Об утверждении Правил благоустройства территории города Балхаша Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласының территориясын абаттандыру қағидасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы мәслихатының 2004.08.20 № 11/114 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының территориясын абаттандыру қағидасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Ахрименя Г.Е.) жүктелсін.
Басқа 3. Балқаш қаласы аумағын абаттандыру қағидасы
Қосымша қалалық мәслихат сессиясының 2003 жылғы 23 сәуіріндегі № 29/288 «Балқаш қаласы аумағын абаттандырудың қағидасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Балқаш қаласы аумағын абаттандыру қағидасы Жалпы қағидалар мен анықтамалар
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидалар қала аумағында тұратын немесе қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың барлығына міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қаланың тиісті санитарлық күйін абаттандырылуы мен көгалдандыруын қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласы әкімі жанында пайдалану объектілері мен аумақтарында мемлекеттік тапсырыс беруді, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдардың объектілері мен элементтерін ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша мамандырылған кәсіп орындармен шарт жасау функцияларын атқаратын «құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлім» (бұдан әрі ҚжСІжБ) мемлекеттік мекемесі қызмет етеді. Құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің түпкілікті мақсаты қаланы абаттандыруды, санитарлық жағдайы мен көгалдандырыуының қажетті деңгейін ұстау болып табылады.
Тармақ 3
3. Жұмыстарды жүргізу жергілікті бюджет есебінен іске асырылады.
Тармақ 4
4. Абаттандыру объектілері мен элементтерінің, инженерлік инфрақұрылымның, жасыл қордың сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жүргізуді уәкілетті мемлекеттік органдар (құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлім, СЭС қалалық ішкі істер бөлімі, қоршаған ортаны қорғау бөлімі) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалардың осы қағидаларды бұзуы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тарау 2. 2. Анықтамалар
2. Анықтамалар
Тармақ 6
6. Абаттау адамға елді мекендерде жайлы, қолайлы және қауіпсіз тіршілік ету орталық қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтердің кешені. Бұл кешен абаттандыру объектілері мен элементтерін ұйымдастыру, ұстау пайдалану, жөндеу және қорғау жұмыстарының келесі негізгі бағыттарын қарастырады: инженерлік абаттандыру, санитарлық абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, үй жанындағы аумақтарды абаттандыру
Тармақ 7
7. Бекітілген территория-бөлінген территория жанындағы және басқада территорияларда, еқі жақтын келісім шарты бойынша заңды және жеке тұлғалардың атқарушы орган белгілеген, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін берілген жер учаскесі.
Тармақ 8
8. Санитарлық паспорт-мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік кұқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат.
Тармақ 9
9. Санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар (бұдан әрі-санитарлық қағидалар)-сақталмауы адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның ішінде тіршілік ету ортасы факторларының адам үшін қауіпсіздік және зияндық белгілерін) белгілейтін нормативтік құкықтық актілер.
Тармақ 10
10. Кондоминиум-үй-жай жеке, занды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жекедара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқыгымен тиесілі болатын жағдайда біріңғай мүліктік кешен ретіндегі (бұдан әрі-кондоминиум объектісі) жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.
Тармақ 11
11. Бөлек (өзіндік) меншік-қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны-кондоминиум құрылған тұргын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, занды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі.
Тармақ 12
12. Үй-жайлар иелерінің кооперативі-көп пәтерлі тұрғын үйдегі (үйлердегі) үй- жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) - азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген ұй-жайларды иелену және пайдалану құкығына, ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады.
Тармақ 14
14. Құрылыс нормалары мен қағидалары-құрылыс салғанда міндетті түрде орындауға жататын нормативтік-техникалық құжаттар.
Тармақ 15
15. Елді мекеннің бас жоспары-қаланы, кентті, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы мен жұмыс істеуін ұйымдастыру, қөлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелері белгіленеді.
Тармақ 16
16. Объектінің бас жоспары-құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру,шаруашылық қызметін қөрсетуді ұйымдастыру мәселерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі.
Тармақ 17
17. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфракұрылымдар – елді мекендердің жұмыс істеуін және тұракты өсуін қамтамасыз ететін,халыққа мәдени-тұрмыстық, және әлеуметтік, байланыстың қөліктің инженерлік коммуникациялық жабдықтар мен құралдар комплексі.
Тармақ 18
18. Қызыл сызық-кварталдардың, шағын аудандардың елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы өзге элементердің аудандарын көшеден (жолдардан,алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл-сызық кұрылыс шекарасын реттеу үшін қолданылады.
Тармақ 19
19. Құрылыс салуды реттейтін сызық (қурылыс салу сызығы) – қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскелері шекерасынаң шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылыстарды) орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы.
Тармақ 20
20. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация-өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында,көлікте, қоғамдық орындардын үй жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын,тұрмыстағы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені.
Тармақ 21
21. Сыртқы жарнама (бұдан әрі жарнама) - стендтер, плакаттар щиттар (жайма тақталар), көрсеткіш жарық тақталар арқылы таратылатын жеке және занды тұлғалар туралы сатып алушыларды тарту үшін тауарлар, бастамалар және идеялар туралы жарнама.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік жарнама-мемлекеттік мақсаттарды және қоғамдық маңызды проблемаларды түсіндіру мақсатында жасалған коммерциялық мақсаттарды көздемейтін реклама.
Тармақ 23
23. Жарнама беруші-өз өнімдерін тарату үшін жарнамалық ақпараттың тапсырыс берушісі және көзі заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Тармақ 24
24. Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жарнамалық қызметті жүргізуге байланысты өкілдік жүргізетін мемлекеттік атқарушы орган.
Тармақ 25
25. Жарнама таратушы-сыртқы жарнамаларды жеке орнатылған немесе пайдаланудағы ғимараттарда орналастыруға арналған инженерлік-техникалық конструкция. Сыртқы жарнама жабдықтары - қағазда, маталарда, пленкаларда, тағы басқа материалдарда жасалған жарнамалық үндеу, сыртқы жарнама жабдықтарына сондай-ак кермелер, маңдайшадағы жазулар,қөрсеткіштер ашық аланда орнатылған және басқада ақпараттың жабдықтары жатады.
Тармақ 26
26. Ақпарат және сыртқы жарнама объектісі – сыртқы жарнамалар жабдықтары жарнама таратушы, сондай-ақ арнайы жасалған кіші архитектуралық формаларға:
Тармақша 1
1) Төбенің жоғарғы жағына орнатылған қондырғылар (жарықсыз,жарықты және газ жарықты);
Тармақша 2
2) Жарық бағаналарына,қабырғалар кеңістікігіне, орналастырылған жарық және газ жарықты жарнама қондырғылары;
Тармақша 3
3) Көлемді-кеңістіктік жарнама қондырғалары (оның ішінде жеке тұратындар);
Тармақша 4
4) Жарнамалық щиттар,стендтер, жазулар (жер бетіндегі қабырғадағы)
Тармақша 5
5) Жалаушалардағы, жұмсақ маталардағы жарнамалар;
Тармақша 6
6) Мандайшадағы жазулар, хабарландырулар, қысқа жазбалар; (кіші өлшемді плакат, үндеухат) қалалық ақпарат стендтеріндегі жарнамалық қысқа бағанадағы қоғамдық қөлік аялдамаларындағы, павильондардағы жарнама-ақпараттық мағынадағы көрсеткіштер және осы мақсаттарға лайықталған орындарда;
Тармақша 7
7) Маталардағы жарнамалар кермелері;
Тармақша 8
8) Ауа шарларындағы жарнамалар;
Тармақша 9
9) Қалалық қөліктердедегі жарнамалар;
Тармақша 10
10) Лазерлік жарнамалық қондырғылары (экран қеңістігі бетіндегі) және басқа да жарнама-ақпарат өнімдері ;
Тармақша 11
11) Арнайы мақсаттағы кіші архитектуралық формалар (қалыптар) (тауарлық белгілер және логотиптер)
Тарау 3. 3. Негізгі талаптар
3. Негізгі талаптар
Тармақ 27
27. Елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны ұстау мен құру жөніндегі шараларды жүргізу ретін, абаттандыру элементтерінің және объектілер жағдайының экологиялық өзгешелігін, санитарлық, архитектуралық негізгі талаптарын анықтайды.
Тармақ 28
28. Қағидалар барлық меншіқ түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершіліктерін және міндеттерін, құқықтарын қоса есептегенде елді мекендерді абаттандыруды қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қоса қарастыратын нормативтік құжат болып табылады.
Тармақ 29
29. Қағидалар қаланы абаттандыру элементтерін ұстайтын, санитарлық жағдайларын қамтамасыз ететін, қөгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен шұғылданатын арнайы мекемелердің атқарушы билік органдары басшыларына басшылыққа алуға арналған.
Тармақ 30
30. Әр жыл сайын күзгі-көктемгі уақыттарында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін айлықтар өткізу керек.
Тармақ 31
31. Барлық инженерліқ коммуникацияларға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар жөндеу жұмыстарын жүргізер кезінде жүргізуге және ұстауға, жөндеу жұмыстарынан кейін бүлінген абаттандыру элементтерін және жамылғыштарды қалпына қелтіру керек.
Тармақ 32
32. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 25 бабының 12 тармақшасына қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қала әкімінің шешімімен уәкілетті орган (ҚІІБ, СЭС, жер комитеті) берген жазбаша түрдегі рұқсаты болған жағдайларда ғана инженерлік жабдықтарды, тозығы жеткен үй-жайларды, жолдарды, ғимараттарды, тротуарларды, гүлзарларды, абаттандыру элементтерінің бұзу жұмыстарын жүргізуге құқылы.
