Об утверждении Правил разработки доктрин (стратегий), государственных программ, комплексных планов, дорожных карт Күшін жойған
Басқа 0
Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тұжырымдама, доктрина әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17139 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі
Басқа 0. Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 83 Бұйрықпен
бекітілген
Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) 8-тармағына сәйкес әзірленді және доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әзірлеуші мемлекеттік орган – МЖЖ құжатын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) бірлесіп орындаушы – Стратегияны әзірлеу және іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын, қызметтерінен өз өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауаптылардың оларға қол жеткізуі байланысты болатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және басқа да ұйымдар;
Тармақша 3
3) доктрина (стратегия) – белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың, пайым мен көзқарастардың жиынтығын айқындайтын және Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілетін құжат;
Тармақша 4
4) жол картасы – саланың/аяның жекелеген міндеттеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын, қызметтің жекелеген бағыттары бойынша әзірленетін, ведомствоаралық сипатта болатын іске асыру сипатындағы құжат;
Тармақша 5
5) кешенді жоспарлар – дамудың жекелеген маңызды салалық немесе өңірлік мәселелерін жедел шешуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын іске асыру сипатындағы құжат;
Тармақша 6
6) мемлекеттік бағдарлама – негізінен дамудың идеологиялық, нормативтік және басқа да аспектілерін қозғайтын және елеулі қаржы ресурстарын бөлуді талап етпейтін жекелеген саясаттарды іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен тәсілдерін айқындайтын құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Доктриналарды (стратегияларды) әзірлеу тәртібі
2-тарау. Доктриналарды (стратегияларды) әзірлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Доктриналар (стратегиялар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік, сыртқы және ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ ел дамуының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша жалпыұлттық ұстанымдарды, ортақ көзқарастарды, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын тұжырымдау мақсатында әзірленеді.
Тармақ 4
4. Доктринаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) кіріспе;
Тармақша 2
2) ағымдағы ахуалды талдау;
Тармақша 3
3) негізгі ережелер: белгілі бір мәселе бойынша дамудың мақсаттары мен қағидаттары, пайымы және тәсілдері;
Тармақша 4
4) қорытынды.
Тармақ 5
5. Доктрина (стратегия) жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) МЖЖ құжаттарын іске асыруға бағытталған;
Тармақша 2
2) МЖЖ-ның жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мақсаттар мен қағидаттарды қамтиды;
Тармақша 3
3) қысқаша және нақты жазылады.
Тармақ 6
6. Доктриналарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар, сарапшылар, әртүрлі білім салаларының мамандары тартылады.
Тармақ 7
7. «Кіріспе» бөлімінде доктринаны (стратегияны) әзірлеудің негіздемесі мен қажеттілігі көрсетіледі, доктринаның мәні ашып жазылады.
Тармақ 8
8. «Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімінде белгілі бір салалардағы қолданыстағы мемлекеттік саясаттың қалыптасқан көзқарастар жүйесін, қағидаттары мен бағыттарын талдау көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Негізгі ережелер» бөлімінде мемлекеттік саясатты жүргізудің мақсаттары, қағидаттары, бағыттары, тәсілдері мен нысандары айқындалады, сондай-ақ оларды таңдаудың негіздемесі келтіріледі.
Доктринаның (стратегияның) мақсаттарында белгілі бір мәселеде істердің түпкілікті қалаулы жағдайы көрсетіледі.
Доктринаның (стратегияның) қағидаттарында мемлекеттік саясаттың ұсынылып отырған бағдарын іске асырудың негіздері мен қағидалары белгіленеді.
Белгілі бір мәселе бойынша дамуды пайымдау осы мәселенің қағидаттарын, көзқарастарын білдіреді.
Белгілі бір мәселе бойынша даму тәсілдері алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің әдістерін, болжанатын (ықтимал) жолдарын білдіреді.
Тармақ 10
10. «Қорытынды» бөлімінде доктринаны (стратегияларды) іске асырудың нәтижесінде елдің және қоғамның дамуында күтілетін оң өзгерістер көрсетілген жалпы тұжырымдар қамтылады.
Тармақ 11
11. Доктринаның (стратегияның) жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 12
12. Доктринаның (стратегияның) жобасы әзірлеу сатысында, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік бағдарлама МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында кемінде 5 жыл кезеңге әзірленеді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленеді.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) паспорт (негізгі параметрлер);
Тармақша 2
2) мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері;
Тармақша 3
3) қажетті ресурстар;
Тармақша 4
4) іс-шаралар жоспары (қосымша түрінде).
