О месячнике и субботнике по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс елді мекендерін санитарлық тазалау және көркейту жөніндегі айлық пен сенбілік туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімиятының 15.04.2004 № 105/4 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi жұмыстарды өткiзу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 15 сәуiрден 15 мамырға дейiн облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық (бұдан әрi Айлық) жариялансын.
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 26 сәуiрде айлық шеңберiнде облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi сенбiлiк (бұдан әрi Сенбiлiк) өткiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Айлық пен Сенбiлiктi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi облыстық штаб (бұдан әрi Штаб) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 4
4. Айлық пен Сенбiлiктi ұйымдастыру, олардың өткiзiлуiн бақылау мақсатында Штаб мүшелерi 2-қосымшаға сәйкес қалалар мен аудандарға бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар, аудандар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкiмдерi, облыс мемлекеттiк органдарының басшылары (келiсiм бойынша): халықтың облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысуын қамтамасыз етсiн; санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi қажеттi жұмыс көлемiн белгiлесiн; жұмысқа қатысушыларды Айлық шеңберiнде көзделген iс-шараларды сапалы өткiзу үшiн қажеттi құрал-сайманмен, автокөлiкпен, техникамен және басқа құралдармен қамтамасыз етудi ұйымдастырсын; iс-шараларды Айлық шеңберiнде өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарды көбейтсiн; жұртшылық өкiлдерiн, ардагерлердi, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, Айлық пен Сенбiлiктiң өту барысына тиiмдi бақылау жасауды жүзеге асырсын; Айлық шеңберiнде орындалєан жұмыс қорытындыларын апта сайын шығаруды және 3-қосымшадағы нысанға сәйкес Штабты хабардар етудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс iшкi саясат департаментi, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (келiсiм бойынша) Айлық пен Сенбiлiк өткiзудi ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша), облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция (келiсiм бойынша) облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау, көркейту жөнiндегi Айлық шеңберiндегi iс-шаралардың орындалуына тиiмдi бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Штаб Айлық пен Сенбiлiктiң ұйымдасқан түрде өтуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 9
9. Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi "Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiк туралы" № 81/4 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.
Басқа 11. Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiктi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы "7"сәуір" Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiк туралы" қаулысына 1-қосымша Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiктi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi облыстық штабтың құрамы Вербняк Александр Федорович - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, төраға Штаб мүшелерi: Әлимусин Шортан Дәулетиярұлы облыс индустрия және сауда департаментiнiң бастыєы Ахметов Нариман Сақышұлы - облыс ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы Ахметова Күлжан Мұқышқызы - облыс iшкi саясат департаментiнiң бастығы Ержанов Майдан Кәриұлы - облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Ермолаев Василий Андреевич - облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментiнiң бастығы Жазин Әмiр Нұрмұхамбетұлы - облыстық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Қабдуәлиев Марат Зейнекенұлы - облыс сәулет және қала құрылысы департаментiнiң бастыєы Кәменов Нұртай Шамренұлы - облыс су шаруашылығы департаментiнiң бастығы Кәрiмжанов Бахриден Сарбасұлы - облыс бiлiм департаментiнiң бастығы Мәмбетов Абай Қамалұлы - облыс iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Меңдiбеков Амангелдi Оразақұлы - облыс әкiмi аппараты өнеркәсiп, коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар мәселелерiн үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi Мирошниченко Анатолий Григорьевич - депутат, табиғат пайдалану және экология мәселен жөнiндегi облыстық мәслихат тұрақты комиссиясының мүшесi Молшин Марат Жаңабайұлы - облыс жер қорын пайдалану мен қорғалуын бақылау департаментiнiң бастығы Оразғалиев Болат Дүйсенбекұлы - облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары - әлеуметтiк мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Қазанғапов Дүйсебек Мұсабекұлы - облыс денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы ЧудовскийНиколай Петрович - - облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы
Басқа 12. Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiктi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi облыстық штаб мүшелерiне бекiтiлген қалалар мен аудандардың тiзiмi
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы "7"сәуір" Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiк туралы" қаулысына 2 қосымша Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiктi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi облыстық штаб мүшелерiне бекiтiлген қалалар мен аудандардың тiзiмi р/с Қалалар мен аудандардың атау Орындауға жауаптылар 1 2 3 1. Павлодар және ауылдық аймақ Ахметова К. М. 2. Екiбастұз және ауылдық аймақ Мендiбеков А.О. 3. Ақсу және ауылдық аймақ Ахметов Н. С. 4. Ақтоғай ауданы Кәрiмжанов Б. С. 5. Баянауыл ауданы Оразғалиев Б.Д. 6. Железинка ауданы Әлимусин Ш. Д. 7. Ертiс ауданы Ермолаев В. А. 8. Качиры ауданы Чудовский Н. П. 9. Лебяжi ауданы Қабдуалиев М. З. 10. Май ауданы Молшин М. Ж. 11. Павлодар ауданы Қаменов Н. Ш. 12. Успенка ауданы Қазанғапов Д. М. 13. Шарбақты ауданы Ержанов М. К.
Басқа 13. Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық шеңберiндегi жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылєы "7"сәуір" Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық пен сенбiлiк туралы" қаулысына 3 қосымша Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көркейту жөнiндегi айлық шеңберiндегi жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат р/с Көрсеткiштердiң атауы Өлшем бiрлiктерi Саны 1 2 3 4 1. Қатысатын ұйымдар мен кәсiп-орындардың жалпы саны бiрлiк 2. Санитарлық тазалау және көркейту iсiнде күн сайын жұмыс iстейтiн адамдардың жалпы саны кiсi 3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылатын адамдардың саны кiсi 4. Бөлiнген техника мен автокөлiк құралдарының саны бiрлiк 5. Ағаш отырғызу саны 6. Ағаштар мен бұтақтарды көктемгi өңдеу саны 7. Жөнделген жамылғыштардың аумағы кв.м 8. Ғимараттардың фасадтарын жөндеу дана 9. Ескерткiштердi, ескерткiш тастармен олардың айналасындағы саябақ пен тынымбақтарды тәртiпке келтiру дана, кв.метр 10. Елдi мекендердiң тұрғын аймағының сыртына шығарылған қоқыс пен тұрмыс қалдықтарының мөлшерi тонна 11. Қоқыстан тазаланған аумақтың көлемi кв. м