Об утверждении Формы паспорта опасных отходов Қолданыста
Басқа 0
Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 343-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4720 тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14746 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқа істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 11
Қауіпті қалдықтар
паспортының нысанына
1-қосымша
Әкімшілік деректер
жинауға арналған
нысан
Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын толтыру жөніндегі ақпарат
Ұсынылады: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан ndbecology.gov.kz интернет- ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ҚҚПИ-1
Кезеңділік: қажеттілігіне қарай (қауіпті қалдықтар пайда болған кезде және/немесе олардың құрамы / қауіпті қасиеттері өзгерген кезде).
Есепті кезең: _________ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі барысында қауіпті қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар (қалдықтарды түзушілер).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қауіпті қалдықтар пайда болған немесе анықталған сәттен бастап үш ай ішінде не қауіпті қалдықтардың жаңартылған паспорты бекітілген күннен бастап.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) /
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН):
(деректер жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны
Қауіпті қалдықтардың атауы және олардың қалдықтар сыныптауышына сәйкес коды
Қалдықтарды түзушінің деректемелері: жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі, оның тұрған жері
Қауіпті қалдықтар түзілетін объектінің тұрған жері (орналасқан жері әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес толтырылады (КАТО)
Қалдықтардың шығу тегі: бастапқы тауардың (өнімнің) атауымен бірге, нәтижесінде қалдықтар түзілген технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы
Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі
Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы
Қалдықтарды басқарудың ұсынылатын тәсілдері
Қалдықтарды басқару кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Қалдықтарды тасуға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар
Қауіпті қалдықтарға байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарларының алдын алу және жою жөніндегі, оның ішінде тасу және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі шаралар
Қосымша ақпарат (қалдықтарды түзуші хабарлайтын өзге де ақпарат)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Ескертпе: Осымен зертханалық зерттеулер, талдаулар, сынақтар (тестілер) арқылы, сондай-ақ қалдықтардың осы түрлерін, анықтамалық және өзге де көздерді және басқа да деректерді қалыптастырудың бастапқы шикізаты мен технологиясы туралы білімдер мен мәліметтерді пайдалана отырып тексергенімді мәлімдеймін, көрсетілген қалдықтарда тек жоғарыда аталған компоненттер көрсетілген концентрацияда болады және оларды қауіпті деп санаймын.
Қауіпті қалдықтардың химиялық және компоненттік құрамы аккредиттелген зертхана орындаған қалдықтар үлгілерін сынау хаттамаларымен расталған.
Өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлармен (өнімдермен) ұсынылған қалдықтар үшін техникалық құжаттамаға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) компоненттік құрамы туралы мәліметтер көрсетілген.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері қоса беріледі (қажет болған жағдайда).
Ақпарат сенімді, дәл және толық.
Атауы ______________
___________________________
Мекенжай _________________
_______________________
Телефон___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы __________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_____________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басқа 12. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын толтыру бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
«Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын толтыру бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақ 1
1. Осы нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің және сот тәртібімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларының талаптарын іске асыру мақсатында қалыптастырылатын әкімшілік деректерді жинауға арналған.
Тармақ 2
2. Осы түсіндірмеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Экология кодексінде, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері.
Тармақ 4
4. Нысан жолдарында қауіпті қалдықтар туралы мәліметтер қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. «Қауіпті қалдықтардың атауы және олардың коды қалдықтар сыныптауышына сәйкес» деген 1-бағанда қауіпті қалдықтардың атауы және олардың коды қалдықтар сыныптауышына сәйкес енгізіледі.
Тармақ 6
6. «Қалдықтарды жасаушының деректемелері: жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның орналасқан жері» деген 2-бағанда қалдықтарды жасаушының жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), сондай-ақ оның орналасқан жері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Қауіпті қалдықтар түзілетін объектінің орналасқан жері» деген 3-бағанда қауіпті қалдықтар түзілетін объектінің нақты орналасқан жері – облыс, қала, аудан, елді мекен және әрі қарай мекенжай бөлігі көрсетіледі. Аумақ коды Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (КАТО) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Қалдықтардың шығу тегі: қалдықтар пайда болған технологиялық процестің немесе тауардың (өнімнің) бастапқы тауардың (өнімнің) атауымен өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан (жоғалтқан) процестің атауы» деген 4-бағанда қалдықтардың пайда болуының технологиялық процесінің немесе өнім өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтатын процестің атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі» деген 5-бағанда есепті күн сәтіндегі қалдықтардың қауіпті қасиеттері сипатталады.
Тармақ 10
10. «Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы» деген 6-бағанда қалдықтардың химиялық құрамы, сондай-ақ олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы келтіріледі.
Тармақ 11
11. «Қалдықтарды басқарудың ұсынылатын тәсілдері» деген 7-бағанда қалдықтардың пайда болуын болғызбауға және азайтуға, қайта пайдалануға, сұрыптауға, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған қалдықтарды басқару тәсілдері мен әдістері сипатталады.
Тармақ 12
12. «Қалдықтарды басқару кезіндегі қажетті сақтық шаралары» деген 8-бағанда қалдықтарды қауіпсіз жинауға, сақтауға, тасымалдауға, өңдеуге арналған іс-қимылдар кешені көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» деген 9-бағанда экологиялық және санитариялық нормалардың талаптары, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мамандандырылған көлік пен ыдысты пайдалану көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың қауіпті қалдықтармен байланысты салдарларының алдын алу және жою жөніндегі шаралар, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде» деген 10-бағанда қауіпті қалдықтармен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар сипатталады.
Тармақ 15
15. «Қосымша ақпарат (қалдықтарды жасаушы хабарлайтын өзге де ақпарат)» деген 11-бағанда қалдықтарды жасаушы ұсынатын қосымша мәліметтер мен өзге де ақпарат жазылады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар осы нысан бойынша қызметі барысында қауіпті қалдықтар пайда болатын әкімшілік деректердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылы ұсынылуы үшін жауапты болады.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес осы нысан бойынша ақпарат ұсынылады.