Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат Күшін жойған
Басқа 0
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы
Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары;
Тармақша 2
2) Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру
және қайта бастау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру
және қайта бастау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде ішкі істер органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкер) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;
Тармақша 2
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж болып танылған қызметкерлерге, сондай-ақ Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
Тармақша 3
3) қызметкерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы шешім шығарған жағдайда қызметкердің оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянатының тіркелген күні;
Тармақша 4
4) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;
Тармақша 5
5) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
Тармақша 6
6) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген ішкі істер органдарының құрылым бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше);
Тармақша 7
7) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), ведомстволары, аумақтық полиция органдары, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар;
Тармақша 8
8) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін ішкі істер органдары басшысының шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға оларды Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда алып жүрген қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) сол қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.
Тұрғын үй төлемдерін пайдалану жолымен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу құқығын қызметкерлер бір рет жүзеге асырады.
Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкерлер және (немесе) әскери қызметшілер болса, онда тұрғын үй төлемдері жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтаманы ұсына отырып, баянаттың негізінде ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың тек біреуіне жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қызметкерді Заңның 101-3-бабында белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп тану оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудың негіздемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Қызметкердің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған қызметкерлерді есепке алуды құрылымдық бөлімше жүргізеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді құрылымдық бөлімше қалыптастырған тізімдер негізінде ішкі істер органдарының қаржы бөлімшесі (бұдан әрі – қаржы бөлімше) жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап есептеледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны қызметкер Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.
Тармақ 10
10. Ішкі істер органдары тұрғын үй төлемдерін тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.
Ішкі істер органдары жоспарлаған, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.
Тармақ 11
11. Қаза табуына немесе қайтыс болуына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай қызметкердің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың жеке арнайы шотын жабу «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қызметкер қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкердің қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аз болмайды.
Егер қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы):
Тармақша 1
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
Тармақша 3
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;
Тармақша 4
4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
Тармақша 5
5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.
Тармақ 13
13. Тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқанның (қайтыс болғанның) кәмелетке толмаған отбасы мүшелеріне өткен жағдайда бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарланады.
Тармақ 14
14. Қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін сақталады.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) болған күні алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аз болмайды.
Егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) немесе сырқаттануы қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерді) масаң күйді туындататын заттарды тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан басталғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларда тұрғын үй төлемдері төленбейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 15
15. Тұрғын үйге мұқтаж қызметкерді есепке алуды құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Кезектілік тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні бойынша жасалатын тізімдер бойынша белгіленеді.
Тармақ 16
16. Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерді тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу Заңда белгіленген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Асыраушысынан айырылған қызметкерлердің отбасы мүшелері оларды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз еткенге дейін қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрады.
Тармақ 18
18. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелері оларға өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілгенше өздері тұратын тұрғын үйден шығарылмайды.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жүргізілмейді.
Тармақ 20
20. Тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, ішкі істер органдарынан шығарылған қызметкерлер өздеріне берілген қызметтік тұрғын үйлерді бір ай ішінде тапсырады.
Тарау 3. 3-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі
3-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі
Тармақ 21
21. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың құнын тұрғын үйдің алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғын үй алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 23
23. Ішкі істер органдары тұрғын үй төлемдерін тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
Тармақ 24
24. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда тұрғын үй төлемінің мөлшері аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.
Тармақ 26
Тарау 4. 4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі
4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау
1-параграф. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау
Тармақ 27
27. Қызметкерлердің және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына, ал ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы адамның атына өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат;
Тармақша 2
2) атқарып отырған лауазымы көрсетілген, ішкі істер органдарының кадр бөлімшесі берген отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы (қызметкерлердің отбасы мүшелері болған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәліктердің көшірмелері;
Тармақша 4
4) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің жоқ (бар) екені туралы баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алынған анықтама (анықтаманы қызметкерлер жыл сайын ұсынады);
Тармақша 5
5) зайыбы (жұбайы) мемлекеттік мекеменің (кәсіпорынның) жұмыскері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мынадай:
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы;
өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны немесе біржолғы төлемдерді алғаны немесе алмағаны туралы;
өзіне тұрғын үй төлемдері тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы (ол бар болса);
тұрғын үй төлемдерін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы (ол бар болса);
қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз етілмегені туралы (бар болса) мәліметтер қамтылған жұбайының (зайыбының) қызмет орнынан (жұмыс) анықтама;
Тармақша 6
6) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасы құрамы бойынша алынған, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау шарттарының тізілімінен (қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайының бар немесе жоқ екені туралы) жалдаушы бойынша ақпарат;
Тармақша 7
7) қызметкерге немесе оның жұбайына (зайыбына) бұрынғы қызмет (жұмыс) орны бойынша осындай тұрғынжай берілген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тапсырғаны туралы (акт) анықтама;
Тармақша 8
8) ипотекалық ұйымның алдында негізгі міндеттемесі орындалмаған несиелік берешегі туралы анықтама;
Тармақша 9
9) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) қайда тұратындығы көрсетілген сот шешімінің көшірмесі (сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жойған кезде қызметкер он жұмыс күні ішінде ол туралы мекеменің құрылымдық бөлімшесін хабардар етеді);
Тармақша 10
10) кейбір созылмалы аурулардың («Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 тіркелген) бекітілген аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері бар болса, денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;
Тармақша 11
11) мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;
Тармақша 12
12) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдаланғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 13
13) Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;
Тармақша 14
14) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайларда қызметкер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;
Тармақша 15
15) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда қызметкер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшы берген техникалық қорытындының (тұрғын үйді техникалық тексеріп қарау нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.
Тармақ 29
29. Құрылымдық бөлімше баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.
Осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген қажетті құжаттар болмаған кезде құрылымдық бөлімше құжаттарды қызметкерге пысықтау үшін қайтарады. Қызметкер он жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жояды және құжаттарды құрылымдық бөлімшеге толық көлемде енгізеді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күні берілген болып есептеледі.
Қызметкер құжаттарды пысықтауға қайтарылғаннан кейін уақтылы ұсынбаған немесе ұсынбаған жағдайда құрылымдық бөлімше баянаттарды тіркеу журналына белгі қоя отырып, ұсынылған құжаттарды қарамастан қызметкерге қайтарады. Бұл ретте қызметкер өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген тәртіппен қайта жүгінеді.
Тармақ 30
30. Тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы (тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабын жасау үшін тұрғынжай алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғынжайға мұқтаж деп тануға негіз жоқ екендігі туралы шешім шығарады, ол тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 31
31. Қызметкер Заңның 101-3-бабы талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 32
32. Хабарлама немесе тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзіндіні құрылымдық бөлімше қызметкердің назарына қол қойғыза отырып жеткізеді. Қажет болған жағдайда тұрғын үй комиссиясы отырыстары хаттамасының көшірмелері және (немесе) олардан үзінділер қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде беріледі.
Тармақ 33
33. Қызметкерге жеке арнайы шот ашу үшін құрылымдық бөлімше жасаған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың
тізімін және есебін жасау
2-параграф. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың
тізімін және есебін жасау
Тармақ 34
34. Тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде құрылымдық бөлімше тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тұрғын үй комиссиясының төрағасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.
Тармақ 35
35. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылар сомаларының есебін дайындайды.
Тармақ 36
36. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы дайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі және ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы құрылымдық бөлімше дайындайтын ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды есептеу олардың отбасы құрамы өзгерген, бір елді мекеннен екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орны ауысқан, сондай-ақ лауазымнан тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдар санатына жататын лауазымға тағайындалған кезде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу
5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу
Тармақ 37
37. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:
Тармақша 1
1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орнын ауыстырған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалдау құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, қызметкердің баянаты негізінде шығарылатын ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Қызметкер одан әрі қызмет өткеру үшін басқа өңірге кеткен кезде, егер тиісті шарт Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда кейіннен сатып алатын жалға алуды төлеу үшін жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ол қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.
Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына өзгерген жағдайда оған байланысты отбасының құрамы көбейген отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет өткеретін өңірдегі сомаға сүйене отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Осы Қағидалардың 37-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиғаның нақты басталған кезінен бастап есептеледі. Бұл ретте тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеу күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 40
40. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша анықтаманы қоса бере отырып, дербес ашады.
