О проведении лагерных (учебно-полевых) сборов с юношами призывного возраста Күшін жойған
Басқа 0
Шақыру жасындағы жас жігіттердің лагерлік (оқу-далалық) жиындарын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң “Бастапқы әскери даярлау туралы” 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 қаулысын орындау жолында және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындықтан өткен жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер жас жiгiттерiнiң лагерлiк (оқу-далалық) жиындарын 2003 жылдың мамыр мен маусым айлары кезеңінде ұйымдастырып өткiзсiн (оқу-далалық жиындар бағдарламасына сәйкес);
Тармақша 2
2) жиындарды өткiзу үшiн қорғаныс-спорт, сауықтыру лагерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектептерiнiң және әскери бөлiмдердiң оқу-материалдық базасын пайдалансын, ал ол болмаған жағдайда лагерь жиындарын оқу орындары немесе оқу пункттерi жанында "Шақырылушылар күнi" ретiнде өткiзсiн;
Тармақша 3
3) әрбiр ауданда, қалада оқу пункттерi құрылсын, оларда 2003 жылғы мамырдан маусымға дейiнгi кезеңдегi 10 күндiк оқу-далалық жиындар әдiсiмен бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақыру жасындағы жас жiгiттердiң бастапқы әскери даярлығы жөнiнде сабақтар өткiзудi ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссар:
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда қорғаныс-спорт сауықтыру лагерлерiнiң, оқу пункттерiнiң әкiмшiлiктерiмен және жиындарды ұйымдастыру және өткiзу мәселесi жөнiндегi бастапқы әскери дайындық мұғалiм - ұйымдастырушыларымен нұсқау-әдiстемелiк сабақтар өткiзсiн;
Тармақша 2
2) сабақ өткiзу және ату құралдарын үйрету, сондай-ақ тактикалық және сапта жүру дайындығы дағдыларын үйрету кездерiнде жасөспiрiмдердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлсiн;
Тармақша 3
3) оқу-далалық жиындар мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындық бойынша оқу-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) оқу-далалық жиындарды ойдағыдай өткiзуге көмек көрсету мақсатында әскери-техникалық мектептер мен әскери бөлiмдер командирлерiнiң байланысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық бiлiм басқармасы (Бисембаева):
Тармақша 1
1) жиындарды өткiзу барысында орта мектептердiң 10-сыныбын және кәсiптiк-техникалық мектептердi, лицей және колледждердi бiтiрушi жас жiгiттердiң түгел қамтылуын қамтамасыз ететiн болсын;
Тармақша 2
2) оқу-процесiнiң, әскери-патриоттық, мәдени-бұқаралық және спорт шараларының сапалы жүргiзiлуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) жиындар өтетiн жерлерде оқушылар арасында жұқпалы аурулардың таралуын, балалардың басқа да ауруларын болдырмау үшiн дәрiгерлiк шаралардың жүргiзiлуiн және дәрiгер қызметкерлерiнiң ұдайы кезекшiлiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) оқу-далалық жиындар өткiзiлетiн жерлерде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаев, Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар басшылары 2003 жылдың 1 шiлдесiнде лагерлiк (оқу-далалық) жиындардың өткiзiлу қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шақыру жасындағы жас жігіттердің лагерлік (оқу-далалық) жиындарын өткізу туралы" 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 90 қаулысының (тіркеу N 1515) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсiн.