Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 4
4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
Тармақша 6
6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
Тармақша 7
7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға: бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар балалар.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
Тармақ 3
3. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Уристемова) қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Кусмухамбетов) жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Тұрмағамбетова) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалынан жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) ресми жариялағаннан кейін осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Ақтөбе қаласы әкімдігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына (Қ.Қасымов) жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.