Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 82 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Сатай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келесім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай обылысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл ауданының Сатай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.