Об областном Форуме товаропроизводителей и конкурсе «Лучшие товары Южно-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумы және Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары конкурсы туралы Отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау, шетелден әкелiнетiн тауарлар орнына сапалы, бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрудi ұлғайту, ең жақсы үлгiлердi насихаттап, iшкi рынокты тауарлармен толықтыру мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жыл сайын Тауар өндiрушiлер форумы мен "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсы өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Конкурс жыл сайын 1 наурыздан 1 шiлдеге дейiн қыркүйек айының бiрiншi жартысында өтетiн облыс Тауар өндiрушiлерiнiң форумында оның қорытындысын шығару мен тауарлар көрмесiн, оларды сатуды ұйымдастыра отырып өткiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумын және "Ең жақсы тауарлар" конкурсын өткiзу жөнiнде комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 4
4. "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" облыстық конкурсы (2 қосымша) және Комиссия туралы (3 қосымша) қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Индустрия және сауда, ауыл шаруашылығы департаменттерi, кәсiпкерлiктi қолдау, көлiк және коммуникация, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет және аумақтарда құрылыс салу, құрылыс және көркейту басқармалары 2003 жылдың 1 маусымына дейiн белгiленген тәртiпте Тауар өндiрушiлер форумы мен "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын ұйымдастыру жөнiнен шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi аймақтық тауар өндiрушiлер арасында, олардың Ең жақсы тауарлар конкурсы мен Облыс тауар өндiрушiлерiнiң форумына қатысулары үшiн, белсендi ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 7
7. Конкурстар туралы облыс әкiмиятының 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 112 қаулысының (Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында 357-шi нөмiрмен тiркелген, "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде 2001 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған. "Конкурстар туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 112 қаулысына, Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2001 жылғы 14 қыркүйекте 357-шi нөмiрмен тiркелген, өзгерiс енгiзу туралы облыс әкiмиятының 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 428 қаулысы ) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ү.Ж. Әмiрәлинге жүктелсiн. Громов Сергей Николаевич - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментiнiң директоры Тасқұлов Иса Омарұлы - "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық газетiнiң бас редакторы Кирюхин Юрий Георгиевич - "Южный Казахстан" облыстық газетiнiң бас редакторы Құрбанбаев Балтабай - ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы ААҚ Оңтүстiк Қазақстан бөлiмшесiнiң директоры Суворов Александр Сергеевич - Электр аппараты АҚ президентi, Жұмыс берушiлер облыстық одағының төрағасы Төлентаев Бегiм - Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан облыстық бiрлестiгiнiң төрағасы
Басқа 9
"Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумы және "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсы туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 261 қаулысына N 1 қосымша Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумы мен "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы Әмiрәлин Ақылбек Жәкенұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Әбубәкiров Пернебай Әбубәкiрұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия және сауда департаментiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Сейдалин Майдан Оразалыұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия және сауда департаментiнiң бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Әшiрбаев Бахыт Құдайбергенұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының бастығы; Ахметов Бауыржан Сейiтмұратұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы құрылыс және көркейту басқармасының бастығы; Бейсебеков Полат Оразалыұлы Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары; Громов Сергей Николаевич Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментiнiң директоры (келiсiмi бойынша); Тасқұлов Иса Омарұлы "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Кирюхин Юрий Георгиевич "Южный Казахстан" облыстық газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Құрбанбаев Балтабай "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ААҚ Оңтүстiк Қазақстан бөлiмшесiнiң директоры (келiсiмi бойынша); Медетов Жұмағұл Бекентайұлы Оңтүстiк Қазақстан облысының санитарлық бас дәрiгерi; Назарбекова Роза Төлепбергенқызы Оңтүстiк Қазақстан облысы кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бастығы; Сағындықов Мұқан Қаныбекұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншiк департаментiнiң бастығы; Суворов Александр Сергеевич "Электр аппараты" АҚ президентi, облыстық жұмыс берушiлер одағының төрағасы (келiсiмi бойынша); Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы Оңтүстiк Қазақстан облысы экономика департаментiнiң бастығы; Төлентаев Бегiм Оңтүстiк Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша); Тұрсынқұлов Исмат Оңтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы.
