Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда областного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 21.01.2000 № 7 шешімімен.
Облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын тиімді және мақсаткерлікпен пайдалану мақсатында, сондай - ақ туындаған көзделмеген жағдайларды жедел қаржыландыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қосып беріліп отырған облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласы әкімдеріне сәйкесті жергілікті бюджеттердің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібін әзірлесін және бекітсін.
Басқа 3. Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
резервтік қоры қаржыларын пайдалану
тәртібі
Облыс әкімінің 1997 жылғы
20 маусымдағы № 130
шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
резервтік қоры қаржыларын пайдалану
тәртібі
Тармақ 1
1. Бұл тәртіп облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын облыстық мәслихаттың сессиясының шешімімен сәйкесті қаржылық жылға бекітілген сомасы шегінде бөлінуі және жұмсалуы тетігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Резервтік қор "Бюджеттік жүйе туралы" 1996 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-ші бабына сәйкес біржолғы реттегі көзделмеген шығындарды табиғи және техногендік бағыттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса отырып, қаржыландыру үшін облыстық бюджеттің құрамында сәйкесті қаржылық жылға қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Резервтік қордан қаржылар бөлу облыс әкімі шешімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады, онда алушы, қаржылар көлемі және оларды бюджеттік жіктеуге сәйкесті мақсаткерлікпен пайдалану бағыттары көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Резервтік қор қаржысы мақсатты бағытта болады және қаржы бөлу туралы облыс әкімі шешімінде көзделмеген мұқтаждықтарға жұмсалмайды. Резервтік қордан қаржы бөлу туралы әкім шешімі қаржылық жыл аяқталысымен күшін жояды. Пайдаланылмаған қаржы қалдығы қайтаруға жатқызылады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлғалардың, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өтініштерін облыстық қаржы басқармасы мүдделі басқармалармен, комитеттермен, басқа мемлекеттік органдармен келісілген дәлелді есептесулері болған жағдайда қарайды. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайында облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіпте қаржы бөлу туралы шешім жобасын әкімінің қарауына енгізеді. Резервтік қордан төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қарайды, қажет болған жағдайда облыстық қаржы басқармасының келісімімен белгіленген тәртіпте облыс әкіміне төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы шешім жобасын енгізеді. Бұл жағдайда дәлелді материалдар мен олардың тізбесін жасап беру тәртібін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет белгілейді.
Тармақ 6
6. Облыс аудандары мен Орал қаласында резервтік қордан қаржы бөлу туралы мәселе аудандардың және Орал қаласы әкімдерінің өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдардың резервтік қоры қаржысы жетіспеген жағдайда қаржылық көмек беру жөніндегі дәлелді мәлімдемесіне және жергілікті бюджеттің қолда бар қаржысы мен оны пайдалану көлемі жөнінде ақпаратты міндетті түрде табыс етуіне орай қаралатын болады.
Тармақ 7
7. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар қаржысы есебінен ұстанудағы ұйымдарға (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды шығара отырып), мемлекеттік үлестік қатысу кемінде 50 процент құрайтын қоғамдық бюджет есебінен ұстанудағы ұйымдарға резервтік қордан қаржы бөлуге жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Табиғаттық және техногендік бағыттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды резервтік қордан қаржыландыру, егер төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпі немесе оның таралу көлемі жергілікті және атқарушы органдардың туындаған проблеманы өздерінің қаржылары есебінен дербес шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайларды жою үшін резервтік қордан:
- төтенше жағдайлардың туындауына байланысты зардап шеккендеріне материалдық көмек беруге;
- зардап шегушілер үшін уақытша тұру және тамақтану пункттерін ашу және оларды ұстануға;
- шұғыл апаттық - құтқару және апаттық - қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жаюдықтармен, құрал-саймандармен қосымша жабдықтауға;
- құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын атқару шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайлар аймағын тасмалдаумен, күшпен және құралдармен қамтамасыз ету шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да шараларға;
- ерекше жағдайға сәйкесті жергілікті және орталық атқарушы органдардан сақтандыру бойынша кезек күттірмейтін маңызды тіршілік шараларын өткізуге қаржы бөлінетін болады.
Тармақ 10
10. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ олардан сақтандыру жөніндегі ұзақ мерзімдік шараларды жүзеге асыруға қажетті шығындар көлемін жергілікті атқарушы органдар облыстық экономика және сауда басқармасына және облыстық қаржы басқармасына сәйкесті жылдың бюджеттік тапсырысы құрамында және ол белгіленген тәртіпте қолданылады.
Тармақ 11
11. Резервтік қордан кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін жағдай туындағанда қаржы бөлу республикалық бюджетте сәйкесті қаржының жылға көзделген шығындарды қаржыландыру жөнінде әкім бекіткен Ережеге орай басымдық тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Егер бюджетті орындау процесінде бекітілген тапшылық деңгейінің артуы немесе бюджетке кіріс түсімі едәуір төмендеуі қалыптасатын болса, онда әкімінің резервтік қор шығындары бойынша секвестрлеу енгізуге құқысы бар.
Тармақ 13
13. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын әкімге резервтік қордың қолда бар қаржысы мен оны пайдалану туралы ақпарат береді.
Тармақ 14
14. Резервтік қордан қаржы алған заңды тұлғалар облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіп пен мерзімдік уақытқа бөлінген қаржыларды пайдалану, орындалған жұмыс көлемі мен оның құны жөнінде есеп беруі тиіс.
Тармақ 15
15. Резервтік қор қаржысы мақсаткерлікпен пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Бөлінген бюджеттік қаржыларды мақсатты және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте қаржы алушыға жүктеледі.