Об утверждении Правил формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 6 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 69 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22368 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығына қосымша Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 324-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібін (бұдан әрі – Тізбе) айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аукциондық сауда-саттық – аукцион негізінде электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді орналастыру жоспарын ескере отырып, осы объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
Тармақша 2
2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – уәкiлеттi орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржы орталығы (бұдан әрі – есептік-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында оларды термиялық өңдеу процесі;
Тармақша 5
5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда – саттыққа қатысушы-аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыда тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған тұлға;
Тармақша 6
6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
Тармақша 7
7) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергия өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары.
Тармақ 3
3. Тізбе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге арналған.
Тарау 2. 2-тарау. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологияларды іріктеуді жүзеге асыру, энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу және аукциондық сауда – саттық өткізу үшін елді мекендер тобын айқындау үшін уәкілетті органның шешімімен тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, ол төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссияның құрамы оның жалпы мүшелер санының кемінде 30 пайызы мөлшерінде тәуелсіз сарапшылардың өкілдерін міндетті түрде енгізу ескеріле отырып қалыптастырылады. Комиссияның құрамын уәкілетті орган айқындайды. Комиссия құру туралы шешім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия құрылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындау туралы шешім қабылдайды. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындау туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы Комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган Комиссияның тиісті хаттамасын қоса бере отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін Комиссияның энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындауы туралы ақпаратты аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыдан аукциондық сауда-саттықты өткізу туралы ақпаратты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында тізбені қалыптастыру үшін өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің басталуы мен аяқталу күні туралы ақпаратты жариялайды.
Тармақ 8
8. Тізбе аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыдан тіркеуден өткен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қатарынан қалыптастырылады. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүдделі заңды тұлғалар және (немесе) консорциумдар және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тізбеге енгізуі олар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген және олар ұсынатын технологиялар уәкілетті орган бекітетін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қатысушылар Тізбеге енгізу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда – саттыққа қатысушыларға (бұдан әрі – өтініш берушілер) қойылатын талаптар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өтінім берушінің немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға, әріптестікке қатысушылардың кез келгенінің құрылыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) объектіні және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалану тәжірибесінің кемінде 8 (сегіз) жылын құрайды;
Тармақша 2
2) өтінім беруші немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға, әріптестікке қатысушылардың кез келгені энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылысын жүзеге асырса, ол жылына кемінде 8 000 сағат жұмыс істейді;
Тармақша 3
3) өтінім беруші ұсынған технологияның Еуропалық парламенттің және Еуропалық Одақ Кеңесінің 2010/75/ЕО Директивасына баламалы экологиялық талаптарға сәйкестігі «өнеркәсіптік шығарындылар туралы (ластануды кешенді болдырмау және оны бақылау туралы)»;
Тармақша 4
4) консорциум немесе әріптестік қатысқан кезде консорциум немесе әріптестік қатысушыларының бірі консорциалдық келісім бойынша негізгі әріптес болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болады;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын консорциумға қатысушылардың бірінің мынадай өлшемшартқа сәйкестігі: Қазақстан Республикасында қалдықтарды қайта өңдеуде және (немесе) кәдеге жаратуда кемінде 3 (үш) жыл тәжірибе.
Тармақ 11
11. Өтініш берушілер осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растау үшін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін комиссия мүшелеріне қазақ және орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резиденті-өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы мәліметтер немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын өтініш берушіні тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы, оның ішінде өтініш берушімен бірге консорциумдардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты апостиль қойылған мәліметтер;
Тармақша 3
3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату технологиясының негізгі сипаттамаларын, оның ішінде шығарындылар мен төгінділер бөлігінде экологиялық талаптарға сәйкестігін;
Тармақша 4
4) өтінім берушінің немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға қатысушылардың кез келгенінің кемінде 5 (бес) объект салу тәжірибесі және энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдаланудың кемінде 8 (сегіз) жыл тәжірибесі туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің жұмыс істеуі туралы ақпарат жылына кемінде 8 000 сағат;
Тармақша 6
6) негізгі қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын консорциумға қатысушылардың (консорциумның қатысуы кезінде) құқықтары мен міндеттерінің аражігін ажырататын консорциалдық келісім;
Тармақша 7
7) өтініш берушінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті-консорциумға қатысушылардың бірінің осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 8
8) тізбеге енгізуге өтініш берген сәтте өтініш берушіге қатысты банкроттық немесе тарату рәсімдері жүзеге асырылмайтыны туралы кепілдік хат. Өтініш берушілер құжаттардың түпнұсқаларын немесе құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Түпнұсқалары шет тілінде жазылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса беріледі. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын құжаттар бірегей қағаз құжаттардан сканерленген көшірмелер болып табылады. Бастапқыда электрондық түрде қалыптастырылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған немесе қол қойылған құжаттар электрондық файлдың атауын қоса алғанда, өзгертуге және (немесе) толықтыруға ұшырамаған түпнұсқа электрондық құжат түрінде қоса беріледі.
Тармақ 12
12. Комиссия осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Тармақ 13
13. Құжаттар және (немесе) олардағы мәліметтер топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Комиссия осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады. Құжаттар және (немесе) мәліметтер толық ұсынылған кезде Комиссия оларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Тармақ 14
14. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзімдер шегінде Өтініш берушінің және оның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологиясының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім шығарады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Тізбені қалыптастыруды уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде Экология кодексінің 324-бабының 6 тармағына сәйкес бұйрық нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Тізбе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітіледі және оны уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган тізбені қалыптастырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізбеге енгізілмеген өтініш берушілерді комиссия қабылдаған шешім туралы себептерін көрсете отырып, еркін нысанда хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушыны Тізбеге енгізу оның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттықтың сауда сессиясына қатысуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушы Тізбеге енгізілген сәттен бастап осы қатысушы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мәртебесіне ие болады.
Тармақ 20
20. Энергия өндіруші ұйымды уәкілетті орган бекітілген тізбеден мынадай жағдайларда алып тастайды:
Тармақша 1
1) егер қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің иесі уәкілетті органға тиісті хат жіберу арқылы жобаны одан әрі іске асырудан бас тартса;
Тармақша 2
2) жобаны іске асыру мерзімдерінен ауытқу кезінде;
Тармақша 3
3) егер объектіні салуға арналған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аукциондық сауда-саттық жеңімпазының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату технологиясы энергия өндіруші ұйымды Тізбеге енгізу шеңберінде мәлімделген технологияларға сәйкес келмесе;
Тармақша 4
4) егер энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің иесі Тізбеге енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатыспаса.
Тармақ 21
21. Энергия өндіруші ұйымды Тізбеден алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген жағдайлардың бірі анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Өзекті тізбе тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 23
23. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағымданады.
Тармақ 24
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайда тізбені қалыптастыру процесі уәкілетті органның іс-әрекетіне шағым мәні бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Басқа 1.1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуге өтініш
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша Форма Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуге өтініш Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізуді сұраймын: _____________________________________________________________________ Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Бірінші басшы: ___________________________________________________ Қолы: ______________ Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» __________
Басқа 1.2. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесі
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша Форма Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесі № Энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­ның ата­уы Заң­ды ме­кен­жайы Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық по­шта­сы Қыз­мет тү­рі Мә­лім­дел­ген тех­но­ло­гия (қы­сқа­ша си­патта­ма)