О профилактике заболеваемости населения вирусным гепатитом Күшін жойған
Басқа 0
Халықты вирусты гепатит ауруынан сақтандыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Облыста 30 жыл бойына тұрғындар арасында вирустық гепатитпен /бауырдың қабынуы/ ауыру - сырқаттанудың өсу үрдісі байқалады. Жұқпалы аурулар құрылымында вирустық гепатиттер 30,0 процентке дейін құрайды.
Ақжайық және Жаңақала аудандары аумақтарында онымен ауру- сырқаттанудың деңгейі облыстық орта көрсеткіштен 2,7 - 4 есе артып, 100 мың тұрғынға шаққанда 1690,9 адам құрады.
14 жасқа дейінгі балалар жыл сайынғы ауру – сырқаттанудың ең жұқтырғыш контингенті /78,0 - 83,0 проц./ болып табылады.
Вирустық гепатитпен ауру - сырқаттанудан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы /Хамитов/ вирустық гепатитке қарсы вакциндер сатып алу үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына еркін қалдық қаржы есебінен қосымша 5 млн.теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /Қадырбеков/, облыстық санитарлық - эпидемиологиялық станциясы /Бирюков/ вирустық гепатиттерге қарсы халықты вакцинациялаудан өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Р.Х.Сүйербаевқа жүктелсін.