Об утверждении Требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения Қолданыста
Басқа 0
Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21426 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Басқа 0. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып- жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
Агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 6 бұйрықпен
бекітілген
Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып- жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі субъектілер) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып- жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) субъектілер – өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлері;
Тармақша 2
2) тестілеу КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы субъектілердің білімін бағалау рәсімі;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Тармақ 3
3. Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін оларға қажетті субъектілердің оқуына қойылатын Талаптарға сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында білім алуы даярлау мен оқытудың мақсаты болып табылады.
Тестілеу субъектілердің оқу процессінде зерделенген материалды зерделеуді растау мақсатында субъектілер тестілеуден өткен күннен бастап 3 (үш) жылда 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен уәкілетті органның интернет-ресурсында тестілеуден өтеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау, оқыту және білімді бекіту бағдарламасы
2-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау, оқыту және білімді бекіту бағдарламасы
Тармақ 4
4. Субъектілер Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ субъектілер мен олардың клиенттері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту бағдарламасын (бұдан әрі – оқыту бағдарламасы) әзірлейді.
Тармақ 5
5. Оқыту бағдарламасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;
Тармақша 2
2) Заңның 11-бабына сәйкес әзірленетін ішкі бақылау қағидаларын және оларды орындау бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214 және 214-1-баптарында көзделген жауаптылық шараларын зерделеуді;
Тармақша 3
3) Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау типологияларын, схемалары мен тәсілдерін, сондай-ақ іс-жүзінде қолданылатын күдікті операцияларды және клиенттің күдікті қызметін анықтау белгілерін зерделеуді қамтиды.
Тармақ 6
6. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында осы Талаптарда көзделген оқу бағдарламасына сәйкес оқудан өтеді.
Заңның 11-бабына сәйкес бекітілген ішкі бақылау қағидаларын сақтау үшін жауапты субъект (өз қызметін жеке жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда) қосымша оқытуды мынадай:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы жаңа нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына немесе қолданыстағыларына өзгерістер енгізілуіне байланысты;
Тармақша 2
2) субъект жаңа ішкі бақылау қағидаларын бекіткен немесе қолданыстағыларын өзгерткен жағдайларда өткізеді.
Тармақ 7
7. Субъектінің басшысы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларын жүзеге асыруды бастағанға дейін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында оқудан өтетін жауапты тұлғалардың тізбесін бекітеді.
Тармақ 8
8. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында даярлау және оқыту мақсатында уәкілетті органның интернет-ресурсының «Оқыту» бөлімінде орналастырылған ақпаратты пайдаланады.
Тармақ 9
9. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында ұлттық немесе халықаралық сертификаттары бар субъектілер уәкілетті органның интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 10
10. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер және (немесе) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңнамасын сақтауына байланысты функцияларын орындауды бастамас бұрын өз қызметінің түріне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілер өз қызметін жүзеге асырғаннан бастап 3 (үш) ай ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында интернет-ресурсында, тестілеуден онлайн форматта тестіленуші тұлғаның биометриялық бақылауын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тестілеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі аттестаттаудан өткен сәттен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 13
13. Тестілеу жауаптарының есептелуі автоматты түрде жүзеге асырылады. Тестілеуден өту көрсеткіші 100 (жүз) сұрақтың кемінде 70-іне (жетпісіне) дұрыс жауап берген жағдайда оң болып есептеледі.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнаманы білуге арналған тестілерді орындауға бөлінетін жалпы уақыт 100 (жүз) минутты құрайды.
Тестілеуден белгіленген шектен төмен нәтиже алған субъектілерге тестілеуден өтпегені туралы анықтама беріледі.
Тестілеуден белгіленген шектен төмен нәтиже алған субъектілер 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кейін қайта тестілеуге жіберіледі.
Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде заңды күшке ие және электрондық не баспа түрінде ұсынылуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерінің оқудан және тестілеуден өтуін есепке алу
3-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерінің оқудан және тестілеуден өтуін есепке алу
Тармақ 14
14. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкер қызметкерлердің оқыту бағдарламасын уақытылы өтуін есепке алады.
Тармақ 15
15. Өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілер оқыту бағдарламасынан өту тәртібін өз бетінше белгілейді.
Қызметкердің оқудан өткенін растайтын сертификат оның жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 16
16. Тестілеуден өткен адамдарды есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді.