Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов Күшін жойған
Басқа 0
Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асырудың Ережесін бекіту туралы
2003 жылғы 8 қаңтардағы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті туралы Ережесінің 10-шы тармағының 17)-ші тармақшасына және 11-ші тармақтың 3)-ші тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосы беріліп отырған Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асырудың Ережесі
"Инвесторлардың қызметіне
бақылау және мониторингті
жүзеге асырудың Ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігі Инвестициялар
жөніндегі комитеті төрағасының
2003 жылғы 26 наурыздағы
N 19-п бұйрығымен бекітілген
Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асырудың Ережесі
Осы Ереже "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) инвесторлардың өзіне алған міндеттемелерін орындауы және инвестициялық жобаларды іске асыру, инвесторлардың инвестициялық преференцияларды беруге, инвесторлармен жасасқан келісім-шарттарға (бұдан әрі - Келісім-шарт) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізудің мониторингі және оған бақылауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 1. 1. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингі мен оған бақылауды жүзеге асыру
1. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингі мен оған бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Инвесторлардың қызметіне мониторинг пен бақылауды жүзеге
асырудың негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру;
Тармақша 2
2) Келісім-шарттың шарттарына сәйкес инвесторлар міндеттемелерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қызметтің басым түрлерінде тауарлар өндірісін, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің орындалуын жеделдететін дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингі
мен оған бақылау жасау статистика бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша инвесторлар ұсынатын есептерге талдауды, және инвесторлардың келісім-шарт міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша аудиторлық қорытындылар мен тексеруді жүзеге асыруды көздейді.
Тармақ 3
3. Мониторинг пен бақылау нәтижелері бойынша инвестор Келісім-шарт шарттарын орындамаған немесе талаптағыдай орындамаған жағдайда Комитет келісім-шартты бұзады немесе келісім-шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тармақ 2. 2. Мониторинг және бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2. Мониторинг және бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Инвесторлар қызметіне мониторинг пен бақылауды Комитеттің жүзеге асыруы мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) инвесторлардың инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ұсынған есеп-қисабын тексеру;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаларды іске асыру туралы инвесторлар ұсынған есеп-қисапты тексеру;
Тармақша 3
3) аудиторлық қорытындыларды тексеру;
Тармақша 4
4) тексеру, оның ішінде инвестициялық қызмет объектісіне барып құжаттық тексеру;
Тармақша 5
5) алынған есеп-қисапты талдау және жинап, қарау.
Тармақ 5
5. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру Комитет Төрағасының бұйрығы негізінде Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Кезектен тыс барып тексеру Келісім-шарттың немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнама шарттарын бұзушылықтардың болуын жорамалдауға жеткілікті негіз болған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Барып тексеру нәтижелері негізінде тексеруші Келісім-шартқа қоса берілетін Жұмыс бағдарламасы бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындаудың ағымдағы жағдайы кесімін (бұдан әрі - Кесім) дайындап, қол қояды.
Тармақ 7
7. Кесім негізінде тексеруді жүзеге асыратын қызметкер Жұмыс бағдарламасы мен Келісім-шартты іске асыру нәтижелері туралы есеп дайындайды.
Тармақ 8
8. Келісім-шарттың шарттары орындалмаған немесе талаптағыдай орындалмаған жағдайда Комитет Инвесторларға бұзушылықтардың түрлерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және оларды жоюға үш айдан артық емес мерзім беріледі.
Тармақ 9
9. Келісім-шарттың бұзылғаны туралы ақпарат мемлекеттік қорғау және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін салық, қажет болған жағдайда кедендік және өзге де мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Тармақ 10
10. Инвесторларға мемлекеттік заттай грант берілген Келісім-шартты бұзу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заттай грантты мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлік және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.