Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қостанай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 01-30/580 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округінің Белозер ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қостанай аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.