Об образовании комиссии по развитию малого предпринимательства при акиме города Усть-Каменогорска Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 474 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131 "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының орындалуына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағындағы 4 тармақшасына сәйкес және шағын кәсіпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу мақсатында Өскемен қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкiмi жанындағы шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның арнаулы құрамы келiсiлсiн.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихат сессиясында бекiтуге көрсетiлген комиссияның арнаулы құрамы енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Өскемен қаласы әкiмiнiң жанындағы шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның ережесi 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкiмiнiң орынбасары Е.А.Анға жүктелсiн.
Басқа 6. Өскемен қаласы әкiмiнің жанындағы шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның
Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылдың 17 ақпандағы № 205
қаулысына 1 қосымша
Өскемен қаласы әкiмiнің жанындағы шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Евгений Алексеевич Ан
Өскемен қаласы әкiмiнiң орынбасары, төраға
Бағдат Акрамұлы Акрамов
қалалық индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының бастығы
Светлана Александровна Давыдова
қалалық индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының сауда және қызмет көрсету бөлiмiнiң бастығы
Галина Сергеевна Казанцева
ШҚО бойынша шағын және орта бизнес қызметкерлерi кәсіподақтарының төрайымы (келiсiмi бойынша)
Татьяна Ивановна Цветкова
Қазақстанның iскер әйелдерi ассоциациясының Шығыс Қазақстандағы филиалының төрайымы (келiсiмi бойынша)
Владимир Владимирович Морозюк
"Өскемен қаласының кәсіпкерлiктi дамыту және қолдау Орталығы" МКК директоры (келiсiмi бойынша)
Мұхтар Серiкұлы Тойбазаров
"Деловое партнерство" Өскемен қаласының Қоғамдық Бiрлестiктер Кеңесiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша)
Владимир Викторович Аксенов
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер конфедерациясының төрағасы (келiсiмi бойынша)
Сергей Валерьевич Пизиков
"Прагма" корпорациясының ШҚО бойынша "Шағын бизнестi дамытудағы кедергiлердi жою жобасының" менеджерi (келiсiмi бойынша)
Қала әкiмi аппаратының
жетекшiсi
Г. Богатикова
Басқа 7. Өскемен қаласы әкімiнiң жанындағы
шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөніндегi комиссия туралы
Өскемен қаласы әкімдiгiнiң
2003 жылдың 17 ақпанда № 205
қаулысына № 2 қосымша
Өскемен қаласы әкімдiгiнiң
2003 жылдың 17 ақпанда № 205
қаулысымен бекiтiлген
Өскемен қаласы әкімiнiң жанындағы
шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөніндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қала әкімiнiң жанындағы шағын кәсіпкерлiктi дамыту жөніндегi комиссия (ары қарай комиссия) Өскемен қаласы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131 "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес құрылған.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сонымен бiрге осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 2. 2. Комиссияның мiндеттерi
2. Комиссияның мiндеттерi
Тармақ 1
1. Кәсіпкерлiктi дамытуға және қолдауға бағытталған нормативтiк-құқықтық кесiмдерiн iске асыру бойынша шараларды жүзеге асыруға көмек жасау.
Тармақ 2
2. Заңдар тәртiбiнде белгiленген ынта өкiлеттiгi, кәсіпкерлердiң заңды құқықтың қорғау және қала әкімдiгiнiң қаулы жобаларын қабылдаудағы, сонымен бiрге кәсіпкерлер iс-әрекеттерi мәселелерi бойынша заң органдарына ұсыныстар дайындаудағы оларды» пiкiрлерiн есепке алу.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын көтеру және экономикалық дамыған мемлекет құрудағы қоғамдық бiрлестiктер мен кәсіпкерлердiң сындарлы ықыластарын қорғау.
Тармақ 4
4. Өскемен қаласындағы кәсіпкерлiктi дамытудағы кедергiлердi жою және "мемлекеттiк органдар - кәсіпкер" өзара қарым-қатынас жүйесiн жетiлдiру жөніндегi ұсыныстар мен ұсынымдарын дайындау.
Тармақ 5
5. Шағын кәсіпкерлiктi дамыту мәселелерi жөніндегi Өскемен қаласы әкімiнiң өкiмдерi мен шешiмдерiн, әкімдiк қаулысы жобасын ынталы дайындау.
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлiктi дамыту мәселелерi жөніндегi Өскемен қаласы әкімдiгiнiң қаулысы жобаларын қоғамдық сараптауға қатысу.
Тармақ 7
7. Кәсіпкерлiк саласындағы жобалар мен басқа да мақсатты, салалық бағдарламаларды, шағын кәсіпкерлiктi дамыту және қолдау жөніндегi аймақтық және мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыруға, үйлестiруге және дайындауға көмек жасау.
