О закреплении рыбохозяйственных водоемов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 2005 жылғы 26 ақпандағы № 13 шешімімен.
«Қазақстан Республикасында балық аулау және су жануарларын ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсаңдағы № 1480 қаулысына сәйкес Қостанай облысының су айдындарын ұтымды пайдалану мақсатымен және облыстық тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
Кешенді балық шаруашылығын жүргізуді пайдалану үшін мыналар бекітілсін:
- Әулиекөл ауданының жалпы көлемі 340 гектар Алакөл, Жалтыркөл көлдері, 11 және 12 тоғандары "Чернышевский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Әулиекөл ауданының жалпы көлемі 380 гектар Ноғайкөл көлі "Қаймақкөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Әулиекөл ауданының көлемі 200 гектар Огородный тоғаны "Сұлукөл" Асыл тұқым зауыты" акционерлік қоғамына;
- Әулиекөл ауданының көлемі 240 гектар Поливочный тоғаны "Агромех" ӨСФ "Арман" ет комбинатына;
- Әулиекөл ауданының көлемі 220 гектар Океан көлі "Азат" жекеменшік кәсіпорнына;
- Денисов ауданының көлемі 100 гектар Солянка тоғаны облыстық аң аулаушылар қоғамына;
- Қамысты ауданының көлемі 454 гектар Шағыркөл көлі Алтынсарин атындағы жабық үлгідегі акционерлік қоғамына;
- Таран ауданының көлемі 675 гектар Жақсы-Алакөл көлінің бөлігі облыстық аң аулаушылар қоғамына;
- Таран ауданының көлемі 161 гектар Саманкөл көлі, көлемі 44 гектар Қайранкөл көлі "Достияр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Таран ауданының көлемі 53 гектар Жалтыркөл көлі Ақтөбе жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Таран ауданының көлемі 182 гектар Мақбалакөл көлі "Агрофирма" "Колос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Таран ауданының көлемі 132 гектар Тоқабайкөл көлі "Елизаветин" акционерлік қоғамына;
- Ұзынкөл ауданының көлемі 176 гектар "Итсары көлінің шығыс жартысы "Қаржас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Ұзынкөл ауданының көлемі 176 гектар батыс жартысы "Бозшакөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Ұзынкөл ауданының көлемі 33 гектар Қайранкөл көлі, көлемі 493 гектар Куренный көлі, көлемі 165 гектар Өгізбалық көлі "Бозшакөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;
- Денисов,Таран аудандарының жалпы көлемі 8740 гектар Жоғары Тобыл су қоймасы облыстық аң аулаушылар қоғамына;
- Таран ауданының көлемі 4700 гектар Қаратомар су қоймасы аумағының бөлігі спорт-әуесқой балық аулаушылар үшін облыстық аң аулаушылар қоғамына.