Об утверждении Правил отнесения участников внешнеэкономической деятельности к категории минимального риска и применения упрощенного порядка таможенного оформления Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең aз тәуекел санатына жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 371 , 470-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың;
Тармақша 2
2) Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесi
"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығымен бекiтiлген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрi - СЭҚ) қатысушыларды айқындаудың тәртiбiн белгілейді.
Тармақ 2
2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс
Тармақ 3
3. Мыналар: ең аз тәуекел санатына кеден төлемдерi мен салықтарын мемлекеттiң бюджетiне жылдың ішінде уақытылы және толық төлеу; осындай құқық бұзушылықтар үшiн белгiленетiн талап арыз мерзiмiнiң көнелігi ішiнде Қазақстан Республикасының кеден және валюталық заңнамасын бұзушылықтардың болмауы; жылдың ішінде экспорттық валюталық түсімдердің/экспорттық-импорттық мәмiлелер жөніндегі импорты бойынша түсiмдердiң уақытылы қамтамасыз етiлуi; СЭҚ қатысушылардың сыртқы экономикалық қызметiн екi жылдан астам уақытта жүзеге асыруы ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдерi болып табылады; тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 20 реттен кем емес.
Тармақ 4
4. СЭҚ-қа қатысушы ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танылған жағдайда, кеден органы аталған мәліметтерді СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың жалпылама тізіліміне енгізу туралы шешім шығару үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.
Тармақ 5
5. Кеден ici мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ең аз тәуекел санатына жатқызылған CЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiн барлық кеден органдарына жiбередi.
Тармақ 5-1
5-1. СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп тану туралы мәліметтерді қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын кеден органдарынан құжаттарды сұратады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аталған мәліметтерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. СЭҚ-қа қатысушыға және аумақтық кеден органына жіберілетін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жазбаша қорытындысы СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танудың негіздемесі болып табылады.
Тармақ 6
6. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiнен СЭҚ қатысушыны шығару мынадай:
Тармақша 1
1) көрсетiлген құқық бұзушылықты жасағандығы туралы сот шешiмiнiң болуы шартымен, CЭҚ қатысушы кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықты жасаған;
Тармақша 2
2) кеден төлемдерi мен салықтары бойынша берешектер қордаланған жағдайларда кеден органын хабардар ету негiзiнде жүргiзiледi;
Тармақша 3
3) жалпылама тізілімге енгізілген тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда. Көрсетiлген жағдайларда, кеден органы СЭҚ қатысушыны оның тiзiлiмнен шығарылғандығы туралы 3 жұмыс күнiнiң iшiнде хабардар етедi.
Басқа 1. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi
"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығымен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi
Тармақ 1
1. Осы Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 371-бабына сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрi - СЭҚ) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуiнiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi: оларды бiрдейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең аз көлемi ұсынылған жағдайда, тауарлар шығаруды; оларға қатысты тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi белгiленген СЭҚ қатысушылардың уақытша сақтау орындарында қараудың жүргiзiлуiн қамтиды.
Тармақ 3
3. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi "тауарлардың экспорты" және "еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" кеден режимдерiне сәйкес өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде қолданылады.
Тармақ 4
4. Оңайлатылған тәртіпті пайдалана отырып тауарларды кедендік ресімдеу кедендік тексеру жүргізбестен, оларды уақытша сақтау орындарға орналастырмастан, сондай-ақ кедендік алып жүру қолданылмастан жүргізіледі. Кедендік тексеру егер тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілді деп санауға негіздеме болған жағдайларда ғана жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының кеден органдарына жолдайтын СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiне сәйкес ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушыға қолданылады.
Тармақ 6
6. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi саласында жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылық туралы ақпарат немесе күдiк болған жағдайда кеден органдарының кедендiк бақылаудың кез келген нысандарын қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Тармақ 7
7. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.