Об общественном совете содействия региональному фонду по поддержке малообеспеченных граждан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен. Облыстың мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық құрылымдары басшыларының аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдаудағы іс-қимылдарын біріктіру және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы желтоқсанның 10-дағы «Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұдттық қор туралы» № 3791 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аумақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңесінің құрамы мен ол туралы Ереже бекітілсін (1, 2-қосымшалар).
Басқа 3. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңестің ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы «28» мамырдағы № 168 шешіміне 1-қосымша Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңестің ҚҰРАМЫ Жақиянов Ғ.Б. – облыс әкімі, төраға Түменова Б.Н. – облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, төрағаның орынбасары Кеңес мүшелері: Бұтабаева Р.Б. – облыстық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамының төрағасы Даржуман Қ.Б. – Қазақстан халықтары кіші Асамблеясы төрағасының орынбасары Ким В.П. – облыстық сауықтыру орталығының меңғерушісі Мамедов Г.А. – «Вторчермет» АҚ-ның бас директоры Панов Ю.В. – соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы Шершнева В.В. – облыс әкімі аппараты бөлімінің консультанты, облыстық әйелдер кеңесінің төрағасы
Басқа 4. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы
Облыс әкімінің 1998 жылғы «28» мамырдағы № 168 шешіміне 2-қосымша Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес (әрі қарай - Кеңес) облыс әкімі жанындағы аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы аймақтық саясат принциптерін белгілейтін кеңес беру-кеңесу органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары: еңбек ұжымдарының қызметін үйлестіреді және өз ерікімен берілген садақалар мен қайырымдылық көмек ретіндегі қаржының қорға түсуіне бақылау жасайды; әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қамқорлық көрсетеді; азаматтардың материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарайды; облыстық қоғамдық қордың облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарымен жүргізетін жұмысына талдау жасайды; Қазақстан Республикасының заң қағидаттарына қайшы келмейтін басқа да мәселелерді шешеді; Кеңесті облыс әкімі басқарады. Кеңестің құрамына мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің жеке құрамы мен осы Ереже облыс әкімінің шешімімен бекітіледі. Кеңес мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Кеңестің ұсынуы бойынша облыс әкімінің шешімімен енгізіледі.