Тармақ 41
41. Ішкі істер органы, тұрғын үй төлемдерін алушы және банк арасында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үш жақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Шартқа сәйкес ішкі істер органы қызметкердің жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аударады, ал банк қызметкерге Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдеріне билік ету құқығын береді.
Қаржы бөлімшесі шартты және тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналында тіркейді.
Тармақ 42
42. Қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің аударылған және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық есеп карточкасында есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 43
43. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді.
Қызметке кіру және шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 44
44. Қызметкер қызметтен ауысқан, босатылған кезде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі талдамалық есеп карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақша аттестатында өзіне жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.
Тарау 7. 7-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
7-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 45
45. Тұрғын үй төлемдерін алу үшін Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме қабылдаған қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшесі қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда тұрғын үй төлемдерін жалғастыру туралы өтініш;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы қоса ұсынылған, қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен берілген мұрагерлікке құқық туралы куәлік;
Тармақша 4
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы қоса ұсынылған, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 5
5) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін қызметкермен тірі кезінде жасалған, отбасы мүшесіне қайта ресімделген шарт.
Тармақ 46
46. Құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін мыналарды сұратады:
Тармақша 1
1) қалған орындалмаған міндеттемелерді көрсете отырып, ипотекалық ұйымның қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкермен жасалған ипотекалық шарт туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) қызметкерді ішкі істер органдарының жеке құрамының тізімінен шығару туралы кадр бөлімшесі берген бұйрықтың үзінді көшірмесі;
Тармақша 3
3) қызметтік тексеру жүргізген бөлімше берген қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен мән-жайы көрсетілген қызметтік тексеру қорытындысы.
Тармақ 47
47. Құрылымдық бөлімше отбасы мүшесінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бұйрық шығарады және тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар отбасы мүшесімен тұрғын үй төлемдері туралы шартты қайта жасасуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 48
48. Жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің міндеттемесін қабылдаған отбасы мүшесі қаржы бөлімшесіне Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу мақсаттарына жасалған шарт бойынша орындалмаған міндеттемелер сомаларының қалдықтары бойынша ресми мәліметтерді береді.
Тарау 8. 8-тарау. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
8-тарау. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған жағдайда тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 49
49. Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдары санатына жататын қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған жағдайда қызметкер тиісті құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) қызметкерді ішкі істер органдарының жеке құрамының тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірме;
Тармақша 3
3) қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) және ауруының себепті байланысы туралы әскери-дәрігерлік комиссия қаулысының көшірмесі;
Тармақша 4
4) қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе ауыруы фактісін растайтын қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы.
Тармақ 50
50. Құрылымдық бөлімше тұрғын үй төлемдерін жалғастыру туралы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітетін бұйрықты дайындайды және қаржы бөлімшесіне жолдайды.
Тармақ 51
51. Жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар қызметкерлердің лауазымдар санатына кіретін, қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған қызметкер қаржы бөлімшесіне Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша орындалмаған міндеттемелер сомаларының қалдықтары бойынша ресми мәліметтерді ұсынады.
Тарау 9. 9-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау
9-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау
Тармақ 52
52. Қызметкерлерге бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері ішкі істер органдарының бірінші басшысының бұйрығына сәйкес:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар қызметкерлер лауазымдарының санатына кіретін лауазымға қайта тағайындалған жағдайда Заңның 101-11-бабына сәйкес кейіннен сатып алатын жалдау сомасын өтеуге арналған немесе алғаш рет ресімделген ипотекалық кредитті пайдаланған жағдайда – көрсетілген лауазымға тағайындалған күннен бастап;
Тармақша 2
2) қарамағына қабылданғанға дейін ішкі істер органдары жүйесінде тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылған, қарамағына қабылданғаннан кейін тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлер лауазымдарының санатына кіретін лауазымға қайта тағайындалған жағдайда қарамағына қабылданған күннен бастап қайта басталады. Қарамағында болу мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
Тағайындалған тұрғын үй төлемдері тиісті органның қарамағына қабылдана отырып, қызметкердің жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде сақталады.
Тармақ 53
53. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы бірінші басшысының бұйрығына сәйкес:
Тармақша 1
1) қызметкер ішкі істер органынан шығарылған;
Тармақша 2
2) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда, қызметкер тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған;
Тармақша 3
3) қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен шығарылған;
Тармақша 4
4) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алудан бас тартқан;
Тармақша 5
5) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымнан босатылған;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.