Тармақ 33
33. Жұмысты жүргізуге рұксат (ордер) жұмыс жүргізушінің өкіліне беріледі. бұл уақытта мына құжаттарды уәкілетті органға тапсырады:
Тармақша 1
1) Жұмыс жүргізуге мәлімдеме және біткеннең кейін объектілерді,учаскелерді қалпына келтіретіндігі туралы міндеттеме;
Тармақша 2
2) Инженерлік коммуникация және жұйелердің (бөлшектеу, бұзылатын объектінің ) иелерімен келісілген, жұмыс жұргізетін жоба;
Тармақша 3
3) Объекті бойынша жұмыс жүргізу жобасы, немесе кестесі;
Тармақша 4
4) Жас көшеттерді, гүлзарларды қоса есептегенде,бұзуға мәлімдеме (керек болған жағдайларда); Жүргізілетін жұмыстар адам өміріне, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін уақытта жұмыс жүргізуші жұмыс басталғанғадейін берілген рұксатты жергілікті атқаушы органда тіркеуге міндетті.
Тармақ 34
34. Тек айрықша жағдайларда аса маңызды объектілердің қызметін қамтамасыз ету үшін аппатық жағдайды тез арада жоюды талап ететін, аса маңызды объектілердің үкімет органдарының рұқсатымен, рұқсатты (ордерді) ресімдемей келісім беретін ұйымының өкілдерінің қатысуымен апаттық жағдайды жоюға кірісуге болады, кейіннен жұмыстарды жүргізу рұксатын 24 сағаттың ішінде ресімдеу қажет.
Тармақ 35
35. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бұзылған абаттандыру және инфрақұрылым элементі, объекті рұқсат қағазында қөрсетілген жұмысты аяқтау мерзіміне дейін қалпына келтіру керек. Мерзімі өтіп кеткен рұқсат құжаты бойынша жасалған жұмыстар өз бетімен жасалынған болып саналады. Рұқсат созу кағиданы бұзғандар жауапкершілікке тартылғаннан соң жасалады. Жұмыс жүргізуші жұмысты бастамай тұрып келесіні орындау керек:
Тармақша 1
1) Жұмыстың қауіпті аймақтарының шекараларына талап етілетін қорғандар мен түрлері белгіленген ескерту белгілерін орнату;
Тармақша 2
2) Қозғалыс, жүру жерлеріне құрылыс нормалары мен кағидалары талап ететін қондырғылар қойып, ашылған учаскенің түнгі уақытта жарықтандырылуын қамтамасызету;
Тармақша 3
3) Мезанизмдер істеп тұрған жұмыс аймағында жасыл көшеттер болған жағдайда олардың сақталуын қамтамасыз ететін қалқандармен (щиттермен) коршау;
Тармақша 4
4) Көлік және адамдардың жүретін жерлерді жабу қажеттілігі болса, айналып өту жолдарын дайындап, оларды белгілермен аныктап көрсету.
Тармақ 36
36. Жұмыстар қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге, сонымен қоса рұксат құжатында (ордерде) көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Құрылыс материалдарын сақтау жел үшырып, шашуды жібермеу шараларын үстанумен жүзеге асырылады. Жұмыс барысында әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып калған материалдар жұмыс кезінде шығарылады. Жас көшеттерді, жер асты қондырғыларының қудық қақпақтарын, су ағатын торларды т.б. топырақ және құрылыс материалдарымен жауып тастауға тыйым салынады. Аталмыш қурылыс элементтерін қорғау үшін және люктермен құдықтарға еркін өту үшін ағаш қалқандар мен қораптар пайдалану қажет.
Тармақ 38
38. Жұмыс жасау шарттары бұзылған жағдайда, саласыз қалпына келтіру немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі бұзылған жағдайларда құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімі уәкілетті мемлекеттік қызметтермен (қалалық Ішкі Істер бөлімі, СЭС, қоршаған органы қорғау бөлімі) бірлесіп жұмысты тоқтатуға, келтірілген залалдардың шығынын өтеп алуға,кінәлітұлғаларды жауапкершілікке тарту шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 39
39. Жұмыстарды жүргізу мерзімі күнтізбелік кестеге олардың ұзақтығы жөніндегі колданылып жүрген нормаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 40
40. Жергілікті атқарушы органмен бекітіледі:
Тармақша 1
1) Механикаландырылған жинауға жататын қөшелер, аландар мен өткелдердің титул тізімін, сонымен қатар олардың жазғы және қыскы кездерде жиналу қезектілігін;
Тармақша 2
2) Қатты және сұйык тұрмыс қалдықтарының бір адамға жылына жиналуының нормаларын;
Тармақша 3
3) Қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи байлықты қорғау жөнгіндегі шараларды;
Тармақ 41
41. Заңды және жеке тұлғаларға ;
Тармақша 1
1) Ұсақ сауда жасайтын дүңгіршіктер, палаткалар, павильондар мен дүкендердің маңында, олар жұмыс істемей тұрған кезде бос қораптар қалдыруға;
Тармақша 2
2) Арнайы белгіленген орындардан басқа, канализация, су құбырлары мен жүйелерінің қарау және бақылау құдықтарына, қоқыс тұрмыстық қалдықтар, құрылыс қоқысын, қар мен мұзды тастауға сыыруға;
Тармақша 3
3) Көшелер мен алаңдарға құрылыс материалдардын, басқа да заттарды жинауға;
Тармақша 4
4) Қоқыс жинағыштағы қоқысты жағуға, онда құрылыс қоқысын, металл, қалдықтарын жинауға;
Тармақша 5
5) Жергілікті атқарушы орган белгілемеген жерлерге: үйлердің, су құбырларына, жарық түсіру тіректеріне, басқа да жерлерге хабарландырулар ілуге тиым салынады.
