Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания в сфере государственного аудита и финансового контроля Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Есеп комитетінің Әдіснама және сапа бақылауы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 10-НҚ Нормативтік қаулыға Қосымша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) орындаушы – Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) зерттеу – шетелдік тәжірибені ескере отырып, зерттеу нысанасын зерделеуге және жан-жақты талдауға, кейіннен бар проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған іс-шара;
Тармақша 3
3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу, сондай-ақ бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің және мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орындаушының көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген, негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
Тармақ 4
4. Орындаушының тікелей шығыстарына қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Орындаушының жанама шығыстарына тұтастай орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын шығыстар жатады. Жанама шығыстардың сомасы тиісті қаржы жылына арналған әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражаты сомасының 30 пайызынан аспайды.
Тармақ 5
5. Шығыстарды есепке алудың тікелей әдісі қызмет құнын айқындаудың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады. Қызметтер құны мынадай формула бойынша айқындалады: Рқыз = Рт + Рж мұнда, Рқыз – қызмет көрсетуге арналған шығыстар; Рт – тікелей шығыстар; Рж – жанама шығыстар.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде орындаушының тікелей және жанама шығыстарына жатпайтын, сондай-ақ негіздейтін құжаттармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.
Тармақ 8
8. Орындаушы Жоғары аудиторлық палатаның атынан Тапсырыс берушіге кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметтер құнының есебін негіздейтін құжаттарымен бірге ұсынады.
Басқа 1.1
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына қосымша Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы ___________________________________________________________________ № р/с Шығыстар баптарының атауы 1 бірліктің бағасы, теңгемен Саны Сомасы, теңгемен Қысқаша негіздеме 1 2 3 4 5 6 20__ жылға БАРЛЫҒЫ 1. Тікелей шығыстар: 1.1. Еңбекақы төлеу қоры (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жалақысы) 1.2. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 1.3. Іссапар шығыстары (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың) 1.4. Сарапшыларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға арналған шығыстар (жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бірінің көлемінен аспайды) 1.6. Тауарлар мен материалдарды сатып алу (кеңсе тауарлары мен шығыс материалдары, дипломдар мен төсбелгілер) 1.7. Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар және пайдалану шығыстары 1.8. Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстар (қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жұмыс орны) 1.9. Аударма қызметтеріне, инфографикаға және типографиялық қызметтерге арналған шығыстар 1.10. Цифрлық кітапханаларға және электрондық дерекқорларға қосылу бойынша шығыстар 1.11. Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар (ақпараттық жүйелерді, патенттерді және басқаларын пайдалану құқығы) 1.12. Пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда), хостинг және доменге, интернет-ресурстарды әзірлеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстар 1.13. Зерттеу материалдарын жариялаумен байланысты шығыстар 2. Жанама шығыстар: 2.1. Әкімшілік-басқару персоналының жалақысы 2.2. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар 2.3. Қаржы-шаруашылық шығыстар (материалдарды, қорларды және негізгі құралдарды (әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны) сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, салықтар мен алымдар, байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, пайдалану қызметтеріне ақы төлеу, іссапар шығыстары және әкімшілік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстар) Бірінші басшы __________________ __________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) Бас бухгалтер __________________ __________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі)