Об утверждении положения о комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Күшін жойған
Басқа 0
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 жарлығымен бекітілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №736 қаулысымен бекітілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қоса беріліп отырған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Басқа 2. Аккайың ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Аққайың аудан әкімдігінің
2003 жылы 12 мамырдағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
Аккайың ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 3
Комиссия қызметінің негізгі максаты Ақкайың ауданында нашақорлык және есірткі бизнесіне қарсы күрес Бағдарламасын, Стратегиясын іске асыру болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіретін, консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, қолданып жүрген заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы 394 Жарлығымен бекітілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №736 қаулысымен бекітілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі стратегия және Бағдарлама), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комиссия хаттамасымен рәсімделетін қорытынды жасайды, ұсыныстар істеп шығарады.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметін материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз етуі жергілік бюджеттің есебі арқылы іске асырылады.
Тарау 2. 2. Комиссияны ұйымдастыру
2. Комиссияны ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудан әкімімен комиссияның дербес құрамы Мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылады.
Комиссия құрамы аудан әкімінің орынбасары болып табылатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссияның мүшелерінен тұрады. Комиссия төрағасының орынбасары лауазымы бойынша аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып табылады. Аудандық денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, мәдениет және спорт бөлімдерінің басшылары мен лауазымдық тұлғалары сәйкес лауазымы бойынша комиссия мүшелері болып табылады. Азаматтар басқа лауазымдық тұлғалар және қоғамның өкілдері комиссия мүшелері бола алады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес құра алады.
Тармақ 3
3. Комиссия жұмысы алқалы және жариялылық болу керек.
Тармақ 4
4. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық бағдарламамен қарастырылған іс-шаралардың негізгі тізбесінің негізінде мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметімен комиссия өз жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 5
5. Комиссия өздерінің кезекті мәжілістерін тоқсанында бір рет өткізеді. Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбінің немесе аудан әкімі, аумақтық комиссия төрағасы, аудандық комиссия төрағасының талабы бойынша кезектен тыс мәжілістер шақырылады.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және онын қызметіне басшылық етеді, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мен қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларымен және комиссия мүшелерімен міндетті түрде орындау үшін шешімдер қабылдайды және нұсқаулар береді;
Тармақша 2
2) комиссия құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа органдармен, қоғамдық бірлестіктер және азаматтармен өзара қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) комиссия қызметі үшін есеп береді;
Тармақша 4
4) осы ережемен, аумақтық комиссия тапсырмаларымен қарастырылған басқа да өкілдіктерді іске асырады.
Комиссия мүшелері:
Тармақша 5
5) алқа құзыретіне қатысты мәселелерді комиссияда қарағанда кеңестік дауысқа құқығы бар;
Тармақша 6
6) комиссияның қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда, аудан әкімінің мәліметіне жазбаша немесе ауызша түрде жеткізуімен, ерекше пікір айтуға құқығы бар;
Тармақша 7
7) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті;
Тармақша 8
8) комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғалардан Стратегия, Бағдарлама, аудандық бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді талап етуге құқығы бар.
Тарау 3. 3. Негізгі міндеттер мен қызметтері
3. Негізгі міндеттер мен қызметтері
Тармақ 1
1. Комиссия:
Тармақша 1
1) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық бағдарламаны әзірлейді және мәслихатпен бекіту үшін аудан әкіміне жібереді;
Тармақша 2
2) халықтың, бірінші кезекте кәмелетке толмағандар мен кастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы идеология жүйесін құру және іске асыру мақсатында өнегелілікті қалыптастыру және мәдениет саласында істейтін қоғамдық бірлестіктер, аудандық білім, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау бөлімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақ 2
2. Комиссияның:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерден Стратегия, Бағдарлама, аудандық бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің саясатын іске асыру жөніне әрекетке қатысатын мемлекеттік органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің қызметін және ұйымдастырылуын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің саласындағы жалпы қоғамдық резонанс тудырған және ең көкейкесті мәселелерді аудан әкіміне және мәслихат сессиясының қарауына енгізуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғалаларының баяндамалар мен есептерін тыңдауға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Комиссия:
Тармақша 1
1) комиссия қызметі туралы, ауданда есірткі жағдай және оны жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы аудан әкіміне және мәслихат алдында есеп беруге;
Тармақша 2
2) аумақтық комиссия белгілеген мерзімде және нысандар бойынша Стратегия мен Бағдарламаның орындалуы туралы және өз қызметі туралы аумақтық комиссияға тұрақты ақпарат беруге міндетті.