Тармақ 16
16. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) МЖЖ құжаттарын іске асыруға бағытталған;
Тармақша 2
2) МЖЖ-ның жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жекелеген саясаттарды, іс-шараларды іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен тәсілдерін қамтиды;
Тармақша 3
3) аяралық, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағдарланған;
Тармақша 4
4) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған;
Тармақша 5
5) қаржылық, еңбек және материалдық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) қысқаша және нақты жазылады.
Тармақ 17
17. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде мыналар:
Тармақша 1
1) атауы;
Тармақша 2
2) әзірлеу үшін негіз;
Тармақша 3
3) әзірлеуші мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушылардың нұсқауы;
Тармақша 4
4) мақсаттары;
Тармақша 5
5) міндеттері;
Тармақша 6
6) іске асыру тәсілдері мен мерзімдері;
Тармақша 7
7) қаржыландыру көздері мен көлемдері қамтылатын мемлекеттік бағдарламаның негізгі параметрлері жазылады.
Тармақ 18
18. «Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері» бөлімінде МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттары негізге алына отырып қалыптастырылатын мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, іске асыру тәсілдері мен мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізудің негізгі шарттары болып табылатын, жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айқындалады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тәсілдері әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қамтиды.
Тармақ 21
21. «Қажетті ресурстар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер жазылады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін Орналастыру қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес беітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23023 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары және Жобалық басқарудың үлгілік регламенті) сәйкес жобалық басқарудың әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Тарау 4. 4-тарау. Кешенді жоспарларды әзірлеу тәртібі
4-тарау. Кешенді жоспарларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 25
25. Кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша маңызды салалық және өңірлік мәселелерді жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді.
Тармақ 26
26. Кешенді жоспардың құрылымы кесте пішінінде болады және мыналарды:
Тармақша 1
1) күтілетін нәтижелерді;
Тармақша 2
2) іс-шараларды (нақты іс-әрекеттер);
Тармақша 3
3) іс-шаралардың аяқталу нысанын;
Тармақша 4
4) іс-шаралардың орындалу мерзімдерін;
Тармақша 5
5) жауапты орындаушыларды/бірлесіп орындаушыларды;
Тармақша 6
6) қаржыландыру көлемін;
Тармақша 7
7) қаржыландыру көздерін қамтиды.
Тармақ 27
27. Кешенді жоспардың жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мерзімі, қаржы ресурстары, аяқталу нысандары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды (нақты іс-әрекеттерді) орындаушылар бойынша келісілген жүйені қамтиды;
Тармақша 2
2) шаралардың атаулылығын, олардың іске асырылуының мерзімдері мен дәйектілігін нақты айқындауды, орындаушылар қызметінің мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Кешенді жоспарлар қажет болған жағдайда негізгі міндеттерді, проблемаларды көрсете отырып, осы құжатты қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпаратты көрсететін «Кіріспе» бөлімімен толықтырылады.
Тармақ 29
29. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 30
30. Кешенді жоспар кешенді жоспарды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 31
31. Кешенді жоспардың жобасы әзірлеу сатысында, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Жол карталарын әзірлеу тәртібі
5-тарау. Жол карталарын әзірлеу тәртібі
Тармақ 32
32. Жол карталары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша ведомствоаралық сипаттағы қызметтің жекелеген бағыттары бойынша 3 жылдан аспайтын мерзімде әзірленеді.
Тармақ 33
33. Жол картасының құрылымы кесте пішінінде болады және мыналарды:
Тармақша 1
1) күтілетін нәтижелерді;
Тармақша 2
2) іс-шараларды (нақты іс-әрекеттер);
Тармақша 3
3) іс-шаралардың аяқталу нысанын;
Тармақша 4
4) іс-шаралардың орындалу мерзімдерін;
Тармақша 5
5) жауапты орындаушыларды/бірлесіп орындаушыларды қамтиды.