Басқа 10
"Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумы және "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсы туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 261 қаулысына N 2 қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарларың конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ЕРЕЖЕСI Осы Ереже «Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарларың конкурсын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн реттейдi. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу Ережесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы "Сапа саласындағы конкурс туралы" N 384 қаулысына сәйкес дайындалған.
Тарау 1. 1. Конкурстың нысанасы мен мақсаттары
1. Конкурстың нысанасы мен мақсаттары
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" атты сыйлығы (бұдан былай сыйлық) жыл сайын конкурстық негiзде ұйымның өндiрген өнiмдерiнiң сапасы бойынша елеулi жетiстiктерi, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткенi, ұйымның сапаны басқару жөнiнен тиiмдiлiгi жоғары әдiстер ендiргенi үшiн берiледi.
Тармақ 2
2. Конкурстың негiзгi мақсаттары болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) өндiрушi-кәсiпорындардың өздерi шығаратын өнiм сапасын үнемi жақсартуға деген ұмтылысын қолдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа проблемаларын шешу қажеттiгiне аудару;
Тармақша 3
3) аймақ және ел рыногын жоғарғы сапалы және бәсекелестiкке қабiлеттi отандық өнiмдермен толықтыруға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) отандық және халықаралық стандарттар негiзiнде сапаны басқарудың және қамтамасыз етудiң осы заманғы әдiстерiн кеңiнен енгiзуге алғышарттар жасау және көмек көрсету;
Тармақша 5
5) халық арасында сапа идеясын кең тарату.
Тарау 2. 2. Конкурсқа қатысу шарттары
2. Конкурсқа қатысу шарттары
Тармақ 3
3. Конкурсқа азық - түлiктiк және азық - түлiк емес тауарлар өндiрудi жүзеге асыратын барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшiн белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өтiнiм беру керек (өтiнiмнiң үлгiсi N 1 қосымшада келтiрiлген) және «Оңтүстiк Қазақстан облысының үздiк тауарларың конкурсын өткiзу және сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия белгiлеген қажеттi құжаттар жиынтығын тапсыру қажет.
Тармақ 4
4. Конкурс келесi номинациялар бойынша өткiзiледi:
Тармақша 1
1) азық - түлiктiк тауарлар: үн, макарон және нан тоқаш өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар; ет және шұжық өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар; өсiмдiк майларын шығаратын кәсiпорындар; минералды және жемiс-жидек сусындарын шығаратын кәсiпорындар; сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар; консервiленген көкөнiс өнiмдерi мен ауыл шаруашылық өңдеуден өткен өнiмдердi шығаратын кәсiпорындар.
Тармақша 2
2) халық тұтынатын өнеркәсiптiк тауарлар: тiгiн өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар; құрылыс материалдарын шығаратын кәсiпорындар; шаруашылықта қолданылатын тауарларды шығаратын кәсiпорындар.
Тармақ 5
5. Әрбiр номинация бойынша бiрiншi, екiншi және үшiншi орын алғанға сәйкесiнше I, II және III дәрежелi дипломдар мен 150000 (жүз елу мың), 100000 (жүз мың) және 50000 (елу мың) теңге көлемiнде сыйақы берiледi. Конкурстың жеңiмпаздары "Қазақстанның ең жақсы тауарлары" республикалық конкурсына қатысуға құқық алады.
Тармақ 6
6. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу облыстық бюджеттiң сол жылғы осы мақсат үшiн қарастырылған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын өткiзу және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия жыл сайын қыркүйек айында конкурстың қорытындысын шығарады.
Тарау 3. 3. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
3. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
Тармақ 8
8. Конкурстың бастамашысы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi болып табылады. Конкурстың ресми ұйымдастырушысы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ААҚ-ның Оңтүстiк Қазақстан филиалы (бұдан былай - "ҰССО" ААҚ ОҚФ) болып табылады.