Тармақ 42
42. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Благоустройство» ААҚ кәсіпорыны тиісті:
Тармақша 1
1) Тұрғын үйлердің, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қатты және тұрмыстық қалдықтарын уақытында шығару (шарттарға сәйкес);
Тармақша 2
2) Арнайы машиналардың әрбіреуіне жүру бағытының кестесін жасау;
Тармақша 3
3) Жүру бағыттарының кестелері өзгергенде пайдалану шарттарына сәйкес түзеуге және бекітілген жүру бағыттары кестелерінің міндетті орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Азаматтардың жеке иелену құқығында үйлер салу екі рет қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы, үнемі тазарту жүйесін іске асыруға. сәйкес түзеуге және бекітілген жүру бағыттары кестелерінің міндетя орындалуын қамтамсыз етуге;
Тармақша 4
4) Азаматтардың жске иелену күқыгында үйлер салу екі рет катты/ түрмыстык қалдықтардан жоспарлы, үнемі тазаргу жүйесін іске асырур^ғ
Тарау 4. 4. Инженерлік абаттандыру Көлік жүйесі.
4. Инженерлік абаттандыру Көлік жүйесі.
Тармақ 43
43. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны үйымдастырудың негізгі шараларына:
Тармақша 1
1) Жол жамылдырғысының талап етілетін тегістілігін қамтамасыз ету, шұңқыр, ой және басқа түрдегі кемшіліктерді жою;
Тармақша 2
2) Көліктің жамылдырғымен ілігуіне қажетті жамылдырғы тегіссіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Жол жиектерін бекіте түсу, жамылдырғы шетінің көрінуін жібермеу жол жиектерінде судың түрып қалмауын, ондай ойлардың болмауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Жол бойында, басқа жолдар мен қиылыстарда темір жолдар мен қиылыстарда жолдың жаксы көрінуін камтамасыз ету;
Тармақ 44
44. Көліктің барлық түрлерінің иелері көліктерін көшелерге, жолдарға жол жүру қағидаларына сәйкес таза күйінде шығарып, тиісті техникалық күйде ұстаулары керек.
Тармақ 45
45. Көлікпен тасымалданатын шашылатын жүктер көшені ластамау үшін толығымен жабылған болу керек.
Тармақ 46
46. Қалпына келтіру жұмыстарын, жол жамылдырғысын ашуды, көшелерді, алаңдар мен баска да қоғамдық орындарды қазу шаралары талап ететін инженерлік жүйелердің аппаттары осы Қағиданың 31 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 47
47. Аппаттық жүмыстар жүргізіліп жатқан жерде материалдары немесе баска да мүліктері бар жеке жәңе барлык нысандағы заңды тұлғалар уәкілетгі органның алғаш талабы бойынша, сол жерді өз күшімен босатып беруге міндетті.
Тармақ 48
48. Көшелерде көлік жүрісін тоқтату немесе шектеуге байланысты жұмыстар жүргізілген жағдайда, тапсырыс беруші жергілікті атқарушы үкімет органының автокөлік қозғалысын жабу туралы тиісті өкімін алу қажет, ал қоғамдық көлік қозғалысының жолын өзгерту қажеттілігі болған жағдайда бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы қала тұрғындарына жеткізу керек.
Тармақ 49
49. Ашық тәсілмен немесе басқа тәсілмен салу орамдар ішіне, абаттандырылмаған көшелер мен алаңдар да, сондай-ақ жер асты құрылыстары қайта жаңартылған және күрделі жөнделген кезде уәкілетті органмен келісу бойынша жасалуы мүмкін. Жұмысты осы тәсілмен және басқа тәсілмен жүргізудің тиімділігі әрбір жағдайды ескере отырып анықталады.
Тармақ 50
50. Егерде жерді қазған кезде жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялары табылса, жұмыс жүргізуші уәкілетті органды және осы коммуникациялардың ыктимал иелеріне хабарлау керек.
Тармақ 51
51. Жерді қазу жұмыстар аяқталған соң уәкілетті органның өкілінің рүқсатын алғаннан кейін оның орны бірлікпейтін материалмен (кұм, ұсақ татар) көміледі.
