О порядке пешеходного и автогужевого движения по льду на водоемах области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың суайдындары мұзының үстінен адамдардың, авто және ат көлігімен жүру тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешіміне. Қысқы өткелдер мен мұз үсті жолдарының қауіпсіз болуын және оларды қалыпты күйде ұстау, күзгі-қысқы және көктемгі кезде облыс суайдындарында адамдардың бақытсыз жағдайларының алдын алу мақсатында:
Тармақ 1
1. Мұз өткелдерінің қауіпсіздігі, қауіпсіз орналасуы және оларды ұстау, пайдалану жөніндегі ережелер облыс аумағында 1998 жылғы қаңтардың 1-нен бастап күшіне енсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің облыстық судан құтқару қызметімен келісу бойынша күзгі-қысқа және көктемгі кезде Ертіс өзені мен басқа суайдындарының мұзы үстінен өту орындарын анықтасын. Ертіс өзендегі барлық өткелдерде ведомстволық құтқару постыларын орнатсын. Өткелдерді орнату және үстау, мүз үсті жолдарын бір қалыпта ұстау және өткелдің (жолдың) барлық учаскесі бойынша адамдар орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына (меншік нысандарына қарамастан) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Павлодар және Ақсу қалаларының, Павлодар ауданының әкімдері Ертіс өзені мұзында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдансын. Бұл үшін Ертіс өзенінің Павлодар қаласы шеңберіндегі учаскесінде және Черноярка, Григорьевка, Сычевка елді мекендерін қоса өзен ағыны бойынша 60 километр төмен мұз үстінен жүруге тыйым салуға міндеттелсін. Өзеннің қауіпті учаскелерінің жағасына ескерту белгілерін қойсын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осындай учаскелер туралы тұрғындардың назарына жеткізетін болсын.
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма (Сержанов), Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің облыстық судан қүтқару қызметі (Власов) қысқа өткелдердің қауіпсіз жасалуына және сақталуына бақылау жасау, облыстың су айдындарында төтенше жағдайларға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 5
5. Павлодар облысы әкімінің 1994 жылғы ақпанның 7-дегі «Облысың суайдындарының тәртібі туралы» № 24 қаулысының күші жойылған болып саналсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға (Сержанов) жүктелсін.
Басқа 7. Мұз үсті өткелдері құрылысының қауіпсіздігі, оларды қалыпты жағдайда ұстау және облыстың су қоймаларында оларды дұрыс пайдалану жөніндегі ЕРЕЖЕЛЕР
Облыс әкімінің 1998 жылғы қаңтардың 12-дегі № 5 шешіміне 1-қосымша Мұз үсті өткелдері құрылысының қауіпсіздігі, оларды қалыпты жағдайда ұстау және облыстың су қоймаларында оларды дұрыс пайдалану жөніндегі ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Мұз үсті өткелдерін ұйымдастыру және пайдалану адамдардың қауіпсіз өтуін, малдың, көліктің, жүктін толық сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Өткелі орындарын, қыс басталғанда олармен жүруді ашу уақытын, маусымның аяқталуына байланысты немесе күн жылынып кеткен жағдайда оларды жабуды, сондай-ақ туәлік ішіндегі жұмыс тәртібін облыс қалалары мен аудандырының әкімдері құрған комиссия айқындайды.
Тармақ 2
2. Мұзды өткелдер үшін бөлінген орын мына төмендегі талаптарға сай болуы керек: - өткел аймағы мен оған жақын маңайлардағы кәсіпорындарында, электр стансияларында пайдаланылған жылы суды ағызуға бөлінген орындар, сонымен бірге мұз үсті шұқанақтары, жылымдар, суаттар, ыза су шығатын орындар, мұз дайындайтын алаңдар, қауіпті жыралар мен аралық сулар болмауы керек; - өткелде ведомстволық құтқару күзету болуы керек; - өткелге кіре берісте көрнекті жерге өткелдің атауы, жұмыс уақыты мен қондырғыға және оны ұстап тұрүға жауапты адамның тегі жазылады, маңдайша ілінеді; - өткелге түсетін жерлерде су қоймасының екі жағынан арнайы торларға қысқы сақтантыру құралдары, ілгекті бақандар, баспалдақтар, құтқару тақтайлары, құтқару шеңберлері, белдіктер, «Александров» ұштары, мұз ойылап кеткен жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге қажет ұзындығы 5-6 метр, диаметрі 12-16 см, 7-8 бөрене қойылды. Сонымен бірге «Мұзда сақ болыңыздар!», «Мұзда зардап шегушілерге қалай көмек көрсетуге болады?» плакаттары, ең жақын жердегі құтқару стансаларының, милиция органдарының, жедел көмек көрсету орындарының телефон нөмірлері ілінеді; - өткелдер құрылысы мен оны ұстап тұрүға жауапты ұйымдар мұзды күн сайын таңертең және кешкілікте, ал күн жылынған кезде күндіз де өлшейді және мұздың жүк көтергіштігін анықтайды. Жылынып кетушілікпен және беріктілігінің бұзылуынан сақтану үшін оның көлік жүретін бөлігі мал қиы мен қардан тазартылады, жолға құм мен қиыршық тас төселмейді, бүкіл жол бойының, әсіресе терең және су ағыны күшті жерлердің мұзы өлшенеді,
Тармақ 3
3. Мұзды өткел үстінің күзетшісінің: - Құтқару күзеті жұмысының есебін жүргізетін, мұз бен мұз негізінің жайын көрсететін, сонымен бірге көліктің кебір түрлерін өткізуде жол жүру ережесінің бұзылу жағдайларын тіркейтін журналы; - мұздың жүк көтергіштігі мәліметі мен мұзды дауылдар деңгейінің кестесі; - жақын маңайдағы құтқару стансасының немесе құтқару күзет, милиция, жедел медициналық көмек телефондары мен мекен-жайлары қол астында болуы керек.
Тармақ 4
4. Мыналарға: - кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге ТЖМК-і құтқару қызметінің өткел өтетін жерлерді тексеру актілерінсіз мұз үсті өткелдерін өз еркімен ашуларына және пайладануларына; - мұз үсті су қоймаларымен қоршалмаған және күзетілмейтін жерлер арқылы жүруге және өтуге; - өткел учаскелерінде немесе оларға жақын жерлерде мұз дайындауға, от жағуға, балық аулау үшін суат қазуға және басқа да жұмыстар жүргізуге; - мұздың жаңа қата бастаған және мұз қатқан кезеңде жаяу жүруге, мал айдап өтуге, сонымен бірге автокөлік пен көліктің басқа да түрлерінің жүруіне; - өткелдің ортасында адамдардың, малдың, ауыл шаруашылығы техникаларының үлкен тобының топталуына жол беруге; - су қойнауларының мұзды беттеріне қөң-қоқыс, мал қиын және басқа қалдықтарды төгуге.
Тармақ 5
5. Осы ережелерді орындамаған немесе бұзған жағдайда ТЖМК құтқару қызметі мен милиция органдары сол жерде мұндай өткелдерді жабу жөнінде акт жасап, одан әрі сол материалдарды кінәлілерді жазалау жөнінде қажетті шаралар қабылдау үшін облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің қарауларына жіберіледі.