Об утверждении Правил по организации и проведению открытого тендера на оказание услуг пассажирским транспортом на городских и пригородных маршрутах Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық және қала маңындағы маршруттарға жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы
«Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлігін монополиясыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 773 қаулысы және Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 6197 қаулысымен бекітілген жолаушылар көлігімен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі үлгі ережесі негізінде Қостанай қаласы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық және қала маңындағы маршруттарға жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қалалық және қала маңындағы маршруттарға жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» қала әкімінің 2001 жылғы 4 сәуірдегі № 53 шешімінің (тіркеу нөмірі 738) күші жойылды деп саналсын.
Басқа 3. Қалалық және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық
тендер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
ЕРЕЖЕЛЕР
«Қалалық және маңындағы маршруттарда жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 384 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қалалық және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық
тендер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 6197 қаулысымен бекітілген Жолаушылар көлігімен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлер ұйымдастыру жөнінде Үлгі ережесіне сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ашық тендерлер ұйымдастырудағы мақсат - қоғамдық көлiкпен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету, әдiлеттi бәсекелестiк пен көлiк қызметi нарығының дамуын реттеу үшiн жағдай жасау.
Тармақ 3
3. Ашық тендердi ұйымдастырушы тарап - Қостанай қаласының әкімияты (бұдан әрі мәтін бойынша «Тапсырыс беруші»). Ол ашық тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 4
4. Тендер рәсімi ол жарияланғаннан бастап жеңiмпаз (дар) сайлау аяқталғанда 60 күннен ұзаққа созылмауы тиiс.
Тармақ 5
5. Ашық тендерлердiң жеңiмпаздары жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге «Тапсырыс берушiмен» конртактыларға 3 жыл мерзімге дейін қол қою құқығына иеленедi. Шарттар тиянақты орындалған жағдайда және екі жақты келісіммен контракт ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Тендерге жеке маршруттармен қатар маршруттар пакеттері де қойылады. Маршруттар пакеттерін қалыптастыру кезiнде аса пайдалы маршруттармен бірге пайдасы аз немесе шығын келтіретін маршруттар да қоса беріледі.
Тарау 2. 2. АШЫҚ ТЕНДЕРЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. АШЫҚ ТЕНДЕРЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 7
7. «Тапсырыс берушi» өткiзiлгенге дейiн кемiнде 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тендер өткiзудiң негізгі шарттарын, тәртiбi мен мерзiмiн жариялайды.
Тармақ 8
8. Тендерге меншік түріне қарамастан, меншік құқығы немесе ресімделген жалдау келісім-шарты негізінде қызмет көрсету орны бойынша қажетті өндірістік-техникалық базасы мен автокөлік құралдары бар, маршрутқа немесе маршруттар пакетіне қызмет көрсету үшін қажетті жылжымалы көліктің белгілі саны мен түрін жасақтаған, сонымен бірге азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы шарттар жасасқан заңды немесе жеке тұлғалар қатыса алады.
Жолаушыларды тасымалдау сапасын және қауіпсіздігін жақсарту, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін көтеру мақсатында, тендерге қатысуға белгілі стандарттардың, пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаудың барлық техникалық талаптарына сай, саланың сыртқы және ішкі жағынан жақсы эстетикалық түрімен, кезекті техникалық байқаудан өткен жылжымалы құрам жіберіледі.
Тендерге қатысуға бір көлік бірлігімен (автобуспен) бірнеше қатысушылардың өтінуіне немесе бірнеше маршруттарға өтінуге болмайды. Аталған фактілер айқындалса, тендерлік комиссия осы көліктің иегерін немесе қатысушыны тендерге қатысудан босатуға құқықты.
Бiр ұйымдық-басқару немесе қаржылық құрылымға кiретiн шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң тендерге қатысуына тыйым салынады.
Берілген тендерлік ұсыныстарының жасандылығын жібермеу мақсатында тендерлік комиссия қорытынды отырыстың алдында тендерге қатысушының өндірістік базасымен және жылжымалы құрамымен мұқият танысуға құқықты.
Тармақ 9
9. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Тапсырыс берушiге» 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша тендерлік құжаттар пакетіне жазбаша өтінім беріп, белгіленген мерзім ішінде тендерлік ұсыныстар нысанын зерделеуге, толықтыруға, куәландыруға, және оны «Тапсырыс берушiге» тапсыруға тиіс. (Тендерлік ұсыныстардың үлгі нысанының үлгісі 2-қосымшада көрсетілген).
