Вопросы лицензирования отдельных видов деятельности Қолданыста
Басқа 0
Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау мәселелері
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2200 "Лицензиялау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы өкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2201 қаулысын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыруға және өткізуге, жылу қуатын (сағатына 100 Гкал-ға дейін жиынтық белгіленген қуаттылығын қоса жылу энергиясы көздерінен) өндіруге, беруге және таратуға лицензия алуға қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеу жөніндегі уәкілетті орган болып Атырау облысының экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысының экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы лицензия алуға құжаттарды дайындауда және ресімдеуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы №438 "Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштердің тізбесін бекіту туралы" (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 10 маусымда №1002 тіркелді), 2002 жылғы 30 шілдедегі №468 "Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы №438 " Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштердің тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы", 2002 жылғы 28 қарашадағы №501 " Жылу қуатын (сағатына 100 Гкал-ға дейін жиынтық белгіленген қуаттылығын қоса жылу энергиясы көздерінен) өндіру, беру және таратуды лицензиялау туралы" (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 29 желтоқсанда № 1250 тіркелді) шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.