О мерах по обеспечению противопожарной безопасности на лесных массивах области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың орман алаптарында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Соңғы жылдары облыстың бiрқатар аудандарында орман алаптарындағы табиғат қорғау жұмыстары нашарлап кеттi. Өрт флора мен фаунаға орасан зор экономикалық зиян келтiруде. Тек өткен жылы болған 15 өрттiң салдарынан 172 га астам ағаш өсiмдiктерi өртенiп кеттi. Күртi, Балқаш, Iле және басқа аудандардың өзен сағаларындағы тоғайлы ормандарда өрт шығу жағдайы жиеледi. Тұрғындар арасында түсiндiрме жұмыстар нашар жүргiзiледi. Кiнәлi адамдарға, олардың iшiнде бекiтiлiп берген аумақтарда өртке және от жағуға жол берген ауылшаруашылық кәсiпорындардың басшыларына материалдық жауапкершiлiк жүктелмейдi.
Ормандарда өртке жол бермеу, өрт шыққан жағдайда оны дер кезiнде жою мақсатында облыс әкiмi ШЕШIМ еттi:
Тармақ 1
1. Аудандардың және селолық (поселкелiк) округтердiң әкiмдерi, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, облыстық орман шаруашылығы бiрлестiгi, Iле-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғат бағы, орман қорына жақын жатқан жер учаскелерiн иеленушi ауылшаруашылық құрамалардың басшылары:
- әрбiр ауылшаруашылық кәсiпорын, орман және аңшылық шаруашылығы, Iле-Алатау табиғат бағының аймақтық бөлiмшесi бойынша ормандарды өрт қауiпсiздiгi Ережесiн сақтау және профилактика жүргiзуге ерекше көңiл бөле отырып, ормандарды өрттен қорғау жөнiнде нақты шаралар жасасын және бекiтсiн;
- барлық ауылшаруашылық кәсiпорындардың, шаруа қожалықтарының, орман маусымына дайындығын, өрт жағдайында басқа жақтан өрт сөндiруге адамдар тарту үшiн өрт сөндiру құралдарының бар жоғына баса көңiл бөле отырып тексерсiн;
- ормандағы өрттi сөндiру үшiн күштер және техникалық құралдар тартудың тәртiбiн бекiтсiн, жұмылдырылған адамдарды көлiкпен, тамақпен және медициналық жәрдеммен қамтамасыз ететiн болсын;
- өрт қаупi сақталған кезеңге арнайы бөлiмшелер құрсын және олардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етсiн;
- өз шешiмдерiмен жоғары қаупi сақталған кезеңде орман алаптарына автокөлiктердiң және азаматтардың келуiн шектесiн;
- әр орман өртi жағдайын тиiстi құжатпен рәсiмдеп отырсын және оларды - кiнәлi адамдарды, оның iшiне, лауазымды адамдар-жер пайдаланушыларды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау органдарына жолдап отырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман шаруашылығы бiрлестiгi (В.Ф.Чукарин), Iле-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғат бағы (А.А.Бегiмбетов) ормандарды авиациялық қорғау базасының авиабөлiмшесi (Г.Ф.Черкасов):
- авиаорманқорғау қызметi үшiн ұшақтар бөлуге Боралдай бiрлескен авиотрядпен (Т.И.Ахметов) келiсiм-шарттар жасасын;
- патрульге шығудың саны мен кестесiн келiссiн, өрт десантының нәтижелi жұмысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Аудандардың әкiмдерi, облыстық орман шаруашылығы бiрлестiгi (В.Ф.Чукарин), Iле-Алатау мемлекеттiк ұлттық бағы (А.А.Бегiмбетов) облыстық экобиоресурстар басқармасы (Б.Ұлдарбеков) облыстық табиғат қорғау қоғамының Кеңесi (Л.Ю.Гирш) ормандарды өрттен қорғау мәселелерi жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсiндiрме жұмыстарын кеңiнен жүргiзсiн.
Бұл шешiмнiң орындалу туралы жыл сайын шiлде және желтоқсан айларында хабарлама берiлiп отырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң осы мәселе жөнiндегi 1994 жылғы 2 мамырдағы N 1-156 қаулысы бақылаудан алынсын.
Тармақ 5
5. Бұл шешiмнiң атқарылуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Омаровқа жүктелсiн.