Тармақ 52. Жер асты және бетіндегі инженерлік коммуникациялар жүйесі
52. Ені 4,0-7,5 метр болатын жолдыц көлік жүретін бөлігінің казылған жерінің жамылдырғысын қалпына келтіру көлік жүретін жолдың еніне жасалады, ал жол жамылдырғысыныц ені 7,5 метрден көп болса, жамылдырғыны қалпына келтіру траншея бойымен және құрылыс механизмдер жүмыс істеген аймақта жасалады. Бұзылған жол жамылдырғысын және абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары қайта топырақпен жабу жұмыстары аяқталғаннан екі тәулік өтуінен ұзамай басталуы керек. Жүмыстың жүргізілуі жерлерінеде ақпараттық қалқандар орнатылу керек (объекттің, кәсіпорынның атауы) Жер асты және бетіндегі инженерлік коммуникациялар жүйесі
Тармақ 53
53. Қаланың абаттандырылуын бұзбау мақсатында инженерлік коммуникациялар, инженерлік жүйелер мен қондырғылардың техникалық жағдайы үнемі мамандандырылған кәсіпорындардың бақылауында болады, олар:
Тармақша 1
1) аумақты су басып кетуін жібермеуге;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын байқауға;
Тармақша 3
3) люктер қақпақтарының, құдықтар мен камералардың, жаңбыр канализацияларының жапқыштары жол жамылдырғысының, тротуарлардың деңгейінде, жер белгісінің деңгейінде болуын және олардың үнемі қызмет етуін қадағалауға;
Тармақша 4. Аумақтык жабдықтандыру
4) қысқы уақытта орналасқан жерін бірден білу мақсатында кұдықтарды белгілеуге, міндетті. Аумақтык жабдықтандыру
Тармақ 54
54. Елді мекендердің аумағын жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғылармен қаматамасыз етіледі. Сыртқы жарықтандыру кондырғыларына:
Тармақша 1
1) электрмен қамтамасыз ету қондырғылары, тоқ беруші жүйелер, тоқ беру пункттері;
Тармақша 2
2) тарату жүйелері;
Тармақша 3
3) электр жүйелерін жерлеу және қорғау қондырғылары,
Тармақ 55
55. Тректер тастың беткі шетімен цокольдың сыртқы бетіне дейін 0,6 метрден кем емес аралыкта орналасады. Егер тұрғын көшелерде автобус немесе ауыр жүкті машиналардың қоғалысы болмаса, бұл қашықтықты 0,3 метрге дейін кемітуге болады.
Тармақ 56
56. Жолдар мен көшелер қиылыстарында тіректер тротуарлардың домалана бастапуына дейінгі жерлерде түрлі кіру жолдарынан 1,5 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
Тармақ 57
57. Ғимарат жанында өтетін тар өткелдер, тротуарлар мен алаңдарда ғимарат кабырғалары не оларға еркін қол жететін болған жағдайда орнатылмаған жарықтандырғыштарға рұксат етіледі.
Тарау 5. 5. Сәулеттік - көркем безендіру
5. Сәулеттік - көркем безендіру
Тармақ 58
58. Сыртқы абаттандыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспар (бас жоспардың сұлбасы), аумақтық бөлшектеп жобалау жане құрылыстың жоспары бойынша жасалу керек.
Тармақ 59
59. Тұргын үйлер, әкімшілік және баска да, ғимараттар мен олардың аумактарының сәулеттік келбетін сактау жөне жақсарту үшін оларда сауда, қызмет көрсету пункттерін, офистер мен басқа да объектілерді орналастыру кезінде бұл объектілердің иелері өздері жасаған жобаға сәйкес объектінің қас бетімен оған жататын аумақтық абаттандыру шараларының кешенін жасау керек.
Тармақ 60
60. Автокөліктер тұрақтары жоба-смета құжаттамасымен бекітілген, рұқсат етілген құжат негізінде ұйымдастырьлады. Автокөліктердің тоқтау орындары үшін қалта қарастырылады. Тұрақтар мен қалталар жол белгілерімен қамтамасыз етілуі қажет. Автокөлік тұрақтарынан кіру жолында тұрақ аты, жұмыс кестесі жазылған тақтайшалар ілінуі керек.
Тармақ 61
61. Сәулеттік келбетті сақтау, санитарлық және экологиялық нормаларды бұзбау үшін мына жағдайларға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) дүңгіршіктер, паввильондар салу және т.б тиісті қүжаттардың ресімдеуінсіз;
Тармақша 2
2) құрылыс материалдарын, ағаш, көмір т.б. жинап қоюға;
Тарау 6. 6. Жарнамаларға қойылатын талаптар.
6. Жарнамаларға қойылатын талаптар.
Тармақ 62
62. Жарнама арнайы бір білімсіз немесе техникалық құралдарды қолданбай-ақ, оны көрсеткен кезде түрі мен пайдаланып отырған тарату құралына қарамастан тікелей жарнама ретінде танылуы тиіс.
Тармақ 63
63. Кәсіпорындар мен ұйымдар жөніндегі ақпараттық көрсеткіштер, атаулары жазылған тақтайшалар (мемлекеттік, жеке кәсіпорындардың, тағайындалуы жөніндегі ақпарат жазылған) сыртқы жарнама объектісі болып есептелмейді. Олар міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс, егер көрсетілген кәсіпорынның тиісті тәртіппен бекітілген логотиптері, сауда маркасы, тауар белгілері мен шет тілінде жазылған атауы болса, қосымша түрде түпнұсқасында жазылуы мүмкін. Ақпараттың барлық мәтіндері келесі тәртіппен орналастырылады. Сол және жоғары жағынан-қазақ тілінде, оң және төменгі жағынан орыс тілінде, бірдей әріптермен жазылады. Қажеттілігіне карай ақпарат қосымша басқа тілге де аударылуы мүмкін.
