Об утверждении Правил распределения резерва на инициативы Президента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберген кезде қаржыландыруды көздейтін ұсыныстар бойынша бюджет қаражатының қажеттілігін ұсынады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауларынан және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларынан кейін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, қаражат сомасын және шығыстар бағытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Қаражат бюджеттік бағдарламалардың бірнеше әкімшісіне бір мезгілде бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Тармақ 7
7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарауды келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған және/немесе ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын пысықтауға қайтарады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының пысықталған жобасын ол қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Тармақ 9
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша қорытынды қалыптастырады және 5 жұмыс күнi iшiнде қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қорытындыны келіскеннен кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қорытындымен бірге Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаражат бөлу туралы шешімі қабылданғаннан кейін бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 5 жұмыс күні ішінде тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бөлінген қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде резервтен қаражат алған мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаның кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Президентінің орта мерзімді сипаттағы екінші және одан кейінгі жылдарға арналған бастамаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
________________________