Тармақ 54
54. Қызметкер орнын ауыстырған кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері мекеменің бірінші басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады және тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда қызметкер қызмет өткеру үшін келген ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі оларды қайта бастайды.
Тармақ 55
55. Қызметкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздемесін баяндап, хат жолдайды.
Басқа 1. _______________________________________________________ бойынша
(ішкі істер органы – бұдан әрі мемлекеттік мекеме)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін
есептеу, оларды тағайындау, қайта
есептеу, жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
1-қосымша
_______________________________________________________ бойынша
(ішкі істер органы – бұдан әрі мемлекеттік мекеме)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы
Р/с №
Бөлімшенің атауы
Т.А.Ә. (бар болса) (толық)
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы
Төлемдер басталған күн
Тұрғынжай ауданы (3-қосымшаның 7-бағанынан)
Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен)
Ағымдағы тұрғын үй төлемінің айына сомасы (6-баған х 7-баған) (теңгемен)
Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемінің сомасы (7 баған – 50 % (теңгемен)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қызметкер бойынша жиыны
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны
Мемлекеттік мекеменің басшысы
(ІІМ Орталық аппаратын қоспағанда)
______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
Қаржы бөлімшесінің
бастығы
_______________ _________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
Ескертпе:
Тармақша 1
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп–қисабын қаржы бөлімшесі толтырады;
Тармақша 2
2) 1 – 6-бағандардағы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше ұсынады.
_______________________________________
Басқа 2
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
2-қосымша
Басқа 3. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама
(банкке ұсыну үшін)
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта
бастау қағидаларына
3-қосымша
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама
(банкке ұсыну үшін)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 44-3) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____теңгені құрайды.
Мемлекеттік мекеменің басшысы
(ІІМ орталық аппаратын қоспағанда) __________ _____________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
М.О
Басқа 4. ___________________________________________________ бойынша
(мемлекеттік мекеменің атауы)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін
есептеу, оларды тағайындау,
қайта есептеу, жүзеге асыру,
тоқтату, тоқтата тұру және
қайта бастау қағидаларына
4-қосымша
___________________________________________________ бойынша
(мемлекеттік мекеменің атауы)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Р/с №
Бөлімшенің атауы
Т.А.Ә.
(бар болса) (толық)
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы
Отбасы құрамы
Ниет білдірілген тұрғынжайдың алаңы
(ш.м)
отбасы мүшелерінің
(бар болса)
Т.А.Ә.(туыстық дәрежесі)
адамдар саны, оның ішінде қызметкер
1
2
3
4
5
6
7
Қызметкер бойынша жиыны
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны
Тұрғын үй комиссиясының
төрағасы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
Құрылымдық бөлімшенің
бастығы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеретін құрылымдық бөлімше толтырады.
__________________________
Басқа 5. Тұрғын үй төлемдері туралы
ШАРТ
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
5-қосымша
Тұрғын үй төлемдері туралы
ШАРТ
Бұдан әрі «банк» деп аталатын, ______________ негізінде әрекет ететін ____________________банкінің атынан_______________________, бұдан әрі «мемлекеттік мекеме» деп аталатын, ___________________негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің атынан_________________________ және бұдан әрі «алушы» деп аталатын, _______жылғы «___» ______________берген №_______ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін мемлекеттік мекеменің қызметкері ______________ бұдан әрі бірлесіп, «Тараптар» деп аталатындар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «____»______ №___ қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
Тарау 1. 1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;
Тармақша 2
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж болып танылған қызметкерлерге, сондай-ақ Заңның 101-11-бабының 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
Тармақша 3
3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;
Тарау 2. 2. Шарттың нысанасы
2. Шарттың нысанасы
Тармақ 2.1
2.1. Банк алушы анықтаманы (Қағидаларға 4-қосымша), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін алушыға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан тұрғын үй төлемдерін алуы үшін теңгеде жеке арнайы ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – шот) ашады.
Тармақ 2.2
2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны банкте ашылған алушының шотына аударады.
Тармақ 2.3
2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.