Тармақ 3. 3. Комиссия құрамы
3. Комиссия құрамы
Тармақ 1
1. Комиссияны Өскемен қаласы әкімiнiң орынбасары басқарады.
Тармақ 2
2. Комиссия хатшысы комиссия төрағасымен тағайындалады.
Тармақ 3
3. Комиссияның арнаулы құрамы қалалық мәслихатпен бекiтiледi.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмыс органының қызметтерi индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасына жүктеледi.
Тармақ 5
5. Комиссия шешiмi көпшiлiкпен ашық түрде дауыс берумен қабылданады және қабылданған болып есептеледi, егер де олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 6
6. Комиссия шешiмiне Комиссия төрағасы және хатшының қолы қойылады.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр айтуға, егер оған айтылған жағдайда жазбаша түрде болғанын және Комиссия отырысының хаттамасына тiркелгенiн талап етуге құқы бар.
Тармақ 8
8. Комиссия хатшысы:
комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар дайындайды;
комиссия шешiмiнiң орындалуына бақылау жасайды;
комиссия мүшелерiнiң жұмысын және оған тартылған мамандардың iс-қимылдарын үйлестiредi.
Тармақ 4. 4. Комиссияның»негiзгi iс-әрекеттерiнiң бағыттары
4. Комиссияның»негiзгi iс-әрекеттерiнiң бағыттары
Тармақ 1
1. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
салалық, кәсіптiк және аумақтық одақтармен, ассоциациялар мен шағын бизнестiң бiрлестiктерiмен, халықаралық ұйымдармен, шағын кәсіпкерлiк құрылымының субъектiлерiмен өзара қарым-қатынаста болады;
шағын кәсіпкерлiктi дамытып, қорғау мәселелерi бойынша келiсiлген шешiмдердi дайындауда облыстық және қалалық басқармалар және комитеттермен қарым-қатынасты жүзеге асырады;
шағын бизнес саласындағы кәсіпкерлер ассоциацияларын, бiрлестiктердi, одақтарды, кәсіпкерлiктi қолдау құрылымының субъектiлерiн, шағын кәсіпорындарға ұйымдастырушылық көмек көрсету жөніндегi шараларды дайындау және қала әкімдiгiнің қаулы жобаларын дайындау үшiн шағын кәсіпкерлiк өкiлдерiн белгiленген заң тәртiбiнде жұмылдыру;
шағын бизнес саласындағы нормативтiк-заңдық базадағы өзгерiстер жөнінде Қазақстан Республикасы Үкiметiне және жоғарғы орындарға ұсыныстарды ынтагерлiкпен дайындауды белгiленген заң тәртiбiнде жүзеге асырады;
шағын кәсіпкерлiктi қолдаудағы және дамытудағы салалық және қалалық, мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға және үйлестiруге, дайындауға қатысады;
қаланың көкейтестi мәселелерiн шешуге бағытталған бағдарламаны дайындауға қатысады, оларды жүзеге асыруға шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен ассоциацияларын тарта отырып;
шағын кәсіпкерлiк саласындағы дамыту бағдарламасы мен жобасын сараптауды жүргiзедi және оларды қаржыландыруға және жүзеге асыруға ұсынады.
Тармақ 5. 5. Комиссияның iс-әрекетiн ұйымдастыру
5. Комиссияның iс-әрекетiн ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссия өз iс-әрекетiн жүзеге асыру үшiн:
iс-әрекетiнiң нақты бағыттарын (жобаларын) жүзеге асыру үшiн Комиссия мемлекеттiк қызметкерлер санынан, кәсіпкерлер бiрлестiктерi өкiлдерiнен, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер мамандарынан жұмыс топтарын құрайды;
нақты жобаларды өткiзу кезiнде Комиссия төрағасы мен хатшысы басқа да Комиссия мүшелерiнiң келiсiмiмен Комиссияның басқа да мүшелерiне, немесе тартылған мамандарға өз өкiлеттiгiн бере алады;
белгiленген тәртiпте үкiметтiң атқарушы органдарынан қажеттi ақпаратты, аналитикалық, анықтама-статистикалық материалдарды, сонымен бiрге ведомстволық нормативтi құқық актiлерiн алады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысын реттейтiн құжаттарды өз бетiмен қабылдайды.
Тармақ 3
3. Комиссияның iс-әрекетiн қамтамасыз ететiн жұмыс тобы Комиссияның шешiмiнiң, Комиссия төрағасының өкiмi мен жарлығының орындалуына және оның негiзiнде қимыл жасайды.
Қала әкімi
аппаратының жетекшiсi
Г. Богатикова