Об утверждении предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов Күшін жойған
Басқа 0
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 103 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 22540 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 326 Бұйрығымен
бекітілген
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар
№
п/п
Атауы
Көрсеткіш (ҚҚС-сыз)
1
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық баға
191,9 теңге / кВтсағ
2
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның АҚШ долларымен көрсетілген баламасы
0,45223 АҚШ доллары / кВтсағ
3
Еурода көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның баламасы
0,38524 Евро / кВтсағ