Об утверждении Правил и условий внеконкурсного занятия должностей в органах гражданской защиты Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 24 тамыздағы
№ 412 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарындағы (бұдан әрі - АҚО) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Осы Қағидалардың күші «азаматтық қорғау» арнаулы атақтары берілетін АҚО-ның бос лауазымдарына үміткер кандидаттарға қатысты қолданылады.
Тармақ 2
2. АҚО-ға конкурстық iрiктеусiз теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар қабылданады.
Тармақ 3
3. АҚО-ға конкурстық іріктеусіз тұруға үміткер кандидаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АҚО-ға қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылдау туралы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) орталық аппараты лауазымдарына – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) атына;
Тармақша 2
2) ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен қарамағындағы мемлекеттік мекемелері лауазымдарына – АҚО-ның уәкілетті басшысының атына жазбаша өтініш береді.
АҚО-ға қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылдау туралы шешімді қабылдау үшін Министр, АҚО-ның уәкілетті басшылары немесе олардың тапсырмасы бойынша кандидатты тағайындау жорамалданып отырған ТЖМ орталық аппаратының, ведостволарының, умақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізеді, кандидатқа атқаратын жұмыстың сипатын және лауазымдық міндеттерін түсіндіреді.
Тармақ 4
4. Әңгімелесу жүргізілгеннен кейін кандидат бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаянды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 6
6) әскери қызметін өткергенін немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқу резервін даярлау бойынша әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылғанын немесе шақырудың кейінге шегерілгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 7
7) көлемі 3х4 (4 дана) фотосуретін;
Тармақша 8
8) кандидат және оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін растайтын құжаттарды;
Тармақша 9
9) осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын;
Тармақша 10
10) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездемені ұсынады.
Тармақ 5
5. Кандидаттар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері, ұсынымдар, ғылыми басылымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ұсына алады.
Тармақ 6
6. Кандидат осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз тігілетін мұқабаға салып, қолма-қол тәртіпте ұсынады.
Осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары қаралады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер қабылданады.
Тармақ 7
7. Конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылданатын кандидаттарды зерделеу, олардың біліктілік талаптарына және Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарындағы талаптарға сәйкестігін тексеруді АҚО-ның кадр жұмыстары жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Кадр қызметі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарастырады, кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ кандидатты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық қызметі арқылы тексереді.
Тармақ 9
9. Құжаттар пакетін толық ұсынбаған, оларды тиісті түрде ресімдемеген жағдайда құжаттар қайтарылу себептері көрсетіле отырып, кемшіліктерді жою үшін қайтарылуға жатады.
Тармақ 10
10. Кандидаттар ұсынған құжаттарды тексеру аяқталғаннан кейін кадр қызметі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына сәйкес кандидаттың қызметке жарамдылығын анықтау үшін оған әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдама береді.
Тармақ 11
11. Кадр қызметі кандидаттың және оның жақын туыстарына қатысты материалдарды арнайы тексеріс жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды.
Тармақ 12
12. Бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қызметке қабылдау кезінде кадр қызметі мұрағаттық жеке істі зерделейді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттарды қосады.
Тармақ 13
13. Кандидатты зерделеудің нәтижесінде және осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының ережелерін ескере отырып, кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде АҚО-ға қызметке қабылдау туралы қорытындыны (еркін нысанда) (бұдан әрі - қорытынды) дайындап, оны осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген адамдарға бекітуге енгізеді.
Тармақ 14
14. Кадр қызметі қорытындыны енгізгеннен кейін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген адамдар он жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) қызметке қабылдауға келісім береді;
Тармақша 2
2) қызметке қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады.
Тармақ 15
15. Кандидаттың қойылған біліктілік талаптарға және Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген құқық қорғау қызметіне тұру шарттарына сәйкес келмеуі, Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы немесе бұрмалауы АҚО-ға қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
Қорытындымен келіспеген жағдайда, кандидат оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабымен белгіленген тәртіпте шағым жасауға құқылы.
Басқа 1
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайдар министріне / азаматтық қорғау органдарының уәкілетті басшысына
____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мені азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдауды сұраймын.
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарының талаптарымен келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін растаймын.
Мен хабарлаған жалған мәліметтердің азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екені маған белгілі.
Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.
Қоса берілетін құжаттар:
___________________________________________________________________;
___________________________________________________________________.
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «____»_______________ .
