Об установлении карантина Күшін жойған
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 2-18/150 ұсынысы негізінде, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің «Исатай мешіті» қыстағының аумағында карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.