Тендерлік ұсыныстарды бергенде, қатысушы «Тапсырыс берушіге» бір данасында жылжымалы бойынша мәліметтерді ұсынады. Аталған мәліметтерді меншік құқығы өндірістік-техникалық базасы мен автокөлік құралдары бар екендігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса берілуге тиісті.
Тармақ 10
10. Тендерлiк құжаттардың толық жинағына мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) маршруттардың негiзгi сипаттамалары көрсетілген қозғалыс сұлбалары;
Тармақша 2
2) тендерге қойылатын маршруттар пакеттерінің тізімі;
Тармақша 3
3) маршруттарда жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу жөнiндегі ережелер;
Тармақша 4
4) тендерлік құжаттар пакетіне жазбаша өтінімнің үлгiсi;
Тармақша 5
5) тендерлiк ұсыныстар нысанының үлгiсi;
Тармақша 6
6) қатысушы туралы ақпарат нысанының үлгісі;
Тармақша 7
7) тендерлiк ұсыныстарды бағалау нысанының үлгiсi;
Тармақша 8
8) жолаушылар көлiгiмен маршрутта (-тарда) қызмет көрсетуге контракт;
Тармақша 9
9) қала және қала маңындағы маршруттарда жалпы пайдаланатын көлікпен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелері.
Тендерге дайындалғанда қатысушыға 4-қосымшада айтылған конракттың шарттарына ерекше назар аудару ұсынылады.
Тармақ 11
11. Қатысушы «Тапсырыс берушiге» тендерлiк ұсыныстар бар нысанын және қатысушы туралы ақпаратты комиссия мүшелерiне тең мөлшерде (9 дана) ұсынады.
Тендерлiк ұсыныстардың нысаны және қатысушы туралы ақпарат жеке-жеке екi конвертке салынады, мөр соғып жабылады және бір үлкен конвертке салынады, ол да мөр соғып жабылады. Тендерлiк ұсыныстарда қатысушы туралы деректер болмауы тиiс. Барлық үш конвертте де танылатын белгілер, таңбалар және қатысушы туралы деректер болмауы керек.
Тармақ 12
12. Белгiленген мерзiмнен соң келiп түскен ұсыныстар тендерге қатысуға жiберiлмейдi. Тендер ұйымдастырушы мерзiмінде берiлген тендерлiк ұсыныстарды түгел қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 13
13. Тендерлік ұсыныстар ұйымдастырушымен тіркелгеннен кейін оларға қосымшалар мен қандай да бір өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Қатысушы тендерге ұсынып және ұйымдастырушы тiркеген ұсыныстардың 60 күн заң күшi сақталады.
Тармақ 15
15. Конверттерді ашу, тендерлік ұсыныстарды қарау, бағалау, жеңімпаздарды анықтау Қостанай қаласы әкімиятының қаулысы бойынша құрылған тендерлік комиссиямен ашық өтеді. Комиссия құрамына мыналардың өкілдері кіргізіледі:
Тармақша 1
1) Қала әкiмi аппаратының, «Қостанай қалалық экономика басқармасы» мемлекеттік мекеменің;
Тармақша 2
2) табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі департаментінің;
Тармақша 3
3) облыстық көлiк бақылау басқармасының;
Тармақша 4
4) салық комитетінің;
Тармақша 5
5) жол полициясы бөлімшесінің;
Тармақша 6
6) тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы және қалалық Мәслихаттың.
Тендерді ұйымдастырушының шешімі бойынша комиссия құрамына жолаушылар тасымалдаушы ұйымдар облысынан сарапшылары кіргізілуі мүмкін.
Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны 9 адам.
Тарау 3. 3. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
3. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Тармақ 16
16. Тендерлiк ұсыныстар және қатысушы туралы ақпарат нысандарының ұсынылатын үлгiлерi 2-қосымшада келтiрiлген.