Тармақ 64
64. Казахстан Республикасының заңында тыйым салынған тауарлауды жарнамалауға рүқсат берілмейді.
Тармақ 65
65. Жарнамалар мынандай болмауы керек:
Тармақша 1
1) азаматтарды күш көрсетуғе итермелеу, аяқ асты шу көтеру, қауіпті іс тудыру, жеке адамдардың денсаулығына зиян келтіру, оларға қауіп төндіру;
Тармақша 2
2) табиғатты қорғау туралы заңды бұзатын қылмысқа итермелеу;
Тармақша 3
3) жалпыға ортак моральдық, адамгершілік нормаларды бүзатын, адамнын ұлтын, мамандығын, әлеуметтік жағдайын, тілі, діні, саяси көзқарасын мазақ ететін мәтіндік көретін мазмұнда болу;
Тармақша 4. Сырткы жарнама объектілерін орналастырудың шарттары
4) әлемдік және үлттык мәдени мұраларды қүрайтын өнер аймактарын, мемлекеттік рәміздер (елтаңба, әнұран, жалау) кез-келген мемлекеттің ақшасы, белгілері, жеке адам және заңды түлғаның қызметі, мамандығы, тауарды жамандау; Сырткы жарнама объектілерін орналастырудың шарттары
Тармақ 66
66. Сырткы жарнамаларды дайындау, құрастыру және орналастырумен Қазакстан Республикасының заңнамаларына сәйкес рұқсат алған түлғалар ғана айналыса алады. Сыртқы жарнама және ақпарат объектілерін құрастырумен, дайындаумен айналысатын ұйымдармен жарнамалық агенттіктер уәкілетті органға күрылғының мінездемесі, желдік жүктемесі, электрлік қауіпсіздігі және материалдык кысқаша сыныптамасын қамтитын, объектіні іске қосу актісін міндетті түрде тапсыру керек.
Тармақ 67
67. Сыртқы жарнама объектісін дайындауда пайдаланатын материалдар сапа, қауіпсіздік және экологиялық талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 68
68. Сыртқы жарнама объектісі:
Тармақша 1
1) көлік және жаяу жүрушілерге;
Тармақша 2
2) жол жиектері мен көпірлерді жинауда кедергі келтірмеуі керек.
Тармақ 69
69. Сырткы жарнама объектілері жарық түсіруші техникалық жабдықтар талабына сай, кешкі және түнгі уақытта міндетті түрде сырткы немесе ішкі жағынан жарықтандырылып тұруы қажет.
Тармақ 70
70. Көлікке бекітілген сырткы жарнама объектілері жол қозғалысының кауіпсіздігі талабына сәйкес жасалу керек. Сыртқы жарнама және ақпарат объектілерін орналастыруға рұқсат алудың тәртібі.
Тармақ 71
71. Елді мекеннің аумағында жарнаманы орналастыру жергілікті аткарушы орғанньң келісімімен жүзеге асырылады. Сыртқы жарнама және ақпарат объектілерін орнатуға келісім алу үшін мынандай құжаттар кажет:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган басшысының атына жарнамалық кұрылымның көлемі және сырткы жарнама және акпарат объектілері орналасатын орын көрсетілген хат (өтініш);
Тармақша 2
2) жарнаманың түрлі-түсті болып жасалған эксизі (сурст) 2 дана;
Тармақша 3
3) сыртқы жарнама және ақпарат объектілері орналасатын орын көрсетілген сұлба 2 дана;
Тармақша 4
4) жер жұмыстары жүргізілетін болса инженерлік жүйелерді ұстаушылармен келісілген жердің суреті (съемкасы)
Тармақ 72
72. Уәкілетті орган қабылданған құжаттарды 30 күн ішінде қарап, жарнаманы орнатуға келісім немесе қарсылығын білдіреді. Жарнама берушінің кұжаттары толықтыру үшін қайтарылып берілген соң, қарау уақыты жаңадан саналады. Жарнаманы орнатуға берілген рұқсат 30 күнге дейін жарамды болып табылады. Жарнама орнатылмаған жағдайда рұқсат құжат жойыдады да тәртіп бойынша баска тапсырыс берушінің атына ресімделеді. Рұқсат ету мерзімі технологиялық себептерге байланысты өкілетті органның шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 73
73. Жергілікті мемлекеттік орган уәкілетті органның шешімі негізінде жарнама орнату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 74
74. Жарнама тарату үшін төленетін төлемдерді алу тәртібі және тарифтер қалалык мәслихатпен анықталады.
Тармақ 75
75. Хабарландырулар, афишалар, транспоранттар және баска да, уақытша сипаттағы жарнама міндетті түрде уәкілетті органмен келісілген және келісім де көрсетілген арнайы орындар да орналастырылуы керек.
Тармақ 76
76. Мемлекеттік мерекелерге қарсы витриналарды тақырыптық безендіруді уәкілетті органмен келісім бойынша меншік иесі қамтамасыз етеді.