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген кәсiпорын "ҰССО" ААҚ ОҚФ-ның атына өтiнiм бередi және конкурсқа қатысуға белгiленген қажеттi құжаттар жиынтығын тапсырады.
Тармақ 10
10. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi және шифрлеудi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Өнiмдердiң нұсқалары тиiстi өнiмге қойылатын нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес физикалық-химиялық сынақтан өткiзiледi: тамақ өнiмдерi - "ҰССО" ААҚ ОҚФ-ның аккредиттелген сынақ зертханасында; халық тұтынатын өнеркәсiптiк тауарлар - басқа аккредиттелген немесе белгiленген тәртiпте аттестациядан өткен сынақ зертханаларында. Физикалық-химиялық сынақтардың қорытындылары сынақ хаттамаларында көрсетiледi. Негiзделген жағдайларда (конкурсқа ұсынылған өнiмнiң мөлшерi көп болған жағдайда және сәйкестiк сертификаты болғанда) өнiмдi физикалық - химиялық сынақтан өткiзбеуге жол берiледi.
Тармақ 12
12. Конкурсқа жалпы басшылық жасауды және оның түпкiлiктi қорытындысын шығаруды "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең үздiк тауарлары" конкурсын өткiзу және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Конкурстың қорытындысын шығару
4. Конкурстың қорытындысын шығару
Тармақ 13
13. Конкурстың қорытындысын "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең үздiк тауарлары" конкурсын өткiзу және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлықтарын беру жөнiндегi комиссия шығарады (бұдан былай - Комиссия).
Тармақ 14
14. Комиссия конкурсқа түскен өнiмдерге сараптама бағасын беру үшiн кемiнде 7 адамнан тұратын сараптау тобын жұмысқа тартады. Сараптама бағасы "Азық - түлiктiк тауарлар" және "Халық тұтынатын өнеркәсiптiк тауарлар" номинациялары бойынша сараптамалы бағалау кестелерiнде көрсетiлген талаптар мен критерийлер бойынша есептелiнедi (N 1 және N 2 қосымша).
Тармақ 15
15. Комиссияның мәжiлiсi қатысушылар саны тiзiмдiк құрамының кемiнде 3/2 бөлiгi болғанда заңды деп табылады. Шешiм бағалау критерийлерi және физикалық-химиялық сынақ қорытындылары бойынша жиналған ұпай негiзiнде, комиссия мүшелерiнiң жабық дауыс беруi жолымен қабылданды. Бiр номинация бойынша бiрнеше қатысушылар бiрдей ұпай алған жағдайда, жеңiмпаз Комиссия мүшелерiнiң қайта дауыс беруi арқылы анықталады. Қолдаған және қолдамаған дауыстардың саны бiрдей болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып есептеледi.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Комиссия конкурс нәтижесi бойынша конкурс бастамашысына белгiленген номинациялар бойынша дипломдар мен сыйлықтарды беру жөнiнен ұсыныс енгiзедi. Комиссияның шешiмi конкурс бастамашысы үшiн конкурстың сыйлықтары мен дипломдарын тапсыруға негiз болып табылады.
Тарау 5. 5. Сыйлықтарды тапсыру және Конкурс нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртiбi мен мерзiмi
5. Сыйлықтарды тапсыру және Конкурс нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртiбi мен мерзiмi
Тармақ 17
17. Конкурстың бастамашысы Комиссияның шешiмiн алғаннан кейiн жиналған қауым алдында салтанатты жағдайда конкурс нәтижелерiн жариялайды, сыйлықтар мен тиiстi дәрежелi дипломдарды конкурс жүлдегерлерiне табыс етедi.