Тармақ 17
17. Тендерлiк комиссия тендерлік ұсыныстарды бағалауды мына өлшемдер бойынша өткізеді:
Тармақша 1
1) қатысушы тендерге қойылатын маршруттарға қызмет көрсету үшiн пайдалануға ұсынатын көлiк бірліктерінің маркасы, жасаушы зауыт, шығарылған жылы, сыйымдылығы (отыратын орындар бойынша және толық), қанша жүргенi;
Тармақша 2
2) жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін жағдайлардың бар - жоғы және өндiрiстiк-техникалық базасының заңды мекен-жайы (сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ басқару мен бақылау қызметтерінің жұмыскерлерін орналастыру үшін ұсынылатын);
Тармақша 3
3) жолдан шығып қалған жылжымалы бірліктерді алмастыру жөніндегі (қолданып жүрген немесе ұсынылатын) шаралар жүйесі және оларды алмастыруға жұмсалатын уақыт;
Тармақша 4
4) салонның iшi мен сыртын жууды, тазалауды ұйымдастыру және іске асыру жүйесi;
Тармақша 5
5) әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерiнiң бар-жоғы, олардың бiлiктiлiгінің деңгейi және жолаушылар көлiгi жүйесiндегi жұмыс тәжiрибесi;
Тармақша 6
6) жүргізушілер құрамының бар - жоғы, олардың жасы, жұмыс өтілі, медициналық комиссиядан өткен датасы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
Тармақша 7
7) көлiк компаниясының соңғы екі жыл ішінде жолаушылар көлiгiмен көрсеткен қызметтердiң түрлерi мен олардың негізгі сипаттамалары және соңғы қаржылық жыл ішінде айналымы;
Тармақша 8
8) автокөлік құралы иегеріне азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы келісім-шарттардың бар-жоғы;
Тармақша 9
9) тендерге қойылған маршруттарда қатысушы ұсынған жолақы тарифтерінің құрылымы және деңгейі;
Тармақша 10
10) жылжымалы көлікті жаңартуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының бар-жоғы, соның ішінде, ПАЗ (Павлов автобус зауыты) маркалы автобустарын сыйымдылау және жайлылау автобустарға толық ауыстыру;
Тармақша 11
11) өз табыстары есебінен азаматтардың жеке санаттарына жол жүруге жеңілдіктер беру жөнінде қосымша ұсыныстар;
Тармақша 12
12) өз табыстары есебінен қызмет көрсететін маршруттардағы павильондарды, алаңдарды, аялдама пункттеріндегі сілтегіш кестелерді жөндеу және жинау жөнінде қосымша ұсыныстар;
Тармақша 13
13) тендерге қатысушының көрсететін қызметтері мен жеңілдіктерінің сапасын жақсарту және тізбесін көбейту жөніндегі басқа да қосымша ұсыныстары.
Тармақ 18
18. Қатысушы тендерлiк ұсыныстарының барлық пункттерi бойынша толық, жан-жақты ақпарат беруге тиiс.
Тарау 4. 4. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ЖЕҢIМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
4. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ЖЕҢIМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Тармақ 19
19. Қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын бағалауды мен жеңiмпазды анықтауды тендерлiк комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Тендерлiк ұсыныстар бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конверт салынған мөрі бар үлкен конверттер күңгiрт қорапта болуы керек.
Тармақ 21
21. Комиссия төрағасы қораптан кез-келген үлкен конверттiң бірін алып, оның оң жақтағы жоғары бұрышына iрi шрифтiмен бiрiншi реттік нөмірін қояды.
Тармақ 22
22. Сосын төраға үлкен конверттi ашып тендерлiк ұсыныстар салынған конвертке және қатысушы туралы ақпарат салынған конвертке де бiрiншi реттік нөмірін қояды.
Тармақ 23
23. Әрі қарай комиссия төрағасы тендерлiк ұсыныстар салынған конверттi ашып, ұсыныстардың әр көшiрмесiне бiрiншi реттік нөмірін қояды да комиссияның әрбiр мүшесiне таратып бередi.
Қатысушы туралы ақпарат бар конверт үлкен конвертте ашылынбай қалады.
Тармақ 24
24. Тендерлік ұсыныстардың даналарын комиссияның мүшелері қарайды. Олар өз бетінше тендерлiк ұсыныстардың әрбір пунктi бойынша баға қояды. (Бағалаудың мысалы 3-қосымшада көрсетiлген).
Тармақ 25
25. Тендерлiк ұсыныстар салынған барлық конверттер қаралып, бағаланғаннан кейін олар комиссия хатшысына тапсырылады. Комиссия хатшысы оларды № 1 деген үлкен конвертке салуға міндетті.
Тармақ 26
26. Тендерлік ұсыныстар салынған конверттердi қарау ресiмі қалған тендер қатысушыларының барлығына бірдей осылайша жүргізілуі тиіс.
Тармақ 27
27. Тендерлiк ұсыныстар салынған конверттерді қарағаннан, бағаланғаннан кейін, комиссияның әрбiр мүшесi бағалау нәтижелерi қойылған нысанды (3-қосымша) куәландырады және оны төрағаға (хатшыға) тапсырады.
Тармақ 28
28. Содан кейін, тендерлiк комиссияның мүшелерi куәландырылған нысандар негiзiнде бiрдей реттік нөмірі бар қатысушының қорытынды баллдарын қосады және әрбір қатысушы бойынша жалпы қосынды баллын анықтайды. Ол хаттамада комиссия хатшысымен тiркелінедi.
