Об утверждении Правил оплаты проезда больных, направляемых на лечение внутри Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішіндегі емдеуге жіберілген науқастардың жол ақысын төлеу қағаздарын бекіту туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы мәслихатының 2004.08.20 № 11/115 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңының 7 бабына, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті Мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2002 жылдың 16 қазанына № 2012 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының қаржы және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» 2002 жылдың 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Медициналық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы ішінде емделуге жіберілген науқастардың жол ақысын, оның ішінде науқастың және керекті жағдайда оны алып бара жатқан тұлғаның жол ақысын төлеу туралы қағидалары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Досанов Е.Д.) квота бойынша жіберілген науқастардың жол ақысын уақытында төлеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (А.Р.Ысқақовқа) жүктелсін.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының ішінде емделуге жолдама алған ауруларға жол ақы төлеу туралы қағида
№ 1 қосымша
«Қазақстан Республикасының
ішінде емделуге жолдама алған
ауруларға жол ақы төлеу туралы
қағида» Балқаш қалалық мәслихат
сессиясының 2003 жылғы сәуірінде
29/283 номері шешімімен бекітілсін
Қазақстан Республикасының ішінде емделуге жолдама алған ауруларға жол ақы төлеу туралы қағида
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы» (код 258051000) Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2002 жылдың 16 қазандағы 2012 нөмірі тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасының бюджетті жобалау және қаржы Министрлігінде 2002 жылдың 23 қыркүйектегі 3 номерлі бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы бірыңғай бюджеттік топтастыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7 бабына сәйкес осы қағидалар жасалған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ішінде емдеуге жолдама алған ауруларға жол ақы төлеу берілген бөлім (квота) бойынша жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Аурулардың жол ақыларын төлеу тәртіптері және реттері
2. Аурулардың жол ақыларын төлеу тәртіптері және реттері
Тармақ 3
3. Ауырған адамдар өзі тұратын жеріндегі қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне жол ақыларын төлеу туралы өтініш береді.
Тармақ 4
4. Жол ақыларын алуға құқығы бар азаматтар келесі құжаттарын ұсынады.
Тармақша 1
1) Халықтық банктегі жеке шотының номері көрсетілген өтініш;
Тармақша 2
2) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН);
Тармақша 3
3) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Емделген мекеме берген құжаттың көшірмесі
Тармақша 5
5) Емделуге берілген жолдаманың көшірмесі.
Тармақ 5
5. Жол ақыларының құнын алуға қажетті құжаттардың түп нұсқалары тапсырылады. Жеке іске еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі маманының қолы қойылған көшірмелері тігіледі. Салыптастарын тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көзі.
3. Қаржыландыру көзі.
Тармақ 6
6. Жол билеттерінің құнын қаржыландыру көзі – қалалық бюджет болып табылады.
Тарау 4. 4. Есепке алу, бақылау және беру
4. Есепке алу, бақылау және беру
Тармақ 7
7. Жол билеттері құнын төлеу, есепке алу, бақылау және есеп беруді жүргізу, қала әкімі аппаратының жанындағы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ай сайын қалалық қаржы бөліміне жол билеттерін төлеу жөнінде мәліметтер беріп отырады.