Тармақ 77
77. Тарихи-мәдени мұралардың аймақтарында жарнама орналастыруға тыйым салынады. Шектен тыс жағдайларда ғана уәкілетті органның шешімімен және белгіленген орындарда жарңама орнатуға рұқсат беріледі.
Тармақ 78
78. Жарнама таратушы мен сыртқы құралдарының күйіне жарнама иесі жауап береді. Жарнамалык үндеулердің шүбәсыздығына жарнама тапсырушы жауапты.
Тарау 7. 7. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерді жинау.
7. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерді жинау.
Тармақ 79
79. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерде (базарлар, саябақтар, емдеу - профилокториялық мекемелер) санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлык қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға, қалдықтар жинауға, автокөлік жууға, отын және ыдыстар сақтауға болмайды.
Тармақ 80
80. Қоғамдық орындарды жинау жұмыстары (жалпыға ортақ демалыс орындары) жүріс аз кезде және адам аз келетін уақытта түнде, таңға қарай жүргізіледі.
Тармақ 81
81. Жазғы уақытта тротуарлар мен жолдар шаңнан, түскен жапырақтардан тазартылады. Көшеден қоқыс қалдықтары жиналып, су қүдықтарына тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 82
82. Жазғы тазалау жұмысына сыпыру, сулау, тротуарлар мен көшенің көлік жүретін бөліктерін жуу кіреді. Жолдың көлік жүретін бөліктері, алаңдар, кошелер, инженерлік құрылымдар түнде жуылады.
Тармақ 83
83. Жапырақ түсетін кезде жапырақтар уақытында тек жолдың көлік жүретін жерлеріне, тротаурларға желмен ұшып келуі мүмкін жерлерден жиналуы керек. Жинақталған жапырақтар арнайы орындарға апарылып төгіледі. Жапырақтарды адамдар тұратын кұрылыстар маңында, саябақтарда өртеуге болмайды.
Тармақ 84
84. Қысқы жинау жұмыстары тұрақты (қар жауатын мерзім арасында) және мерзімді (қар жауғанға денін және жауғаннан кейін) болып бөлінеді.
Тармақ 85
85. Қар мұз қосындыларына қарсы жолдарға түз-кұм немесе құмның басқа хлоридтермен қоспасы қолданылады. Қоспа ауа температурасына сәйкес себіледі (-6с-120 г/м.кв, не-6с-240г/м.кв) себу, қоғалыс қауіпті аймақтарға, қоғамдык көлік тоқтайтын жерлерге, көпірлердің үстінен басталады.
Тармақ 86
86. Қыскы мерзімде тротуарларды және жол беттерін ас тұзбен (Nасе) себуге тыйым салынады.
Тармақ 87
87. Шатырды, су өтетін құбырларды қардан тазарту ғимарат иесінің күшімен және қаражатымен, сондай-ак тұрғын үйде қызмет көрсетушілерге, электр жүйесіне, жасыл желектерге зиян келтірмей жүргізілуі қажет.
Тармақ 88
88. Жер пайдаланушының міндеттері:
Тармақша 1
1) пайдаланып жүрген санитарлық нормалар мен осы қағидамен анықталған тиісті күйде, бөлініп бекітілген аумақтарды, инженерлік жүйелер мен элементтерді (құдыктар, люктер, торлар, тіректер, насос станцияларын, жылу пунктерін, трансформатор подстанцияларын) ұстауға санитарлық төлқұжатының болуы;
Тармақша 2
2) белгіленген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды, көмуді қамтамсыз етуге;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда өз аумағында дезинфекция және дератизация жүргізуге (шыбын, қоңыз, тышқандарды жою үшін);
Тармақша 4
4) жол тайғағына қарсы шараларды қарастыруға;
Тармақ 89
89. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жолдарда, өткелдерде жасыл желек орындарына қар және мұзды жинактауға;
Тармақша 2
2) көшелерде, аулаларда, жалпыға ортақ сауда орындарында ыдыстар және қозғалмалы сауда жасайтын құралдарды қалдыруға тыйым салынады. Сауда соңынан қалдықтары жиналуы керек.
Тармақ 90
90. Кооперативтік көлік жайлар, шаруашылық сарайлар, қоймалар, саяжай аумақтары, бекітілген жасыл желек аймақтары жеке меншік иелерінің күшімен жиналып ұсталады.
Тармақ 91. Базарлар
91. Ерекше аумақтарда шатырша дүңгіршіктерді орналастырып, тез бұзылмайтын өнімдерді, жемістерді сату санитарлық-эпидемиологиялық станциямен келісім бойынша жүргізілуі қажет. Базарлар
Тармақ 92
92. Базар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдары, кірме жолдар мен өткелдер) қол және жаңбыр суларыныц ағып кетуіне мүмкіндік жасайтындай, еңісті, қатты жамылғы (асфальт, жұмыр тас) канализация және су құбыры жасалынған болуы керек.
Тармақ 93
93. Канализациясы жоқ базарларда, жердеy қазылған дәретханалар сауда орындарынан 50 м қашықтықта орнадасу керек.