Басқа 2
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
Нысан
1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғыны көрсетіңіз) _______________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде)________________________________________
2. Азаматтығы __________________________________________________
Егер өзгертсеңіз, онда қашан екенін көрсетіңіз ______________________
3. Сіз сотталдыңыз ба, қашан және не үшін __________________________
4. Шет елдегі оқуы немесе жұмысы ________________________________
Болған елі ______________________________________________________
Болған уақыты __________________________________________________
Жұмыс істеген немесе оқу орны ___________________________________
5. Сот шешімімен Сіз қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан, не үшін _____________________________________
6. Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылдыңыз ба, қашан, не үшін _____________________________
7. Сіз мына лауазымды атқаратын азаматтық қорғау органдары қызметкерінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, бала асырап алушы, асырап алған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, күйеуі немесе әйелі) боласыз ба:
1) Сіз үміттенетін лауазымға тікелей бағыныстағы _____________________
2) Сіз үміттенетін лауазым тікелей бағынатын _________________________
8. Қызметке қабылданар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаныңыз үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан, не үшін _________________________________
9. Қызметке қабылданар алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан, не үшін ______________________________________________________
10. Сіз бұрын мемлекеттік қызметте болдыңыз ба ____________________, егер болсаңыз жұмыстан шығу себебін көрсетіңіз _____________________
20____ жылғы «___»_____________ _______________
(қолы)
Басқа 3
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
Нысан
Өмірбаян
Өмірбаян қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимақсыз, мынандай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, туған күні мен жері, ұлты (қалауы бойынша), ана тілі, қандай тілдерді біледі;
қашан, қайда, қандай оқу мекемелерінде оқыған, білімі бойынша мамандығы;
қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы және мекен-жайы, бір жұмыс орнынан екіншіге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кіммен, не үшін (қандай шара);
әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштердің запасына шығарылған, әскери атағы; отбасы жағдайы: қашан некеге тұрған, жұбайының (зайыбының) аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету қажет;
қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдаухат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, туысқандық дәрежесі, айналысатын кәсібі, мекен-жайы), олармен қандай қарым-қатынаста;
қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
«_____»___________________________20____жыл
(толтырылған күні)
Қолы
______________________________
Басқа 4
Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарына
4-қосымша
Нысан
1. Тегі _____________________________________
Аты _______________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________
2. Жынысы ________
3. Туылған жылы, күні, айы ___________________
4. Туылған жері _____________________________
(село, ауыл, қала, аудан, облыс, республика)
5. Ұлты (қалауы бойынша) ____________________
6.Азаматтығы _______________________________
7. Білімі ____________________________________
Фотосурет орны
Оқу орнының атауы және оның орналасқан жері
Факультеті немесе бөлімшесі
Түскен жылы
Бітірген немесе шыққан
жылы
Бітірмесе, қай курстан шықты
Оқу орнын бітірген соң қандай біліктілік алды, дипломның немесе куәліктің № көрсету
8. Ана тілі, қандай тілдерді біледі және қандай деңгейде
________________________________________________________________
(сөздікпен, оқиды және ойын жеткізе алады, еркін меңгерген)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________
10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз және жаңалықтарыңыз бар ________________________________________________________________
11. Сіз және сіздің жақын туыстарыңыз әкімшілік және/немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғансыз ба _________________________________________
(қашан, не үшін кім соттады, жазалау шарасы)
12. Еңбек жолы басталғаннан бері атқаратын жұмысы (жоғары және орта арнаулы оқу орнындарындағы оқуды, әскери қызметті және қоса атқаратын жұмысты қосқанда)
Айы мен жылы
Лауазымы, кәсіпорындарды, ұйым-мекемелерді, сондай-ақ министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып
Кәсіпорындардың, ұйым-мекемелердің орналасқан жері
Түскен
Шыққан
Осы тармақты толтыратын кезде мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың атауларын кезінде қалай аталғанына қарай атап, әскери қызметті лауазымды, округты көрсете отырып толтыру керек.
13. Жеке іс парақ толтырған сәттегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз
Туыстық дәрежесі
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Күні және туған жері
Жұмыс орны, лауазымы
Тұрғылықты жері
14. Шет елде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен бірге сапар)
Айы мен жылы
Қай елде
Шет елде болу мақсаты
Қай уақыттан
Қай уақытқа
15. Қандай сайланбалы органдарға (қашан, қандай және қай жерде) сайланған немесе сайланды ____________________________________________________
________________________________________________________________
16. Әскери міндеттілікке қатысы
________________________________________________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептік мамандығы, әскери атағы, әскери билеттің нөмері және жеке нөмері)
17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар (қашан, немен, кім марапаттады)
________________________________________________________________
18. Төлқұжат _____________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан, кім берген, тіркелген мекен-жайы)
19. Тұрғылықты жері ______________________________________________
20___ жыл «_____» ___________. Жеке қолы _________________________
________________________________________________________________
(толтырған күні)