Тармақ 34
34. Жол картасының жобасын әзірлеу мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мерзімі, қаржы ресурстары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды (нақты іс-әрекеттерді) орындаушылар бойынша келісілген жүйені қамтиды;
Тармақша 2
2) шаралардың атаулылығын, олардың іске асырылуының мерзімдері мен дәйектілігін нақты айқындауды, орындаушылар қызметінің мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Жол карталары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының шешімдерімен, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрықтарымен МЖЖ-нің 8-тармағына сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша әзірленген және бес немесе одан астам мемлекеттік органның құзыретіне қатысты жол карталарын осы салаға/аяға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының шешімімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша әзірленген және бестен аспайтын мемлекеттік органның құзыретіне қатысты жол карталары осы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрықтарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары бойынша әзірленген жол карталарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 36
36. Жол картасының жобасы әзірлеу сатысында стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 37
37. Жол картасының жобасы жол картасын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 38
38. Жол картасының жобасы әзірлеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін Орналастыру қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Басқа 1. Кешенді жоспар
________________________________________________
(кешенді жоспардың атауы)
___________________________________________________________________
Доктриналарды (стратегияларды),
мемлекеттік бағдарламаларды,
кешенді жоспарларды, жол
карталарын әзірлеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кешенді жоспар
________________________________________________
(кешенді жоспардың атауы)
___________________________________________________________________
Р/с
№
Атауы
Аяқтау нысаны
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушылар
Қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көздері
Күтілетін нәтижелер:
1)
2)
...
n)
Бағыттың атауы____________________________
1.
1-іс-шара
2.
n іс-шарасы
3.
n іс-шарасы
Бағыттың атауы___________________________
4.
1-іс-шара
5.
n іс-шарасы
6.
n іс-шарасы
Ескертпе: Кешенді жоспардың нысаны осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 2. Кешенді жоспарды
толтыру бойынша түсіндірме
Кешенді жоспар нысанына
қосымша
Кешенді жоспарды
толтыру бойынша түсіндірме
Кешенді жоспар былайша толтырылады:
Тармақша 1
1) «Күтілетін нәтижелер» деген жолда Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер сипатталатын күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Тармақша 2
2) «Атауы» деген жолдарда кешенді жоспардың негізгі бағыттары көрсетіледі.
Әрбір бағыт «Іс-шара» деген бағанда көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;
Тармақша 3
3) «Іс-шара» деген бағанда Кешенді жоспар іс-шараларының атауы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) «Аяқтау нысаны» деген бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы ) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) «Орындау мерзімі» деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімі бір-бірімен байланыстырылады және Кешенді жоспар бойынша тұтастай алғанда жоғары тұрған органдарды хабардар етуі жылына екі реттен аспауға тиіс;
Тармақша 6
6) «Орындауға жауаптылар» деген бағанда міндеттер мен іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Тармақша 7
7) «Қаржыландыру көлемі» деген бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жобаланатын көлемі көрсетіледі.
Тармақша 8
8) «Қаржыландыру көздері» деген бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі.
Бұл ретте іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі.
Басқа 3. ________________________________________________ жол картасы
(жол картасының атауы)
___________________________________________________________________
Доктриналарды (стратегияларды),
мемлекеттік бағдарламаларды,
кешенді жоспарларды, жол
карталарын әзірлеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
________________________________________________ жол картасы
(жол картасының атауы)
___________________________________________________________________
Р/с
№
Атауы
Аяқтау нысаны
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушылар
Күтілетін нәтижелер 1) 2) ... n)
Бағыттың атауы _______________________________________
1-іс-шара
n іс-шарасы
n іс-шарасы
Бағыттың атауы _______________________________________
1-іс-шара
n іс-шарасы
n іс-шарасы
Ескертпе: Жол картасының нысаны осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 4. Жол картасын
толтыру бойынша түсіндірме
Жол картасы нысанына
қосымша
Жол картасын
толтыру бойынша түсіндірме
Жол картасы былайша толтырылады:
Тармақша 1
1) «Күтілетін нәтижелер» деген жолда жол картасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістерді сипаттайтын күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Тармақша 2
2) «Атауы» деген жолдарда жол картасының негізгі бағыттары.
Әрбір бағыт «Іс-шара» бағанында көрсетілетін іс-шараларға бөлінеді;
Тармақша 3
3) «Іс-шара» бағанында жол картасы іс-шараларының атауы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) «Аяқтау нысаны» деген бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуын білдіретін іс-шараның сапалық сипаттамасы) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) «Орындау мерзімі» деген бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-бірімен байланыстырылады және жалпы жол картасы бойынша жылына екі реттен артық жоғары тұрған органдарды хабардар етуден аспауға тиіс;
Тармақша 6
6) «Жауапты орындаушы» деген бағанда іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Бұл ретте іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушы ретінде көрсетіледі.