Об утверждении Правил выдачи заключений для включения (исключения) компьютерных систем в (из) Государственный реестр контрольно-кассовых машин с фискальной памятью, разрешенных к использованию на территории Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесін бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақпараттандыру басқармасы (Ә.Ғ.Есімова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары А.Қ.Тұрғанқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-п бұйрығымен бекітілген Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) компьютер жүйелерін (бұдан әрі - КЖ) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген түсініктер пайдаланылады.
Тарау 2. 2. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру тәртібі
2. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру тәртібі
Тармақ 3
3. КЖ иесі (бұдан әрі - өтініш беруші) КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды алу мақсатында Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысанда құрастырылып толтырылған КЖ техникалық талаптарға сәйкестігі туралы өтініш - сауалнамасын;
Тармақша 2
2) КЖ функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша суреттемесін. Құжаттар қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.
Тармақ 4
4. Тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды тапсырғанда немесе Ережеде көзделген құжаттарды тапсырмағанда, Комитет қараудан бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге құжаттарды қарамай қайтарады.
Тармақ 5
5. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы мәселелерді қарауды Комитет қажетті материалдар қоса берілген өтініш-сауалнаманы қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде қарайды.
Тармақ 6
6. Комитет өтініш берушіден КЖ техникалық сипаттамалары туралы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Өтініш беруші қосымша ақпаратты ұсынғаннан кейін Комитеттің тапсырылған құжаттарды қарау мерзімі жаңадан есептеледі. Қараудың қорытындысы бойынша Комитет мына шешімдердің біреуін қабылдауға құқылы: КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы; КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тарту туралы.
Тармақ 7
7. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тартқан жағдайда, Комитет өтініш берушіге бас тартудың дәлелді себептері көрсетілген тиісті хатты жібереді.
Тармақ 8
8. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған қорытынды осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
Тарау 3. 3. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру тәртібі
3. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру тәртібі
Тармақ 9
9. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру мәселелерін қарауды Комитет өтініш берушінің немесе салық қызметі органдарының негізінде жүзеге асырады. Өтінішке техникалық талаптардың өзгерісінің нәтижесі болып табылатын, КЖ техникалық талаптарға сәйкес еместігін сипаттайтын материалдар қоса беріледі.
Тармақ 10
10. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру (беруден бас тарту) туралы шешімді Комитет қажетті материалдар қоса берілген өтініш қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде қарайды. Комитет КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып тиісті хат жібереді.
Тармақ 11
11. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген Қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар (әрбір КЖ үшін жеке толтырылады)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесіне N 1 қосымша Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген Қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар (әрбір КЖ үшін жеке толтырылады) Өтініш берушінің атауы ______________________________________ _____________________________________________________________ СТН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ Өтініш берушінің орналасқан жері ______________ облысы _________________қаласы __________ ауданы ___________________ көшесі _________________ үйі КЖ атауы _____________________________________________________ ______________________________________________________________ КЖ әзірлеуші ____________________________________________ ______________________________________________________________ ___________ нұсқасы КЖ-ны жасау датасы ____________ КЖ әзірлеушінің орналасқан жері ______________ облысы _________________қаласы __________ ауданы ___________________ көшесі _________________ үйі Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға сәйкестігін растайды, атап айтқанда: Серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе (ОЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ ________________________________________________________________ Деректер қорларын (ДҚ) пайдаланушыны сәйкестендіру дерекқорларды басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Парольды таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен жұмыс станциясын бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______ _______________________________________________________________ Парольдардың қолданылу мерзімі (күндер саны): Пайдаланушының _________________________________________________ жүйе әкімшісінің _______________________________________________ дерекқор әкімшісінің ___________________________________________ Парольдың ең аз ұзындығы (символдар саны): Пайдаланушының _________________________________________________ жүйе әкімшісінің _______________________________________________ дерекқор әкімшісінің ___________________________________________ Парольдың күрделілігін тексеру (сандарды және арнайы символдарды міндетті пайдалану) (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Жүйе пароль ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ КЖ бір жүйенің атымен қосымшаға екі не одан да көп пайдаланушылардың қосылу мүмкіндігін болдырмайды (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзінен басқа құралдармен қосылуының мүмкін еместігі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Әрбір операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша сәйкестендіріледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Әрбір операция бір мағналы тізбекті бірегей нөмірмен белгіленеді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ КЖ сәулет болып табылады: клиент-сервер пост-терминал (қажеттісінің астын сызу) Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегімен енгізіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Операция расталғаннан кейін ДҚ-ға енгізілген ақпаратқа қосымша құралдарымен түзетудің мүмкін еместігі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Қате енгізілген операция "сторно" операциясын жүзеге асыру жолымен түзетіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Соңғы пайдаланушы өзінің орындайтын функцияларының шеңберінде ДҚ иелік етуге құқылы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкімшілерінің арасында құқықтарды бөлу (әкімшілердің іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді көрсету) _______________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Аудиторлық журналдар әкімшілік құқықтары бар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Оператор белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) тұрып қалған жағдайда, оны ДҚ-дан ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ ДҚ-мен жұмыс істегенде оператордың іс-қимылын уақыт бойынша шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Авторландырусыз қол жеткізуі бар есепке алу жазуларын ОЖ құралдарымен бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________ _______________________________________________________________ Компьютерлік жүйе, электр қоректендіру және басқалары жұмыс істемей қалған жағдайда, деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар: __________________________________________________________________ Деректерді қалпына Иә Жоқ келтіру жөніндегі шаралар __________________________________________________________________ қосарланушы серверді пайдалану кластер жүйесін пайдалану __________________________________________________________________ Серверлерде түрлі деңгейдегі(1-5) RAID кіші жүйесін қолдану __________________________________________________________________ Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резерв. тік көшірмелерін жасау __________________________________________________________________ Өзгесі (көрсетілсін) _____________________________________________ __________________________________________________________________ Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтік көшірмелерін жасау: __________________________________________________________________ ДҚ үшін Транзакциялар журналы үшін __________________________________________________________________ резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі (айына, жылына/рет) __________________________________________________________________ резервтік көшірмелердің саны (дана) __________________________________________________________________ резервтік көшірмелерді сақтау мерзімі(жыл) __________________________________________________________________ резервтік көшірмелерді сақтау орны (резервтік сейф/орталық және т.б.) __________________________________________________________________ Жүйені толық қалпына келтіру уақыты _________________________ ДҚ қалпына келтіру журналының резервтік көшірмелерінің бар болуы (иә/жоқ) _______________________ ________________________________________________ ________ (өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.) (қолы) М.О.
Басқа 2. Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің берген қорытындысы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесіне N 2 қосымша Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің берген қорытындысы Астана қаласы 2003 жылғы "___" __________ 1. Өтініш беруші __________________________________________ 2. Өтініш берушінің орналасқан жері: Елі ______ Облысы ____________ Қаласы________________ Ауданы ________ Көшесі _____________ Үйі ___________ Телефоны _________ Факсы ______________ 3. ____________________________________________________ (КЖ атауы) _______________________________________________________, нұсқасы ______________, жасалған уақыты _______________, Әзірлеуші _____________________________________________ Әзірлеушінің орналасқан жері: Елі ______ Облысы ____________ Қаласы________________ Ауданы ________ Көшесі _____________ Үйі ___________ Телефоны _________ Факсы ______________ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес. Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы М.О.
Басқа 3. Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінен шығаруға Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің берген қорытындысы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесіне N 3 қосымша Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінен шығаруға Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің берген қорытындысы Астана қаласы                 2003 жылғы "___" ___________       1. Өтініш беруші __________________________________________       2. Өтініш берушінің орналасқан жері:       Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________       Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________       Телефоны _________ Факсы ______________       3. ____________________________________________________                             (КЖ атауы)       _______________________________________________________,       нұсқасы ______________, жасалған уақыты _______________,       Әзірлеуші _____________________________________________       Әзірлеушінің орналасқан жері:       Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________       Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________       Телефоны _________ Факсы ______________       Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық       талаптарға сәйкес емес.        Көлік және коммуникациялар       министрлігі Байланыс және       ақпараттандыру жөніндегі       комитетінің төрағасы        М.О.