Тармақ 29
29. Жалпы қосынды балл нәтижелерi бойынша комиссия хатшысы ең көп жалпы қосынды балл жинаған қатысушының реттік нөмірін жариялайды.
Тармақ 30
30. Екi немесе одан да көп қатысушылар бiрдей ең көп жалпы қосынды балл жинаған жағдайда, комиссия мүшелеріне олардың тендерлік ұсыныстары қайта беріледі де жеңімпаз жабық дауыс берумен анықталады.
Тармақ 31
31. Комиссия төрағасы тендер жеңiмпазының жарияланған реттік нөміріне сай, жеңiмпаз нөмiрiне сәйкес конвертті алып, қатысушы туралы ақпараты бар конверттi алып ашады және танысу үшiн комиссия мүшелерiне көшірмелерін таратып бередi.
Тармақ 32
32. Комиссия мүшелерi қатысушы туралы ақпаратпен танысқаннан кейін, төраға ашық тендердi ұтып және контракт жасасу құқығын алған жеңiмпаз туралы деректерді жария етеді.
Тармақ 33
33. Тендер жеңiмпазын анықтау жөнiнде комиссия отырысының нәтижелерi хаттамамен рәсiмделеді. Оған комиссия мүшелерi қол қояды және төрағамен бекiтіледi.
Тармақ 34
34. Тендерлiк комиссияның хаттамасы негiзiнде Қостанай қаланың әкiмияты тендер жеңiмпазымен тендерге қойылған маршрутқа немесе маршруттар пакетіне қызмет көрсетуге контракт жасасады. Контракт жасасқан және жолаушыларды тасымалдауға көлік құралдарға жіберуді ұсынған тендер жеңiмпазына контракттың шарттарымен белгіленген мерзімге маршрутта(-тарда) жұмыс iстеу құқығын айғақтайтын куәлiк берiледi.
Тармақ 35
35. Тендерге қатысушының өзiнің тендерге ұсынған ұсыныстарының қаралуы мен бағалауының нәтижелерiн жазбаша түрде алуға құқығы бар.
Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 27 мамырдағы № 384
қаулысымен бекітілген қалалық
және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлiгімен қызмет көрсетуге
ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу
жөніндегі ережелерге
1-қосымша
Қостанай қаласының маршруттарында
жолаушылар көлiгімен қызмет көрсетуге
ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу
жөнiндегi комиссияның төрағасына
_____________________________________
ӨТIНIМ
_________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________________________________________________________________
орналасқан жері немесе мекен-жайы, телефоны)
жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу шарттары
жөнiнде құжаттар пакетiмен танысу және өндiрiстiк базасы мен жылжымалы құрамын
комиссиялық тексеруден өткiзу үшiн сұрайды.
Тұлғаның атауы Қойылған қолы
М.О. Күні
Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 27 мамырдағы № 384
қаулысымен бекітілген қалалық
және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлiгімен қызмет көрсетуге
ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу
жөніндегі ережелерге
2-қосымша
Тарау 1. 1. Тендерлiк ұсыныстардың үлгi нысанының үлгiсi
1. Тендерлiк ұсыныстардың үлгi нысанының үлгiсi
Тармақ 1
1. № ___ маршрутта (тарда) жұмыс iстеу үшiн ұсынылатын сатып алынған, сондай-ақ жалға алынған, жылжымалы құрам
Рет
саны
Көлiк
құралының
маркасы
Көлiк
құралының
мемлекеттiк
нөмiрi
Шассиін
шығарған
зауыт
Сыйымдылығы
Шығарылған жылы
Жорығы
мың
километр
Отыратын
орындары
бойынша
Толық
1.
2.
3.
4.
Тармақ 2
2. Жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшiн жағдайлардың бар - жоғы және өндiрiстiк-техникалық базасының заңды мекен-жайы. (сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ басқару мен бақылау қызметтерiнiң жұмыскерлерiн орналастыру үшiн сынылатын үй-жайлар мен алаңдар көрсетілсін);
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Жылжымалы бiрлiктiң маршруттан шығып қалған жағдайда ауыстыру жөнiнде ұсынылатын шараларды сипаттап жазыңыз. Жолдан шығып қалған жылжымалы бiрлiктi ауыстыру үшiн қанша уақыт керектігін көрсетіңіз
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Жылжымалы көлiктi жуу, жинау қалай ұйымдастырылады және орындалады:
Тармақша 1
1) салонның iшiн ________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақша 2
2) сыртын _______________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Кадрлар
Тармақша 1
1) әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерін
Рет
Басшының
тегі, аты,
әкесінің
аты
Туған жылы
Бiлiмi
Жұмыс стажы
Атқаратын
қызметi
Жалпы
Жолаушыларды
тасымалдауда
1.
2.
3.
Тармақша 2
2) жүргiзушiлер персоналы
Рет
Тегі,
аты,
әкесінің аты
Туған жылы
Жүргiзушiлердiң жұмыс стажы
Медициналық комиссиядан өткен күнi
Жеке
тұлғалар үшiн
тұратын мекен-жайы
(тiркелiм)
Жалпы
Жолаушыларды тасымалдауда
1.
2.
3.
Тармақ 6
6. Жолаушылар көлiгімен қызмет көрсету жүйесiнде жұмыс iстеу тәжiрибесi:
Тармақша 1
1) соңғы екi жыл ішінде Сiздiң компанияыңызбен көрсетiлген көлiк қызметiн сипаттап жазыңыз (қала маршруттарына қызмет көрсету, қала маңындағы, қала арасындағы және басқа тасымалдаулар)
Көрсетілген
қызметтердiң түрi
Қызмет көрсетудiң басталған күнi
Қызмет көрсетудiң аяқталған күнi
Жылжымалы құрамның саны
Тасымалдаулардың көлемi
Тармақша 2
2) Сiздiң компанияыңыздың соңғы қаржы жыл ішіндегі айналымы.
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Автокөлiк құралы иегерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігi туралы және тасымалдаушының жолаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi туралы келісім-шарттардың бар-жоғы (сақтандыру келісім-шарттары болса, олардың көшiрмесiн
берiңiз)
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Тендерге қойылған маршруттарда қатысушы ұсынған жолақы тарифтерiнiң құрылымы және деңгейi
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Жылжымалы құрам паркiн жаңартуды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылған iс-шаралар жоспарын сипаттап жазыңыз
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Қосымша тендерлiк ұсыныстар:
Тармақша 1
1) өз табыстары есебінен азаматтардың жеке санаттарына жол жүруге жеңiлдiктер беру жөнiнде;
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақша 2
2) қызмет көрсететiн маршруттарда павильондарды, аялдама пункттерiндегі сiлтегiштердi жөндеу және жинауды өз табыстары есебінен орындау жөнiнде;
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақша 3
3) тендерге қатысушы ұсынатын көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсарту және тiзбесiн көбейту жөнiнде басқа да қосымша ұсыныстар.
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Толтырылған күнi 200__ ж. «___» _____________________
Кiм _____________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(лауазымы)
Тарау 2. 2. ҚАТЫСУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2. ҚАТЫСУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Тармақ 1
1. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) атауы және оның заңды мекен-жайы
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) атынан өкілдік етуші уәкiлеттi тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, мекен-жайы
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) құрылған күнi
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тармақ 4. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау нысанының үлгiсi
4. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) тiркелуi туралы куәлiгi және компанияға қызмет көрсететiн банктiң есеп-шоты мен орналасқан мекен-жайы
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 27 мамырдағы № 384
қаулысымен бекітілген қалалық
және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлiгімен қызмет көрсетуге
ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу
жөніндегі ережелерге
3-қосымша
Тендерлiк ұсыныстарды бағалау нысанының үлгiсi
Қатысушының реттік нөмірі
Қатысушылардың тендерлік ұсыныстарының
Жылжымалы құрам
Басқару қызметтерін қамтамасыз етуді, сақтауды, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру
Жолдан шығып қалған көлік бірліктерін ауыстыру жүйесі
Жылжымалы бірліктерді жуу және жинау
Кадрларда біліктіліктің бар-жоғы және оның деңгейі
Жолаушылар көлігімен қызмет көрсету түрлері және қаржы жыл ішіндегі айналымы
Әкімшілік-басқару персоналы
Жүргізушілер
1
4
3
5
5
4
5
3
2
5
4
5
5
3
4
4
3
3
4
4
4
4
5
4
4
5
3
4
4
3
4
4
5
4
2
4
4
3
3
4
6
3
4
5
5
4
5
4
7
4
5
4
4
4
3
5
8
5
5
3
3
5
3
5
(таблицаның жалғасы)
айқындамаларын балл жүйесімен бағалау
Жауапкершілікті сақтандыру туралы келісім-шарттардың бар-жоғы
Әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша міндеттемелер:
Жылжымалы құрамды жаңарту жөніндегі шаралар жоспары
Қосымша ұсыныстар
Барлығы
Тарифтерді қолдану бойынша
Жеңілдік санаттарындағы азаматтардың тегін жүруін жүзеге асыру
Аялдама пункттерін күтіп ұстау және жөндеуін жүргізу
4
5
5
5
3
5
54
4
5
5
4
4
4
56
4
5
5
5
4
3
55
3
4
4
4
3
5
41
5
3
5
3
4
5
49
3
5
4
5
4
3
53
5
4
5
3
4
3
52
5
4
4
5
4
5
68
Ескертпе: 1. Тендерлік ұсыныстарға көзқарастардың ең жоғары бағасы 5 балл құрайды.
