Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімшілігінің 2006.08.01 N 22-81 Қаулысымен "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі 337 Жарлығын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-ІІ Заңының 6 бап, 1 тармағы, 12 тармақшасын; 31 бап,1 тармағы, 17 тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ қылмыстық жағдайлардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру, осы бағыттағы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, қоғамдық әрі қарулы күштер құрылымдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында, қала әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімі жанындағы консультативті-кеңесші орган - қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің құрамы қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын 1 қосымша.
Тармақ 3
3. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін 2 қосымша.
Тармақ 4
4. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің мәжілісін өткізу күні-әр айдың соңғы жұма күні болып бекітілсін.
Тармақ 5
5. "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құру туралы" қала әкімшілігі 2003 жылғы 29 қаңтардағы 6 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.С.Мәкімовке жүктелсін. Қала Әкімі Қала әкiмшілігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы N 24 қаулысына N 1 қосымша Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ Төраға: Қала әкімі - С.Зеленский; Төрағаның орынбасары: Қала әкімі басшысы - Т.Мәкімов; Хатшы: бас маман-заң кеңесшісінің міндетін атқарушы - А. Қамбарова. Кеңес мүшелері:
Тармақ 1
1. Әділбеков Ә.Б. - қала прокуроры келісім бойынша;
Тармақ 2
2. Әлібаев А.Д - қалалық мәслихаттың хатшысы келісім бойынша;
Тармақ 3
3. Алпысбаев Қ.А. - Қапшағай қаласының мамандандырылған күзет қызметі бөлімшесінің бастығы келісім бойынша;
Тармақ 4
4. Ахметов Б.У. - Қапшағай қалалық сотының төрағасы келісім бойынша;
Тармақ 5
5. Қойбақов Т.М. - Қапшағай әскери гарнизонының сардары келісім бойынша;
Тармақ 6
6. Қолжанов С.Қ. - әскери прокурор келісім бойынша;
Тармақ 7
7. Лұқманов Б.А. - әскери-тергеу басқармасының бастығы келісім бойынша;
Тармақ 8
8. Нұрахметов С.Т. - қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы;
Тармақ 9
9. Садықов Б.Т. - Алматы облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аға өкілетті өкілі келісім бойынша;
Тармақ 10
10. Сахвалиев Т.М. - қала әкімінің кеңесшісі;
Тармақ 11
11. Тлеубердин М.А. - салық комитетінің төрағасы келісім бойынша;
Тармақ 12. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
12. Юнусов Ө.А. - Қапшағай аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы келісім бойынша. Қала әкімі аппаратының басшысы Қала әкiмшілігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы N 24 қаулысына N 2 қосымша Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Бұдан былай "Кеңес" деп аталатын қала әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі қалалық Кеңес консультативтік - кеңесші орган болып табылады әрі ол құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және сақтандыруға қатысты салиқалы шаралардың нәтижелілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың қылмыс сипатындағы көріністеріне қарсы іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында құрылған.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарын, осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңестің жеке құрамын қала әкімі анықтайды. Кеңес мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Мыналар Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресуді ұйымдастыру салаларындағы атқарушы, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдары қызметтерінің ведомствоаралық үйлестірілуін қамтамасыз ету, заңдылықтар мен құқық тәртібін нығайту;
Тармақша 2
2) қылмыстық жағдайларды саралау, құқық бұзушылық пен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүргізудің кешенді іс-шараларын әзірлеу әрі жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыс жасалуына ықпал етуші себеп - салдарларды анықтау;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтың алдын алу мен сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресудегі ұйымдық шараларды қамтамасыз ету бойынша сипаттамалар мен ұсыныстар әзірлеу.
Тармақ 3. 3. Кеңес құзыры
3. Кеңес құзыры
Тармақ 3.1
3.1. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге орай келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құқық қорғау, сот органдарының, прокуратуралардың, қуатты құрылымдардың қылмыспен күресуі мәселесі бойынша осы проблемаға кешенді түрде кірісу жұмыстарының тәжірибесін зерттейді;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің әкім аппаратының комитеттерімен, басқармаларымен, бөлімдерімен орындалуының жағдайын зерттейді.
Тармақ 4. 4. Кеңес өкілеттігі
4. Кеңес өкілеттігі
Тармақ 4.1
4.1. Негізгі қызметтерді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысында Кеңес мыналарға өкілетті:
Тармақша 1
1) Кеңеске жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен құжаттарды бөлімдерден, комитеттерден, басқармалардан, мемлекеттік басқармалардың басқа да органдарынан талап ету;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша өз мәжілістерінде қала әкімі аппаратының бөлімдері,  комитеттер мен басқармалар басшыларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) қылмысқа қарсы күрес жағдайын саралау және тексерулер жүргізген кездерде қажеттілігіне орай кез келген мемлекеттік органдар әрі қала мекемелерінің мамандары мен қызметкерлерін жұмысқа тартады.
Тармақ 5. 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Жұмыс жоспар негізінде жүзеге асырылады. Кеңес мәжілісі әр айда кемінде бір рет, сондай-ақ қажеттілікке орай өткізіліп тұрады.
Тармақ 5.2
5.2. Кеңес мәжілісін оның төрағасы, болмаса өзінің тапсыруына орай орынбасары немесе басқа да Кеңес мүшелері жүргізеді. Кеңес мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқылы.
Тармақ 5.3
5.3. Кеңес шешімі қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады, хаттама ретінде ресімделіп, оған төраға қол қояды әрі атқарушыларға жіберіледі. Қала әкімі аппаратының басшысы