Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для нефинансового сектора Қолданыста
Басқа 0
Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3-2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 926 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21300 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігініңҚаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі төрағасының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 4 бұйрығымен бекітілген
Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақтарымен көзделген қаржы мониторингі субъектілері (бұдан әрі – субъект) үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Ішкі бақылау қағидалары субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында іс-қимыл тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Ішкі бақылау қағидалары Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген бағдарламаларды қамтиды.
Субъект ішкі бақылау қағидаларының бағдарламаларына Талаптарда көзделмеген ережелерді енгізуге құқылы.
Тармақ 4
4. Ішкі бақылау қағидалары субъектімен (жоғарғы басқару органымен немесе басшысымен) бекітіледі және жеке кабинетте орналастырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе субъектілердің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ субъектілердің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жасау мақсатында
2-тарау. Субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе субъектілердің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ субъектілердің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 5
5. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты адам) тағайындау тәртібін;
Тармақша 2
2) жауапты адамға жүктелетін өкілеттіктері мен міндеттерін;
Тармақша 3
3) жауапты адамның уақытша болмауы кезінде (демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар) оның міндеттерін жүктеу тәртібін;
Тармақша 4
4) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша функцияларды орындайтын құрылымдық бөлімшенің (болған жағдайда) өкілеттіктері мен міндеттерін.
Мұндай құрылымдық бөлімшені құру туралы шешімді заңды тұлғалар өздерінің құрылымы, штат саны, клиенттік базасы және клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi – күдiктi операция) жасау тәуекелінің деңгейі ерекшеліктері негізінде өз бетінше қабылдайды;
Тармақша 5
5) субъектінің және оның филиалының (болған жағдайда) ішкі бақылау жүйесінің сипаттамасы, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыру мәселелері бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің (жеке кәсіпкердің қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін;
Тармақша 6
6) ішкі бақылау қағидаларына өзгерістер енгізу тәртібін;
Тармақша 7
7) ішкі бақылау жүйесін тексеру тәртібін;
Тармақша 8
8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша міндеттерді іске асыру нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтерді сақтау тәртібін қамтиды.
Тармақ 6
6. Жауапты адам ретінде еңбек шарты негізінде субъектінің қызметкері болып табылатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін:
басшы мәртебесі (құрылымдық бөлімше басшысы деңгейінен төмен емес) бар және заңды тұлғаның басшысына тікелей бағынатын;
жоғары немесе орта кәсіптік білімі бар;
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында немесе субъектінің қызмет саласында кемінде 2 (екі) жыл еңбек өтілі бар;
мінсіз іскерлік беделі бар;
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тестілеуден өткендігі туралы сертификаты (бұдан әрі – сертификат) бар жеке тұлға тағайындалады. Сертификат субъектінің жеке кабинетінде орналастырылады.
Жауапты адамның уақытша болмауы кезінде (демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар) оның міндеттері жүктелетін тұлға жауапты адамға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Субъект дара кәсіпкер немесе жеке тұлға болған жағдайда, өзін жауапты адам ретінде тағайындайды. Бұл ретте жауапты адамға қойылатын талаптар, сертификаттың болуын қоспағанда, оларға қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Субъект жылына кемінде 1 (бір) рет ішкі бақылау жүйесінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Ішкі бақылау жүйесін тексеру:
Тармақша 1
1) субъектінің (жауапты адамның) ішкі бақылау қағидаларын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексеруді;
Тармақша 2
2) субъектіге (жоғарғы басқару органына немесе басшысына) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы жазбаша есептерді ұсынуды;
Тармақша 3
3) тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдауды қамтиды.
Ішкі бақылау жүйесін тексеруді субъектінің шешімі бойынша сыртқы аудит, ішкі аудит (ол болған кезде) немесе КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жүйесіне қатыспайтын құрылымдық бөлімше (қызметкер) жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Субъект клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл Заңның 11-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін (тәуекелдің төменгі, жоғары деңгейлерін) басқару бағдарламасы
3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін (тәуекелдің төменгі, жоғары деңгейлерін) басқару бағдарламасы
Тармақ 9
9. Тәуекелдерді басқару бағдарламасы:
Тармақша 1
1) іскерлік қатынастарды орнату кезінде клиентті бағалау және тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызу, сондай-ақ клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген немесе күшейтілген шараларын қолдану тәртібін;
Тармақша 2
2) клиент тәуекелінің дәрежесін (деңгейін) қайта қарау тәртібі мен мерзімдерін;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқару тәртібін;
Тармақша 4
4) жаңа қызметтерді (өнімдерді) және (немесе) бағдарламалық-техникалық құралдарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) мақсатында пайдалану тәуекелдерін бағалау, оларды төмендетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді қосатын тәртібін;
Тармақша 5
5) тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау және тәуекелдерді басқару нәтижелерін тіркеу тәртібін қамтиды.
Тармақ 10
10. Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау іскерлік қатынастарды орнату кезінде және іскерлік қатынастар барысында жүзеге асырылады.
Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау мынадай тәуекел санаттарының біреуі немесе жиынтығы бойынша жүзеге асырылады:
елдермен және (немесе) жекелеген географиялық аумақтармен байланысты тәуекелдер;
клиенттермен байланысты тәуекелдер;
клиент көрсететін қызметтерге (өнімдерге), жеткізілім арналарына, ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларына (бұдан әрі – операция) байланысты тәуекелдер.
Субъект өз қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша тәуекел санаттарын белгілейді.
