О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий Қолданыста
Басқа 0
Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
Тармақша 1-2
Тармақша 1-3
1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
Тармақша 1-4
1-4) қыздырылатын темекісі бар бұйым – темекіні қыздыру жүйесінде пайдалануға арналған темекі бұйымы ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған темекі шикізатынан тұратын темекі бұйымының түрі;
Тармақша 1-5
1-5) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
Тармақша 1-6
1-6) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
Тармақша 1-7
1-7) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
Тармақша 1-8
1-8) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
Тармақша 2
2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу;
Тармақша 3
3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту);
Тармақша 4
4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;
Тармақша 5
5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5-1
Тармақша 6
6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;
Тармақша 7
7) темекi өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер;
Тармақша 7-1
7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;
Тармақша 7-2
7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;
Тармақша 8
8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 1-1
1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу
3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;
Тармақша 3
3) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 1-2
1-2. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) экономикалық мүдделерді және халықтың денсаулығын қорғау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және оған әкелінетін темекі өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу:
Тармақша 1
1) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды;
Тармақша 2
2) темекi өнiмдерiнiң импортын реттеудi;
Тармақша 3
3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингтi жүзеге асыру және декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы бақылау жасауды;
Тармақша 4
4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.
Тармақ 3
3. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына темекi өнiмдерiн әкелуге шектеулер мен тыйымдар белгiлейдi;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4-1
4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4-2
Тармақша 5
5) алып тасталды;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
Бап 5. 5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiнiң теңгерiмiне бақылау, есеп жүргiзедi және талдау жасайды;
Тармақша 2-1
2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдармен темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 5
5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5-1
5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 5-2
5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 5-3
5-3) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану тәртібін айқындайды;
Тармақша 5-4
Тармақша 5-5
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi
6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi
Темекi өнiмдерiн өндiру:
Тармақша 1
1) лицензияда көрсетiлген мекенжай бойынша;
Тармақша 2
2) стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн жабдықта;
Тармақша 3
3) өндiрiс паспорты болған кезде;
Тармақша 4
4) темекi өнiмдерiн өндiрушiге меншiк құқығымен немесе өзге де құқықтармен тиесiлi темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi үйлер мен үй-жайлар болған кезде;
Тармақша 5
5) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөнiндегi зертханасы болған кезде жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер
7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер
Тармақ 1
1. Өндiрiс паспортын темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеп, толтырады және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тармақ 2
2. Өндiрiс паспортында мынадай негiзгi мәлiметтер болуға тиіс:
Тармақша 1
1) технологиялық жабдықтың негiзгi сипаттамалары көрсетiлген темекi өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық схемасы;
Тармақша 2
2) сапа бақылауын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) дайын өнiмнiң қойма үй-жайларының сыйымдылығы;
Тармақша 4
4) темекi және темекi емес компоненттер шығыстарының нормативтерi, ысырап нормалары.
Тармақ 3
3. Өндiрiс паспортындағы мәлiметтер өзгерген жағдайда, темекi өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде аталған өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға құжаттап хабарлауға мiндеттi.
Бап 8. 8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау
8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау
Тармақ 1
1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Темекі өнімдерін импорттауды және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларациялар ұсынуға міндетті.
Бап 9. 9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау
9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Темекі өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
Бап 10. 10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру
10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру
Тармақ 1
1. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлетiн лицензияның қолданылуын лицензиар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;
Тармақша 2
2) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзған;
Тармақша 3
3) лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензияланатын қызмет жүзеге асырылмаған;
Тармақша 4
4) лицензиарға оның құзыретiне сәйкес мәлiмет беруден бас тартқан немесе дәйектемесiз ақпарат берген;
Тармақша 5
5) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.
Тармақ 2
2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Бап 11. 11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларды әкелу туралы хабарлама және қабылдау (беру) актісі ресімделеді.
Тауарларды әкелу туралы хабарламаны және қабылдау (беру) актісін ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тауарларды әкелу туралы хабарламасы және қабылдау (беру) актісі жоқ, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.
Тармақ 3
Бап 12. 12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу
12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу
Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу акциз ставкаларын, кедендiк, арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждар ставкаларын, темекi өнiмдерiнiң импортына квоталарды бекiту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.
Бап 13. 13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Тармақ 1
1. Қызметiн Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұза отырып жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Шығарылған жері белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен темекі бұйымдарын таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзыла отырып өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға жатады.
Бап 14. 14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.