Тармақ 2.4
2.4. Банк алушының жеке арнайы шотынан тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
Тармақ 2.5
2.5. Алушы қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда онда Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 2.6
2.6. Алушыға қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін сақталады.
Тармақ 2.7
2.7. Шотты ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес банк, мемлекеттік мекеме және алушы жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Шотты жүргізу
3. Шотты жүргізу
Тармақ 3.1
3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз төлем арқылы түсетін теңгедегі тұрғын үй төлемдерін шотқа аударады;
Тармақша 2
2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымдарын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;
Тармақша 4
4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;
Тармақша 5
5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.
Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.
Тармақ 3.2
3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.
Тармақ 3.3
3.3. Шотты ашу, қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындарын қоспағанда, төлеу күні қолданылатын Банк тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы алушы өз бетінше төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссия шығындары мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.
Тармақ 4.2
4.2. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтаруға құқығы бар.
Тармақ 4.3
4.3. Алушы:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы өзгерген кезде азаматтық хал актілері тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлік алған, сондай-ақ баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етуге;
Тармақша 3
3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде ол туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтқан және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемеге хабарлауға;
Тармақша 4
4) шартты бұзған жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 4.4
4.4. Алушының:
Тармақша 1
1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;
Тармақша 2
2) қызмет өткеру орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқығы бар.
Тармақ 4.5
4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.
Тармақ 4.6
4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептсіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны есептен шығаруға құқық береді.
Тармақ 4.7
4.7. Алушы өз деректемелерінің (жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттарда қамтылған басқа да мәліметтер) өзгеруі туралы олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей банкке жазбаша хабарлауға міндеттенеді.
Тарау 5. 5. Есеп айырысу тәртібі
5. Есеп айырысу тәртібі
Тармақ 5.1
5.1. Тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы өзі ашады және оған өз бетінше қызмет көрсетеді.
Тарау 6. 6. Дауларды шешу тәртібі
6. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.
Тармақ 6.2
6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге қол жеткізбеген кезде даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
Тарау 7. 7. Қосымша шарттар
7. Қосымша шарттар
Тармақ 7.1
7.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.
Тармақ 7.2
7.2. Осы шарт тек Тараптардың келісімі бойынша ғана бұзылуы мүмкін.
Тармақ 7.3
7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 7.4
7.4. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей үш данада жасалды.
Тармақ 7.5
7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 7.6
7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.
Тарау 8. 8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау
8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау
Тармақ 8.1
8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
Тармақ 8.2
8.2. Кез келген жағдайда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекеттерімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.
Тармақ 8.3
8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті осындай операция жүргізу фактісі туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.
Тарау 9. 9. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің
іс-қимыл тәртібі
9. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің
іс-қимыл тәртібі
9.1 Алушы шоттағы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтер алған кезде төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының болмауын анықтаса, мемлекеттік мекеменің басшысына тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателер (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) анықтағаны туралы және оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемдерінің аударылғаны туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен жеке өзіне қатысты үзінділерді беру туралы жазбаша өтініш жолдайды.
Тармақ 9.2
9.2. Мемлекеттік мекеме қателер анықтаған немесе тұрғын үй төлемдерінің сомасын аудару кезінде жол берілген қателер анықталғаны туралы алушының жазбаша өтінішін алған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейіннен аударуды реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының оның шотынан қате аударылған сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.
Тармақ 9.3
9.3. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға өтініште мыналар көрсетіледі: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қатеге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, оның қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтері) қол қойып, мөрмен растауы тиіс.
Тармақ 9.4
9.4. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға өтініші келіп түскен кезде банк өтінішті алған күнінен бастап операциялық он күн ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;
Тармақша 2
2) расталған қате аударылған тұрғын үй төлемдерінің түсімдері бойынша қайтарудың болмауы фактісін тексереді;
Тармақша 3
3) бенефициардың, шотына қате аударылған ақшаны банктің есептен шығаруына келісімінің бар болуын тексереді;
Тармақша 4
4) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерді негіздеумен оны қайтару мүмкін емес екені туралы хабарлайды.
Тармақ 9.5
9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қатеге жол берген жағдайда банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 9.6
9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы кейіннен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді.
Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифтеріне сәйкес төлейді.
Тармақ 9.7
9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.