Тармақ 11
11. Субъект тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау кезінде мынадай факторларды:
тәуекелдерді ұлттық және секторлық бағалау нәтижелерін;
клиенттердің қызметінің сипаты мен түрлерін, сондай-ақ олардың пайдаланатын өнімдерін (қызметтерін);
ақпарат пен мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның ұсынымдарын;
уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған және басқа да қолжетімді дереккөздерден КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларын, әдістері мен тәсілдерін;
ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын ескере отырып, клиенттердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында операцияларды жасауының жоғары тәуекелдері бар қызмет түрлерінің және шарттарының, операцияларының белгілерін ескереді.
Субъект өз қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау үшін қосымша факторлар әзірлейді.
Тармақ 12
12. Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау кезінде клиенттерді мынадай тәуекел деңгейлеріне жатқызу жүргізіледі:
тәуекелдің жоғары дәрежесі (деңгейі);
тәуекелдің төмен дәрежесі (деңгейі).
Тармақ 13
13. Субъект клиентке тәуекел дәрежесін (деңгейін) беру туралы шешімді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы, сондай-ақ клиент немесе клиенттің мүддесінде жасалатын операциялар туралы иелігіндегі ақпаратты зерделеу нәтижелері бойынша қабылдайды.
Тармақ 14
14. Іскерлік қатынастар ұзақ (созылмалы) сипатта болса, субъек клиенттің тәуекел деңгейіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
Тәуекел тобын қайта қарау туралы шешім тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалауға негіз болатын факторлар анықталған кезде қабылданады.
Тармақ 15
15. Тәуекелдерді басқару Заңның 5-бабының 7-тармағында көзделген шаралар шеңберінде тәуекелді төмендету жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Тәуекел дәрежесі (деңгейі) жоғары клиенттер туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Жаңа қызметтерді (өнімдерді) және (немесе) бағдарламалық-техникалық құралдарды бағалау оларды іске қоспас бұрын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Субъекті жыл сайын клиенттердің, қызметтердің (өнімдердің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін (деңгейін) бағалауды жүзеге асырады.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдері дәрежесін (деңгейін) бағалау нәтижелері есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) қаңтарына дейінгі мерзімде субъектінің жеке кабинетінде орналастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 18
18. Клиентті сәйкестендіру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру, сондай-ақ алынған мәліметтердің дұрыстығын растау шараларын қабылдау тәртібін;
Тармақша 2
2) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерінде болуын тексеруді;
Тармақша 3
3) ақшалай қаражаттардың немесе өзге мүліктің шығу көздерін айқындай отырып, шетелдік жария лауазымды адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдар тізбесіндегі адамдарды анықтау тәртібін;
Тармақша 4
4) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе тұрғылықты жері бар заңды және жеке тұлғаларды айқындау тәртібін қамтиды.
Тармақ 19
19. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру нәтижесінде алынған мәліметтерді тіркеу тәсілдері мен нысандарын субъектімен өз бетінше айқындалады.
Тарау 5. 5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы
5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы
Тармақ 20
20. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) қаржы мониторингіне жататын операцияларды және күдікті қызметті анықтау рәсімдерін;
Тармақша 2
2) операцияны жүргізуден немесе іскерлік қатынастарды орнатудан (тоқтату) бас тарту туралы шешім қабылдау тәртібін;
Тармақша 3
3) операциялары тоқтатып қою жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс өз клиенттерінің болуына қатысты салыстыру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін;
Тармақша 4
4) операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау тәртібін;
Тармақша 5
5) операцияларды тоқтата тұруға байланысты іс-қимылдар тәртібін;
Тармақша 6
6) Заңның 11-бабының 5 және 5-1-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ бойынша қолданылатын шаралар туралы клиентті хабардар ету және өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
Тармақша 7
7) Заңның 12-бабының 8-тармағында көзделген операцияларды жүзеге асыру үшін клиенттермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға операцияны жүргізуден немесе іскерлік қатынастарды орнатудан (тоқтату) бас тарту, операцияларды тоқтатып қою және тоқтата тұру фактілері туралы хабарламалар беру тәртібін қамтиды.
Тармақ 21
21. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасына күдікті операциялардың және (немесе) қызметтің белгілері, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологиясы, схемалары мен тәсілдері енгізіледі.
Субъект клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасына қосымша күдікті операциялардың және (немесе) қызметтің белгілерін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологиясын, схемаларын мен тәсілдерін енгiзуге құқылы.
Тармақ 22
22. Клиенттің операциясын және (немесе) қызметін күдікті деп тану туралы шешімді субъект қаржы-шаруашылық қызметі, клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде қабылдайды.
Күдікті операция және (немесе) қызмет анықтау үшін субъект клиенттің операцияларына мониторинг және оның иелігіндегі ақпаратты зеріттеу жүргізіледі. Субъектінің шешімінде операцияны және (немесе) қызметті күдікті деп тану күні мен негіздері жазылады.
Тармақ 23
23. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарлама субъектімен уәкілетті органға жеке кабинет арқылы жіберіледі.
Тармақ 24
24. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу нәтижелері тәуекел дәрежесін (деңгейін) және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды субъектімен жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекел тобын қайта қарау үшін пайдаланылады.
Тарау 6. 6-тарау. Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы
6-тарау. Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 25
25. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында субъектіні даярлау және оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23952 болып тіркелген) бекітілген Қаржы мониторингі субъектiлерiне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарына сәйкес әзірленеді.