Тармақ 18
18. Конкурстың ресми ұйымдастырушысы конкурс өткеннен кейiн 20 күннiң iшiнде конкурс нәтижелерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Басқа 41
"Тауар өндiрушiлердiң облыстық форумы және "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсы туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 261 қаулысына N 3 қосымша "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын өткiзу және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын өткiзу және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк кеңесу органы болып табылады және мемлекеттiк басқару органдарының басшыларынан, сапа басқару саласының жетекшi ғалымдары мен мамандарынан, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құралады. Комиссияның дербес құрамын Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты бекiтедi және қажет болған жағдайда комиссияның Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия және сауда департаментi мен "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ААҚ-тың Оңтүстiк Қазақстан филиалы қызметкерлерiнен тұратын жұмысшы органының ұсынысы бойынша қайта қаралады. Комиссия құрамы және оның өзгергенi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 2
2. Комиссия "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсына (бұдан әрi Конкурс) ұсынылған өнiмге сараптамалық баға беру үшiн сараптаушы топты жұмысқа тартады. Сараптаушы топтың құрамына Оңтүстiк Қазақстан облысы индустрия және сауда департаментiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысы кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының, ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы ААҚ-тың Оңтүстiк Қазақстан филиалының, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментiнiң, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның өкiлдерi, сапаны басқару саласының жетекшi ғалымдары мен мамандары, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiредi. Сараптаушы топ конкурсқа ұсынылған материалдарды талдайды және өзiнiң қорытындысын Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 3
3. Комиссияға мынадай функциялар жүктеледi: - Конкурсты өткiзу туралы хабарлау; - Конкурсқа қатысушылардың ұсынатын құжаттарының жиынтығын және оларды ұсыну шарттарын анықтау; - Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдарды қабылдау, конкурсқа әрi қарай қатысу үшiн ұйымдарды iрiктеу; - сараптаушы топты жұмысқа тарта отырып, түскен материалдарды сараптай қарау; - Конкурсқа әрi қарай қатысуға жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларға сараптамалық қорытындыларды жiберу; - сыйлық беру туралы ұсынымдық хаттамалық шешiм қабылдау; - Сыйлық лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсiмiн ұйымдастыру; - Конкурс жеңiмпаздарының тәжiрибесiн мен жетiстiктерiн таратуға ықпал жасау.
Тармақ 4
4. Комиссия мәжiлiсi қажет болған жағдайда оның жұмысшы органының бастамасымен өткiзiледi. Комиссия мәжiлiсi комиссия мүшелерiнiң кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса ғана заңды болып есептеледi. Комиссия шешiмi ашық түрде дауыс беру арқылы, қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Конкурсанттарға сыйлық беру үшiн дауыстардың кемiнде төрттен үш бөлiгi берiлуi керек.
Тармақ 5. ӨТIНIМ
5. Комиссияның сыйлық беру туралы шешiмi жабық түрде дауыс беру нәтижесi бойынша қабылданады. Егер жақтаушылар мен қарсылардың дауыстары тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi, ұсынымдық сипатта болады. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ААҚ-ның Оңтүстiк Қазақстан филиалының директоры Б.Құрбанбаевқа ӨТIНIМ "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсына қатысуға _____________________________________ кәсiпорнын қосуыңызды сұраймын. Бiздiң кәсiпорын конкурсқа төмендегiдей өнiмдердi ұсынады: ____________________________________________________________________ (өнiмнiң атауы) ____________________________________________________________________ Өнiм _____________________________________ бойынша шығарылады (нормативтiк құжаттың белгiсi) Кәсiпорынның реквизиттерi ____________________________________ (мекен-жайы, тел. факс) "Оңтүстiк Қазақстан облысының ең жақсы тауарлары" конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесiмен таныстым. Қосымша: 1. Тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi 2. Өнiм туралы ақпарат 3. Өнiмге сынақ өткiзу үшiн төленген банкiнiң белгiсi бар өтеу тапсырмасы (кiрiс ордерiнiң) көшiрмесi. Мекеменiң басшысы (жеке кәсiпкер) _____________ __________________ (қолы) (аты жөнi) М.О.