2. Комиссия мүшесінің бағасына сәйкес ең жоғарғы 68 баллды реттік саны 8
нөмірлі көлік компаниясы алды.
Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 27 мамырдағы № 384
қаулысымен бекітілген қалалық
және қала маңындағы маршруттарда
жолаушылар көлiгімен қызмет көрсетуге
ашық тендер ұйымдастыру және өткiзу
жөніндегі ережелерге
4-қосымша
Маршруттарда жолаушылар көлiгімен қызметтер көрсетуге
КОНТРАКТ
Қостанай қаласы әкiмияты, бұдан былай «Тапсырыс берушi» деп аталатын, Қазақстан
Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының
негiзiнде іс-қимыл жасаушы
_________________________________________________________________________________________
_______________________ тұлғасында бiр жағынан және _____________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
«Тасымалдаушы» Көлiк компаниясы, бұдан әрi «Мердiгер» деп аталатын, кәсіпорын Жарлығының
негізінде іс-қимыл жасаушы, басшысы _____________________________________________________
тұлғасында екiншi жағынан, төмендегiлер туралы осы контрактты жасасты:
Бап 1. 1-бап. Контракттың мәнi
1-бап. Контракттың мәнi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлігін
монополиясыздандыру туралы» 1996 жылғы 24 маусымдағы № 773 қаулысына, Қостанай қаласы
әкімиятының 200__ жылғы _______________ № ____ қаулысымен бекiтiлген ашық тендер
ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ережелеріне және Қостанай қаласы әкiмиятының тендерлiк
комиссиясының 200__ жылғы отырысының № ____ хаттамасына сәйкес «Тапсырыс берушiмен» ашық
тендерге қойылған маршруттарда көлiк қызметтерiн ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Бап 2. 2-бап. Тараптардың мiндеттерi
2-бап. Тараптардың мiндеттерi
1. Өткiзiлген тендердiң шарттары мен нәтижелерiне сәйкес »Мердiгер» мiндеттi:
1) осы контракт қолданысының барлық мерзiмi бойы жылжымалы құрамның белгiленген түрi мен
санымен жүйелi түрде жолаушылар тасымалдауын мына маршруттарда ұйымдастыру және орындау:
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
(жылжымалы құрам түрлерi мен саны)
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
№ _______________________________________________________________________________ маршрут
2) жолаушылар тасымалдауының сапасы мен қауiпсiздiгiн одан әрi жақсарту,
жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетiн көтеру мақсатында жыл сайын жылжымалы құрамның ауыстырылуын жасау ____________________________________________________________________
(жаңа көлiкке немесе пайдалануда аз мерзiм болған, шығарылған жылы 1990 жылдан ескi емес, қызмет ету маршруттары бойынша жолаушыларды тасымалдау үшiн барынша жетiлдi және ынғайлы түрде);
3) бекiтiлген маршруттарда жолаушылар тасымалдауын «Тапсырыс берушi» бекiткен жұмыс тәртiбiмен «Қала және қала маңындағы маршруттарда жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін» сақталуымен жүргiзу. Көктемгi-жазғы маусымда 1 мамырдан 31 тамызға дейiн көлiк жұмысы ұзақтылығы № __________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
қалалық маршруттарда 24 сағатқа дейiн және № _____________________________________________
_______________________________________________________________________________________
қала маңындағы бағыттарында 22 сағатқа дейiн көбейтiлсiн;
4) тасымалдауларды жүргiзгенде техника жағынан жарамды, сыйымдылығы мен жүк тиеу нормалары тасымалдау қауiпсiздiгi талаптарына, тендерге қатысуда көрсетiлгеннен төмен емес медико-санитарлық, экологиялық, өртке қарсы шарттары мен сипаттамаларына сай келетiн көлiк құралдарын пайдалану;
5) жолаушының қала iшiндегi маршруттар бойынша автобустарда және троллейбустарда теңгеге дейін, шағын автобустарда теңгеге дейін, қала маңындағы бiр тарифтiк учаскесiнің ұзындығы 3,33 км жүру үшiн ______ теңгеге дейiн, қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша жүк тасымалдау үшiн бiр орынға ______ теңгеге дейiн жолақы тарифін белгілеу;
