысы бойынша бюджеттiк алымдар сомасын есептеген кезде мынадай түсiмдер есепке алынбайды:
заңда белгiленген тәртiппен бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң несиелiк берешектерi есебiне өтелетiн шаруашылық субъектiлерiнiң бюджетке төлемдерi бойынша берешектерi;
бюджеттен бұрын берiлген несие бойынша қайтарулар мен сый ақылар (мүдделер) сомасы.
Тармақ 1.6
1.6. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын бюджеттiк алымдардың артық төленуi мен кем төленуiн анықтайды және оны үш күн мерзiмде тиiстi аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерiне хабарлайды.
Аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi:
бюджеттік алымдар артық төленген жағдайда алдағы айлар үшiн кезектi бюджеттiк алымдар сомасын табыстауда артық төленген сома шегерiлiп қалады;
оның алдындағы айдың аяғындағы есеп бойынша бюджеттiк алымдар кем төленген болса кем төлеудiң мөлшерi қалпына келтiрiлгенге дейiн күннiң басындағы алымдағы шотындағы қалдықтың 50.0 пайызынан асырмай осы Ереженiң 1.4 тармағына сәйкес айқындалған сомаларда артық бюджеттік алымдарды жүргiзедi.
Тармақ 1.7
1.7. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң кiрiс болжамы орындалмаған жағдайда бюджеттiк алымдар олардың атқарылуына сайма-сай жүргiзiледi және осы Тәртiптiң 1.4 және 1.6 тармақтарында белгiленген шарттар ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 1.8
1.8. Бюджеттік алымдар сомасы облыстық бюджет туралы шешiмiмен белгіленген көлем шегiнде және аудандық (қалалық) бюджеттердің қаржыландыру жинақ жоспарына сәйкес алымдар сомасын айларға бөлу арқылы қаржы жылы бойы берiледi. Айдың iшiнде облыстық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алымдардың сомасы тиiстi бюджеттің қаржыландыру жиынтық жоспарында анықталған бюджеттік алымдар сомасынан асқан жағдайда белгіленген тәртіппен аудандық (қалалық) бюджеттердің қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзiледi.
Тармақ 1.9
1.9. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік ағымдар бойынша түпкiлiктi есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы аудандар (қалалар) бюджеттеріне жыл бойы iс жүзүнде қалыптасқан түсiмдердiң негiзiнде есептi кезеңде жүргiзiледi.
Тармақ 1.10
1.10. Бюджеттік алымдардың толық және уақытылы аударылуының жауапкершiлiгiн аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Субвенция
2. Субвенция
Тармақ 2.1
2.1. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешім күшіне енгеннен кейiнгi екі апта мерзімде аудандық қалалық қаржы бөлiмдерiнiң келiсiмдерi бойынша субвенция сомасын айларға бөлудi анықтайды және оны аудандар (қалалар) әкiмдерiне жеткiзедi.
Тармақ 2.2
2.2. Субвенция сомасын айларға бөлу бюджетке төлемдердiң белгiленген мерзiмiне қарай, сондай-ақ алдағы жылдардың орташа айлық табыс түсiмдерiнiң өсу қарқынына және басқа да болжамдық көрсеткіштерге қарай анықталады.
Тармақ 2.3
2.3. Аудандар (қалалар) әкiмдерi облыстық қаржы басқармасы жеткізген бөлулерге қарай тиiстi бюджеттердің кiрiс болжамына мәслихаттар бекіткен субвенцияның айлық бөлуiн қарайды.
Тармақ 2.4
2.4. Облыстық қаржы басқармасы субвенцияның бекiтiлген шегi көлемінде ағымдағы шоттан қаржылық рұқсат етудi ашу жолымен субвенцияны аударуды жүргiзедi.
Тармақ 2.5
2.5. Ағымдағы қаржы жылы үшін субвенция көлемі бойынша түпкiлiктi есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы облыстық жергiлiктi бюджеттеріне іс жүзінде жыл бойы қалыптасқан түсiмдер негiзiнде, есептi кезеңде жүргiзiледi.
Тармақ 2.6
2.6. Субвенцияның толық және уақытылы аударылуын бақылауды облыстық қаржы басқармасы iске асырады.