Тарау 10. 10. Әртүрлі
10. Әртүрлі
Тармақ 10.1
10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
Тармақ 10.2
10.2. Шартқа сәйкес шарт шот жабылғанға дейін жарамды.
Тармақ 10.3
10.3. Шотты жабу Тараптардың келісуі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 10.4
10.4. Осы арқылы алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақшаның қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.
Тарау 11. 11. Шартты өзгерту тәртібі
11. Шартты өзгерту тәртібі
Тармақ 11.1
11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
Тарау 12. 12. Форс-мажор
12. Форс-мажор
Тармақ 12.1
12.1. Егер орындамау тосын мән-жайлар, атап айтқанда, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери іс-қимылдар салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тарау 13. 13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері
13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері
Мемлекеттік мекеме:
_______________________
(толық атауы)
_________________________
(мекенжайы)
________________________
(телефоны)
________________________
(Т.А.Ә.)
________________________
(қолы) ________________________
20__жылғы «___»________
____________________
М.О.
Банк:
_______________________
(толық атауы)
________________________
(мекенжайы)
________________________
(телефоны)
________________________
(Т.А.Ә.)
________________________
(қолы) ________________________
20__жылғы «___»_________
_________________________
М.О.____________________
Алушы:
_______________________
(Т.А.Ә.) (толық)
_______________________
_______________________
(мекенжайы)
_______________________
_______________________
(телефоны)
_______________________
(қолы)
_______________________
20__жылғы «___»_______
________________________
Басқа 6. Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналы
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін
есептеу, оларды тағайындау,
қайта есептеу, жүзеге асыру,
тоқтату, тоқтата тұру және
қайта бастау қағидаларына
6-қосымша
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналы
Р/с
№
Тіркелген күні
Тұрғын үй төлемдерін алушының Т.А.Ә. (бар болса) (толық)
Тұрғын үй төлемдері туралы шарт
Банктің атауы
Қызметкердің жеке арнайы шотының нөмірі
күні
№
1
2
3
4
5
6
7
20 ____ жылғы «_____» _________ __________________________
(күні) (қала, ауыл )
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналын қаржы бөлімшесі толтырады.
_________________________
Басқа 7. Тұрғын үй төлемдерін алушының
№____талдамалық есепке алу карточкасы
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта
бастау қағидаларына
7-қосымша
Тұрғын үй төлемдерін алушының
№____талдамалық есепке алу карточкасы
ЖСН _______________________
_____________________________
Жеке арнайы шоттың нөмірі
____________________________
Банктің атауы
____________________________
____________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20 ___ жылғы «__» ________ № _________
хаттамасымен және
______________________________________________________бұйрығымен:
(мекеменің бірінші басшысы бұйрығының күні, нөмірі)
1) 20 __ жылғы «______» _______бастап тұрғынжайға мұқтаж деп
(күні)
танылды;
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері _________ теңгені құрайды.
(сомасы)
Сыртқы жағы
р/с
№
Кезең
Басындағы сальдо (теңге)
Бір айда есептелгені (теңге)
Аударылды
Соңындағы сальдо
сомасы (теңге)
төлем құжатының нөмірі, күні
төлем құжатының сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Қаңтар
2
Ақпан
3
Наурыз
4
Сәуір
5
Мамыр
6
Маусым
7
Шілде
8
Тамыз
9
Қыркүйек
10
Қазан
11
Қараша
12
Желтоқсан
Жиыны
0
0
Х
х
Мемлекеттік мекеменің басшысы
(ІІМ орталық аппаратын қоспағанда) ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Қаржы бөлімшесінің бастығы _______________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын қаржы бөлімшесі толтырады.
Басқа 8. Тұрғын үй төлемдерін жалғастыруға өтініш
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз
ету, тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
8-қосымша
Кімге:____________________________
(мемлекеттік мекеменің басшысы,
кімнен__________________________
__________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.
(бар болса)
_______________тұратын
тел. _______________
Тұрғын үй төлемдерін жалғастыруға өтініш
Сізден маған ағымдағы тұрғын үй төлемдерін____________________________
___________________________________байланысты жалғастыруды сұраймын
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. ___________________________________
6. ___________________________________
«___» __________ ______ ж. Өтініш беруші ___________________________
(күні) (айы) (жылы) қолы Т.А.Ә. (бар болса)
М.О. Бастық ______________________________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)*
* қызметкер мүгедектікке әкеп соқтырмаған жеңіл немесе ауыр мертіккен (жаралану, жарақаттану, контузия алған)
жағдайда қолы қажет.
Басқа 9. Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының
қызметкерлері лауазымдарының санаттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының
қызметкерлері лауазымдарының санаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Криминалдық полиция департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы күштер және жедел басқару департаменті, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы:
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
департамент бастығының орынбасары (арнайы және кәсіби даярлыққа жетекшілік ететін);
дербес басқарма бастығы;
дербес басқарма бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор;
инспектор;
кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші;
барлық атаудағы кезекші аға инспектор;
барлық атаудағы кезекші инспектор.
Жедел қызмет департаменті
департамент; облыс, қала бойынша басқарма (бөлім):
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;
кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;
кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл;
кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
ұйымдастыру жұмысын және кадрлық жоспарлауды;
қызмет өткеруді ұйымдастыруды;
ұйымдастыру-штаттық жұмысты;
ведомстволық білім беруді ұйымдастыруды;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды;
психологиялық жұмысты ұйымдастыруды;
«Р» департаменті
департамент; облыс, қала бойынша басқарма:
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтастықты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру мәселесі болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Жедел басқарма
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
бастық;
аға инспектор-кезекші;
инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман-психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор-психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма:
кәсіптік даярлық тобының бас маманы;
кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)
бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):
бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер;
аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.
Тармақ 2-1
2-1. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті
Комитет төрағасы;
Комитет төрағасының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)
«Сұнқар» арнайы мақсаттағы жасағы:
жасақ командирі;
жасақ командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
штаб бастығының орынбасары, әрі кезекші бөлімнің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлімнің құрамындағы бөлімше бастығы;
шабуылшы, мерген, жару технигі;
автоброньды танк қызметі жөніндегі аға техник, жүргізуші полицей;
кезекші аға инспектор;
кезекшінің көмекшісі.
Кинологиялық орталық:
орталық бастығы;
орталық бастығының орынбасары;
бөлім (бөлімше, қызмет) бастығы;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың аға жедел уәкілі;
барлық атаудағы аға инспектор;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың жедел уәкілі;
барлық атаудағы инспектор;
жүргізуші полицей;
кезекшінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет бөліністері
мекеме бастығы;
мекеме бастығының орынбасары;
мекеменің басқарма бастығы;
мекеменің басқарма бастығының орынбасары;
полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
бөлім (бөлімше) бастығы;
кезекші бөлімінің бастығы;
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;
ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
бас маман;
барлық атаудағы аға инспектор;
взвод командирінің көмекшісі әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
аға инженер;
барлық атаудағы инспектор;
старшина;
кезекшінің көмекшісі;
барлық атаудағы кіші инспектор;
техник;
инженер;
жүргізуші полицей;
барлық атаудағы полицей.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді (жүргізуші полицейлерді қоспағанда);
ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері:
бастық;
бастықтың орынбасары.
жедел бөлім (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
инспектор;
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;
режимдік бөлім (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
аға өрт сөндіруші;
қарауыл бастығы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы;
кезекші бөлім
колония бастығының кезекші көмекшісі;
колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;
бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)
бастық;
бастықтың орынбасары;
қарауыл бастығы;
қарауыл бастығының көмекшісі;
есептоп бастығы;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
тәрбиеші;
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор – психолог;
инспектор – психолог;
барлық атаудағы инспектор;
арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
бастық;
аға инспектор;
инспектор;
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):
барлық атаудағы дәрігерлер;
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):
бастық;
аға инспектор;
инспектор;
тергеу изоляторлары:
бастық;
бастықтың орынбасары;
жедел бөлім (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник;
режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
корпус бойынша басшы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы;
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;
кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;
кезекші қызмет:
тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;
тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;
арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлім (бөлімше, топ);
бастық;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор – психолог;
инспектор – психолог;
барлық атаудағы инспектор;
арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ):
бастық;
бастықтың орынбасары;
инспектор;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник;
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):
барлық атаудағы дәрігерлер;
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):
бастық;
аға инспектор;
инспектор.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі
бастық;
бастықтың орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;
патрульдік полиция полицейі;
криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:
бөлім, бөлімше бастығы;
бөлім бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кезекші бөлім:
кезекші аға инспектор;
кезекшінің көмекшісі;
уақытша ұстау изоляторы:
бастық;
бастықтың орынбасары;
кезекші полицей;
полицей;
жүргізуші полицей;
айдауыл полицей.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері, Көліктегі полиция департаменттері:
бастық;
бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін);
басқарма (жергілікті полиция қызметі, көліктегі патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығы;
басқарма (жергілікті полиция қызметі, көліктегі патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығының орынбасары;
Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіби даярлық қызметтері:
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
бас криминалист;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл, тергеушінің көмекшісі, техник – криминалист.
барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор.
арнайы бөліністер:
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөліністері:
Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;
арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;
шабуылшы – аға инспектор;
жару технигі – аға инспектор;
мерген – аға инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;
шабуылшы – инспектор;
жару технигі – инспектор;
мерген – инспектор;
полицей, жүргізуші полицей;
арнайы жедел ден қою жасақтары:
арнайы жедел ден қою жасағының командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;
саптық бөліністің аға инспекторы;
мерген - аға инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор (суатқыш машинасының);
кезекші – аға инспектор;
арнайы техника жөніндегі аға инженер;
саптық бөліністің инспекторы;
мерген – инспектор;
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;
инспектор (суатқыш машинасының);
инспектор – психолог (келіссөз жүргізуші);
кезекші – инспектор (оқиға болған орынға шығу үшін);
арнайы техника жөніндегі инженер;
кезекші полицей;
кезекшінің көмекшісі;
жүргізуші полицей.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Жедел басқару орталығы:
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім (бөлімше) бастығы;
бөлім бастығының орынбасары – жедел кезекші;
барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
«102» операторы;
бас маман;
аға инженер;
инженер;
техник.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері), криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);
полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше,полиция бөлімінің бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімі бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл;
тергеушінің көмекшісі;
техник – криминалист;
жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
учаскелік полиция инспекторының көмекшісі;
жедел басқару орталығы, кезекші бөлім:
бастық;
бастықтың орынбасары;
жедел кезекші;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
«102» операторы;
кезекшінің көмекшісі;
бас маман;
аға инженер;
инженер;
техник;
патрульдік полиция, айдауылдау қызметі, жолаушылар пойыздарымен бірге жүретін батальон
полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
взвод командирінің көмекшісі әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
барлық атаудағы полицей;
кезекші бөлімнің бастығы;
кезекші аға инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекші инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекшінің көмекшісі;
кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының аға инспекторы;
кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының инспекторы;
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тылдық қамтамасыз етуді;
ұйымдастырушылық-талдау жұмысын және бақылауды;
штаб жұмысын;
кадрлық қамтамасыз етуді;
техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
уақытша ұстау изоляторлары, арнайы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары:
бастық;
бастықтың орынбасары;
аға инспектор;
инспектор;
взвод командирі;
бөлімше командирі;
жүргізуші полицей;
полицей;
кезекшінің көмекшісі;
старшина;
Кинологиялық қызмет орталығы
бастық;
бастықтың орынбасары;
кинологиялық қызметтің бөлімше бастығы;
кинологиялық қызметтің аға инспекторы;
кинолог аға инспектор;
кинологиялық қызмет инспекторы;
кинолог инспектор;
кезекші инспектор;
кинологиялық қызметтің кіші инспекторы;
кинолог кіші инспектор;
кіші инспектор;
кезекшінің көмекшісі;
жүргізуші полицей;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері:
бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға, медициналық қызметке, сотталғандар еңбегін ұйымдастыруға жетекшілік ететін);
жедел бөлім (бөлімше, топ):
бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кезекші бөлім:
кезекші аға инспектор;
кезекші инспектор;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы;
режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ):
бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор;
сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ):
бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор;
арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ):
бас маман;
аға инспектор;
инспектор;
өзіндік қауіпсіздік тобы:
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):
бас маман – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы):
бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 899 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 290 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 888 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысы.
Тармақ 7
7. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына 2021 жылғы 4 наурыздағы № 122 қаулысы.