О мерах по обеспечению санитарной безопасности на территории области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың аумағында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ. Ә. Әлжанованың ақпаратын тыңдап, талқылаған облыс әкімияты барлық деңгейдегі әкімияттардың белсене қатысуы арқылы облыстың денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің, соның ішінде, санитарлық қызметінің тарапынан жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы күрес іс- шаралардың нәтижесінде аймақта қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды сақтап қалуга жағдай жасалды деп атап өтеді. Халықты иммундық алдын ала емдеу жақсы жолға қойылған. Іш ауруларының, вирустік гепатитттердің, сальмонеллездің деңгейі төмендеді. Сонымен қатар Ресей мен Өзбекстан шекарасында санитарлық- карантиндік қосын ашу жөніндегі мәселе шешілген жоқ, соның салдарынан жақын және алыс шетелдерден аса қатерлі және карантиндік инфекцияларды әкелудің қатері бар. Адамдар арасында бруцеллезбен ауру орын алуда, туберкулез жөніндегі эпидахуал да күрделі күйінде қалып келеді. Мемстандарттың талаптарына ауыз судың сәйкес келмеуіне үлестірім жүйесінің және су айыру колонкаларының қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жай-күйі себепші болып отыр. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру өз дәрежесінде жүзеге асырылмауда. Атмосфералық ауаның ірі өндірістік, мүнай өндіретін кәсіпорындар мен автокөлік тарапынан ластануы күрделі проблема болып қалуда. Мектептерді оқушылардың өсуі мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін жиһаздармен қамтамасыз ету мәселесі шешілмеуде, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту пайызы әлі төмен. Санитарлық қызметтің материалдық-техникалық базасы қанағаттанғысыз күйде қалып келеді. Автокөлік пен зертханалық қондырғылар жоқ. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілген салалық "Ауыз су" бағдарламасының орындалу барысын талдасын және орын алған кемшіліктерді жоюдың шараларын көздесін;
Тармақша 2
2) облыс халқын монша қызметімен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. «Облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. К. Мүхлисов) Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірге:
Тармақша 1
1) мектеп оқушыларын ыстық тамақпен толық қамтудың шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) мектептерді 2003-2004 оқу жылына санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес дайындау жөнінде іс-шаралардың жоспарын жасасын және олардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) оқушылардың өсу және жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру объектілерін жиһазбен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» (Н. М. Шомбалов), «Облыстық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемелері Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдерімен бірге жүқпалы аурулар бойынша ахуалдың нашарлауын болдырмау үшін қосымша шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (Қ. Ә. Әлжанова):
Тармақша 1
1) облыстағы қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды сақтау, эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің жұмысын қадағалауды күшейту жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) облыс халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жоспарын қаржы-экономикалық шығындарының есебімен бірге бюджеттік комиссияның қарауына ұсынсын.
Тармақ 5
5. «Облыстық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж. Е. Аманбаев):
Тармақша 1
1) облыстың «Жиренқопа», «Жайсаң», «Әлімбет», «Союзный», «Базой» автоөткелдерінде бес санитарлық-карантиндік қосындар ашуға және жарақтандыруға, облыстың санитарлық қызметі үшін медициналық қондырғылар, аспаптар, автокөліктер мен компьютерлер сатып алуға;
Тармақша 2
2) облыстың аудандарында «Беккери» шұңқырларының (мал өлігін жерлейтін орындар) құрылысын жүргізуге;
Тармақша 3
3) туберкулезбен және бруцеллезбен ауырған малдарды өткізненнен залал көрген жеке -адамдардың шығындарын өтеуге байланысты қаржыландыру мәселелерін қарасын.
Тармақ 6
6. Мыналарға:
Тармақша 1
1) «Облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасы» ММ (А. Ә. Иманбеков) шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан атмосфералық ауаға зиянды шығарындылар шығаруды, сондай-ақ елді мекендердің аумақтарын тазалау және абаттандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне бақылау жасауды күшейту;
Тармақша 2
2) «Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы» ММ (Т. Ж. Айжарықов) ауыл шаруашылығы жануарларының арасында бруцеллез, туберкулез және қүтырма ауруын төмендету үшін тиімді шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық білім, денсаулық сақтау, қаржы басқармаларының бастықтары, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері осы қаулы талаптарының орындалуының барысы туралы облыс Әкіміне 2004 жылғы 15 қаңтарда ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.