6) төмендегiде көрсетiлген жеңiлдiктер мен қызметтердi тасымалдаудан алынған өз табыстары есебiнен көрсету бойынша тендерлiк ұсыныстарында көрсетiлiп, қабылданған мiндеттемелердi орындау: ______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________;
7) Тапсырыс берушiмен алдын ала келiсiмсiз тарифтер деңгейiнің көтерiлуiн жiбермеу;
8) тасымалдау басталмай тұрып және алдағы уақыттағы кез-келген тарифтер мен тасымалдау шарттарының өзгерiстерi туралы жетi күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары және автобустарда, аялдама пункттерiнде жариялау жолымен халықты жолақының шамасы және төлеу тәртiбi туралы құлақтандыру;
9) стандарт талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсетуiн, күнделiктi салонның сырты мен iшiн жинау-жуу жұмыстарын, жылжымалы құрамын сапар алдында техникалық бақылауын, жүргiзушiлердiң медициналық куәләндірілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында маршруттар сүлбелерiнiң, жұмыс тәртiбiнiң, жүру кестесiнiң, тасымалдау тарифтерiнiң, жылжымалы бiрлiктердiң жоспарланған саны мен түрiнiң өзгертулерiн және «Тапсырыс берушiнің» келiсiмінсiз конрактта көзделмеген басқа да әрекеттерді жасамау;
11) жолаушылар тасымалдауында жолаушыларды тасымалдау құқығына куәлiгi бар, кезектi техникалық байқаудан өткен, сондай-ақ, қалалық және қала маңындағы маршруттардағы жалпы пайдалану көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалдау Ережелерiмен бекiтiлген талаптарға сәйкес құралдар, құрылымдар, сүлбелер, кестелер мен көрсеткiштер кешенiмен жабдықталған және жинастырылған жылжымалы көлiктердi пайдалану;
12) әрбiр жылжымалы көлiк бірлігінің салонындағы көрнекi жердiң жол полициясы мен маршрутқа қызмет көрсетушi көлiк компаниясы диспетчері қызметінің телефондарының нөмiрлерi туралы ақпаратпен қамтамасыздандыру;
13) уақытылы, қолданылып жүрген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамының техникалық байқаудан және жүргiзушiлерiнiң медициналық тексеруден өтуiн қамтамасыз ету;
14) тасымалдаулардан түскен өз табыстары есебiнен төменде көрсетiлген қала учаскелерi мен көшелерiнде ______________ қызмет көрсететiн маршруттары бойынша аялдама пункттерінiң павильондары мен алаңдарының ағымды жөндеуі мен жинауын орындау
_______________________________________________________________________________________
15) Маршруттарда Тасымалдаушы жұмысына бақылау ұйымдастыру және жүзеге асыру функциялары жүктелген құзыреттi мемлекеттiк органдарының талаптарына бағыну.
«Тапсырыс берушi» мiндеттi:
1) Тасымалдау ұйымдастыру жөнiнде тасымалдау шарттарының, жүру маршруттарының өзгерiстерi және басқа iс-қимылдары туралы «Мердiгердi» уақытылы хабардар ету;
2) Көше-жол желінiң, түзу ғимараттардың, керi бұрылу алаңдарының тиiстi жағдайын қамтамасыз ету және қозғалыстың жайлы режимін жасау;
3) «Мердiгерге» жылжымалы құрам паркiн жаңартуға көмек көрсету (несиелер, лизинг).
Бап 3. 3-бап. Тараптардың құқықтары
3-бап. Тараптардың құқықтары
1. «Мердiгер» мыналарға құқылы:
1) «Тапсырыс берушiге» жолаушылар жолақысы және жүк тасуына төлем көлемiн, маршруттар сүлбелерін, жұмыс тәртiбiн өзгерту және басқа да жолаушыларға көлiк қызмет көрсетуiн жетiлдiруге арналған шараларын ұсыну және даярлап беру, маршруттарда қызмет көрсету үшiн автокөлiктiң бекiтiлген тiзбесiне оны жаңарту мақсатымен өзгертулер жөнiнде ұсыныстарды кiргiзу;
2) «Тапсырыс берушiнің» келiсiмi бойынша көше-жол желiсi жолаушылар тасымалдауында жүру қауiпсiздiгiнiң талаптарына және шарттарына сәйкес келмейтiн маршруттарда немесе маршруттар учаскелерiнде жолаушылар тасымалдауынан бас тартуға немесе тоқтатуға.
