Об утверждении Инструкции о порядке осуществления государственного пожарного надзора и организации тушения пожаров Государственной противопожарной службой Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям на объектах Министерства внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-І Заңының негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiндегi өрттiң алдын алу және жою кезiндегi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылы тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Осы бiрлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 251. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 258 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мемлекеттiк өрт қадағалауын жүзеге асыру және өрт сөндiруiн ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық өрттiң алдын алу және сөндiру саласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖА) Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылының тәртiбiн және негiзгi бағытын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - ҚР IIМ) объектiлерiндегi ведомстволық өрт қадағалау функциясын олардың өзiне тән ерекшелiгiне қарай Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өртке қарсы қызметi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. ҚР IIМ объектiлерiн ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң қызметкерлерi ҚР IIМ басшыларының өтiнiшi бойынша тексеруi мүмкiн. Осы қызметтiң өкiлдерiн ҚР IIМ объектілерiне жiберуге рұқсат беру режимдiк талаптарды ескере отырып, мемлекеттiк құпияларға рұқсаты болған жағдайда және белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. ҚР IIМ объектiлерiн өрт-техникалық тексеру нәтижесi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшылары өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң бұзылуын жою үшiн объектi басшыларына нұсқама бередi. ҚP IIМ объектiлерiнiң басшылары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады және ұсынылған өртке қарсы шараларды орындау жөнiнде толық көлемде және белгіленген мерзiмде жеткiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. ҚP IIМ объектiлерiндегi өрттi сөндiрудi ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады. ҚР IIМ министрлiгiнiң басшылары ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң келiсiмi бойынша осы қызмет бөлiмшелерi өрт сөндiрудi жүзеге асыратын объектiлердiң тiзбесiн және оларды жiберу рұқсатын белгiлейдi.
Тармақ 6
6. ҚР IIM объектілерi орналасқан аудандарға келген облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшыларына облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi кезекшi өрт сөндiру қызметiнiң басшы құрамына осы Нұсқаулықтың 3-тармағында белгiленген тәртiпте объектiлердiң өрт-әдiстемелiк сипаттамаларымен алдын ала танысу құқығы беріледi. Өрт сөндiрудiң жедел жоспарларын және кәртiшкелерiн әзiрлеудi, оларды сақтауды және iс жүзiнде жасауды облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң басшылары ҚP IIМ объектiлерi басшыларымен бiрлесiп белгілейдi.
Тармақ 7
7. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi ҚР IIМ объектiлерi басшыларының келiсiмi бойынша осы объектілердiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiне оқытып-үйретуде қажеттi көмек көрсетедi, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша кеңес бередi.
Тармақ 8
8. Осы Нұсқаулықты пайдалану жөнiнде туындаған келiспеушiлiктi облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басшылары және ҚР IIМ объектiлерiнiң басшылары шешедi. Туындаған келiспеушiлiк бойынша бiр пiкiр болмаған жағдайда, ҚР ТЖА Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаменті және ҚР IIМ Тыл департаментi шешiм қабылдайды.