Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности частных нотариусов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
МАЗМҰНЫ 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары 3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi 4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу 7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылау 2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты 8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi 8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылыжекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттiсақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларынреттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарғақойылатын талаптар 9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы 13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы 15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi 17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі 18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi 19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері 20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы 21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi 5-тарау. Қорытынды ережелер 22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi 23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жекеше нотариус – нотариаттық iс-әрекеттi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негiзiнде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әдiлет органында есепке алу тiркеуiнен өткен Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетi;
Тармақша 2-1
2-1) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 3
3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
Тармақша 5
5) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
Тармақша 6
6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
Тармақша 7
7) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемесін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
Тармақша 9
9) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргізуге мiндеттi заңды тұлға;
Тармақша 10
10) сақтанушы – сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;
Тармақша 11
11) үшiншi тұлға – жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi нотариаттық iс-әрекеттер жасауға байланысты кәсiби мiндеттерiн жекеше нотариустың орындауы кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға;
Тармақша 12
12) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтердi жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшiн жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершiлiгiне мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - нотариаттық iс-әрекеттер) жасасуға мiндеттi.
Бап 4. 4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: жекеше нотариустың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған жекеше нотариустың қызметiн жүзеге асыру; тараптардың жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
Бап 4-1. 4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
Бап 4-2. 4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін қажет және оның салдары туралы ақпарат қолында бар әділет органдары, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Бап 5. 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
Тармақ 1
1. Қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтi жүзеге асыруына байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
Бап 6. 6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу
6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу
Тармақ 1
1. Жекеше нотариус жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай нотариаттық қызметтердi жасауға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Қызметiн жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын жекеше нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Бап 7. 7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылау
7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылау
Тармақ 1
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустың осы Заңның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау және осы талапты бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес әдiлет органдарына олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi.
Тарау 2. 2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
Бап 8. 8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттердi бастағанға дейiн жасасуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
Тармақ 3
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
Тармақ 4
4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисін сақтандырушының электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшiншi тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшiншi тұлғалардың алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
Тармақ 2
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
Тармақша 2
2) жағдайды реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (пайда алушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
Тармақша 3
3) сақтанушының жасалған жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) сақтанушының (пайда алушының) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
Тармақша 6
6) сақтанушының (пайда алушының): жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға; жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға; сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар етуге; келтірілген зиян мөлшерін айқындауға; сақтандыру төлемін алуға; осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
Тармақ 6
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Сақтандыру агенттерінің жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Бап 9. 9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
Тармақ 1
1. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi.
Тармақ 3
3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
Бап 10. 10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
Тармақша 2
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
Тармақша 3
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Бап 11. 11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртiбi, шарттары және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бап 12. 12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың шарттары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бап 13. 13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
Тармақша 2
2) сақтандырушының қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
Тармақша 2-1
2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
Тармақша 3
3) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және талаптар бойынша алуға;
Тармақша 3-1
3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
Тармақша 4
4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
Тармақша 2
2) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынуға;
Тармақша 3
3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
Тармақша 4
4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындаған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
Тармақша 5
5) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға;
Тармақша 7
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) сақтанушы нотариаттық әрекеттер жасау бойынша қызметтер көрсеткен тұлғаны жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттердi жасауы салдарынан үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкін.
Бап 14. 14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге;
Тармақша 2
2) сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғалардың талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
Тармақша 4
4) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
Тармақша 1-1
1-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;
Тармақша 2-1
2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
Тармақша 3
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге;
Тармақша 3-1
3-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
Тармақша 3-2
3-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
Тармақша 4
4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
Тармақша 5
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Тарау 3. 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
Бап 15. 15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерi оның талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.
Бап 16. 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында айқындалған сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен көп болмауға тиiс.
Бап 17. 17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
Бап 18. 18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушының үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi.
Тармақ 3
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың осы Заңның 8-бабының 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.
Тармақ 4
4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады. Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi.
Тармақ 5
5. Әрбiр сақтандыру жағдайы бойынша франшизаның мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
Бап 19. 19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
Тармақ 1
1. Сақтанушы не үшiншi тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды. Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы, келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiлген талабы немесе нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi;
Тармақша 3
3) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң (жеке тұлға үшiн) көшiрмесi немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат;
Тармақша 4
4) зиянды болдырмау және мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар.
Тармақ 3
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемi туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Жекеше нотариустың жекелеген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлға, ал үшiншi тұлға қайтыс болған жағдайда (қайта ұйымдастырылғанда) - оның мұрагерлерi (құқық мирасқорлары) пайда алушы болып табылады. Сақтанушы немесе үшiншi тұлғаға (мұрагерлерге (құқық мирасқорларына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығындарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табыла алады.
Тармақ 6
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
Тармақ 7
7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе үшiншi тұлғалар дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi. Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуi тиіс.
Тармақ 8
8. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
Бап 19-1. 19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы) талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
Тармақ 3
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Бап 20. 20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы
Тармақ 1
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасағанда;
Тармақша 2
2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;
Тармақша 3
3) сақтанушының зиянның мөлшерiн азайту жөнiнде қисынды және қол жетiмдi шараларды қасақана қолданбауы нәтижесiнде зиянның мөлшерi ұлғайғанда;
Тармақша 4
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлағанда;
Тармақша 5
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi сақтандыру құжаттарын беруден бас тартқанда керi талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар үшiн жауапты тұлғаға керi талап қою құқығы төленген сома шегiнде ауысады.
Бап 21. 21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
Тармақ 1
1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:
Тармақша 1
1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
Тармақша 2
2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң;
Тармақша 3
3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруының;
Тармақша 4
4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:
Тармақша 1
1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
Тармақша 3
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi негiз болуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
Тармақша 1
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi;
Тармақша 2
2) соғыс қимылдарының;
Тармақша 3
3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
Тармақ 5
5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 22. 22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi
22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.