2. «Тапсырыс берушiнiң» мыналарға құқығы бар:
1) «Мердiгердің» жұмысын бақылау және бақылау нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен маршруттарда жұмыс құқығын шектеу, анықталған бұзушылықтар мен кемшiлiктер фактiлерi бойынша әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану немесе контрактты ішінара немесе толық тоқтата түру немесе жою;
2) «Мердiгерден» контракт бойынша қабылданған мiндеттемелерiн орындау туралы уақытылы есеп берудi талап ету;
3) «Мердiгер» көлiк компаниясының өз таратылуы, оның жойылуы, және осы контракт бойынша жұмыс құқығын «Тапсырыс берушiнiң» келiсімінсіз үшiншi жаққа берген жағдайда осы контракт белгiленген тәртiппен «Мердiгерге» залалдар өтеусiз жойылсын.
Бап 4. 4-бап. Тараптардың жауапкершiлiгi
4-бап. Тараптардың жауапкершiлiгi
1. Мердiгер жауапты:
1) осы контракттың шарттарының тиiстi түрде орындалуына және тасымалдауды ұйымдастыруѓа, көлiкті пайдалануға, жолаушыларды тасымалдау Ережелерiне, жұмыстарды орындауда қауiпсiздiк пен жауапкершiлiк шараларын қамтамасыз етуге қатысты нормативтiк құжаттарының барлық талаптарының сақталуына. Контракт шарттарын орындамаған және нормативтiк құжаттарының талаптарын сақтамаған фактiлерi анықталған жағдайда бақылау органдары «Мердiгер» өкiлдерiнен маршруттарда жұмыс iстеу құқығын беретiн құжаттарын алып тастауға немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
2) бiрнеше бұзушылықтар үшiн (жүру сүлбасын, кестесiн, жұмыс тәртiбiн жолаушылар тасымалдау Ережелерiн өзгерту, жолаушылардан негізі бар шағымдардың, талапнамалардың түсуі, бекiтiлген аялдама пункттерiнiң жарамсыз күйi және басқа бұзушылықтар) «Тапсырыс берушiнiң» бiржақты тәртiпте контрактты бұзуға мүмкiндiгi бар;
2. «Тапсырыс берушi» маршруттарда тасымалдаулардың тоқтатылу немесе шектелу себептерiн жою бойынша уақытылы шаралар қабылдамағаны үшiн, көше-жол желiлерiнiң күйi үшiн, «Мердiгерге» алдын ала хабарлаусыз және келiсiмсiз көшелердi жапқаны үшiн жауапкершiлiкке тартылады.
Бап 5. 5-бап. Басқа шарттар
5-бап. Басқа шарттар
1. Егер қызметтiң жағдайлары мен шарттары объективтi түрде өзгерсе контракттың шарттарын кез-келген тарапты»ұсынысы бойынша қайта қарауға болады. Ұсынылған өзгертулер туралы шешiмді кез-келген тарап жазбаша арыз түскен сәттен бастап он төрт күннiң iшiнде қабылдайды;
2. Контрактты бiр тарапты»ұсынысы немесе Заңда ескерiлген тәртіппен екi жақты келiсiм бойынша бұзуға болады;
3. Шарттарды мiнсiз орындаған жағдайда және екi жақты келiсiм бойынша осы контракттың қызмет ету мерзiмi өткеннен кейiн мерзiмiн 3 жылға дейiн ұзартуға болады;
4. «Мердiгер» осы контракт бойынша оның мiндеттемелерiнiң толық немесе ішінара орындалуын қамтамасыз ететiн субконтрактты тек қана «Тапсырыс берушiнiң» жазбаша келiсiмiмен ғана жасай алады. Осындай жағдайларда «Мердiгер» «Тапсырыс берушiнiң» алдында осы контракттың орындалуына толық жауапты болады.
Бап 6. 6-бап. Қолданылу мерзiмi
6-бап. Қолданылу мерзiмi
Контракт ______________________________________________________________ бойы қолданылады.
Басталуы _________________________ жылдың "___" _________________________________________
Аяқталуы _________________________ жылдың "___" _________________________________________
Тараптардың заңды мекен-жайы:
«Тапсырыс беруші» «Мердігер»
458000, Қостанай қаласы ___________________________________
Пушкин көшесі, 98, телефон 57-57-17 ___________________________________
Қостанай қаласы әкімінің аппараты ___________________________________
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары
___________________________________ ___________________________________
___________________________________ ___________________________________
200__ жыл "___" ___________________ 200__ жыл "___" ___________________