Тармақ 94
94. Шаруашылық алаңдары сауда орындарынан 30 м кашыктыкта болуы керек.
Тармақ 95
95. Әрбір 50 кв.м аумағына 1 қоқыс салғыш болуы керек, бірақ олардын аралыктары 10 метрден аспауы керек. 200 кв.м аумағына, сыйымдылығы 100 л қоқыс салатын жәшіктер орналасуы керек, бірақ олардың аралыктары 20 метрден аспауы керек. Тағам қалдықтарына арнайы жәшіктер қойылуы қажет.
Тармақ 96
96. Ауданы 0,2 га және одан көп базарларда қоқыс салғыштар салатын сыйымдылығы 0,75 куб.м контейнерлер де сакталуы керес.
Тармақ 97
97. Базар жабылғаннан кейін, оның ішін жинайтын жұмыскерлер базар аумағын толық жинауы керек. Күндіз жинастырушылар қоқыс толтырылған жәшіктерді жинауы керек.
Тармақ 98. Саябақтар
98. Жылы уақытта базар аумағын сыпырумен қатар, күнделікті жуу керек. Саябақтар
Тармақ 99
99. Қоқыс салғыштар орнатылған шаруашылық аймақтары, демалушылардың көп жиналатын жерлерінен (билейтін жерлер, фонтандар аллеялар т.б.) қашықтығы 50 метрден кем болмауы керек.
Тармақ 100
100. Парктер аумағынла 800 кв.м алаңына бір қоқыс салатын жәшіктердің ара қашықтықтары 10 м аспауы керек. Әрбір дүңгіршіктердің (тамақ сататын, кітаптар сататын т.б.) қастарына сыйымдылығы мол жәшік қою қажет.
Тармақ 101
101. Қоқыс жинау қолайлы болуы үшін, демалушылардың көп жиналу орындарынан алыс жерлерге қоқысты уақытша салатын жашіктер қою керек.
Тармақ 102. Табиғи су қоймалары.
102. Қоғамдық даретханалар демалу жерлерінен 50 м қашықтықта болуы қажет, әр орынға 500 келуші деген есеппен болуы қажет. Табиғи су қоймалары.
Тармақ 103
103. Су жағалуларында медпунктер, құтқару станциялары, тамақ сататын жерлер, киім ауыстыру кабиналары, даретханалар, қоқыс салғыштар болуы керек. Су ішітен кіші фонтандар болған жағдайда, оның «Ауыз суы» ГОСТ-ына сәйкес болуы керек.
Тармақ 104
104. Қоқыс салатын жәшіктер су қоймаларынан 10 м, ал гүлдер отырғызылған жерлерден 3-5 м қашықтықта орналасуы қажет. Пляждарда әр қоқыс салатын жәшіктер 1600 кв.м алаңға бірден қойылады. Олардың аралары 40 метрден аспауы керек.
Тармақ 105
105. Пляждар аумақтарында 3500-4000 кв.м алаңдарға сыйымдылығы 0,75 куб.м контейнерлер қойылуы қажет.
Тармақ 106
106. Пляждар аумақтарында даретханалар қойылуы қажет, әр орын 75 келушілерге деген есеппеп болуы керек.
Тармақ 107
107. Ашық және жабық киім шешетін жерлер, гардеробтар кунделікті хлор қоспасымен дезифекциялану керек.
Тармақ 108
108. Арнайы механизмдер болған жағдайда құмды пляждарды аптасына бір рет үгітіп, құмды тазалап, тегістеп отыруы қажет.
Тармақ 109
109. Адамдар шомылатын жерге, кір жууға, көлік жууға, үй жануарларын қыдыртуға тыйым салынады.
Тармақ 110
110. Су қоймалары, өзендер, пляждар аумақтарында:
Тармақша 1
1) материалдарды, жинауға, коқыс тастауға, жабдықтарды жинауға тыйым салынады;
Тармақша 2
2) Кір қарлар, қоқыс шаруашылық және тұрмыс заттарыи тастауға тыйым салынады;
Тармақ 111
111. Қыс мезгілі өткеннен кейін көлдің жиегі қоқыстардан тазаланып, су қоймаларында санитарлық шаралар өткізілуі керек.
Тарау 8. 8. Қатты қалдықтарды зарарсыздандыру, жинау және шығару
8. Қатты қалдықтарды зарарсыздандыру, жинау және шығару
Тармақ 112
112. Қатты қоқыстарды шығару және жинау, зарарсыздандыру шаралары, үйлердің абаттандырылуына, биіктілігіне (қабатына), кұрылым түрлеріне қарай қоқыс құбыры бар қоқыс құбыры жоқ үйлер, коқыс жинайтын орын қоқыс төгілетін ор болуы керек. Ол санитарлық талаптарға, нормаларға сәйкес болуы керек. Оларда шыбындарды, масаларды, тышқандарды жою үшін дезинфекциялау және дератизациялау қажет.
Тармақ 113
113. Тұрғын үйлердің, сауда жәие коғамдык тамақтандыру кәсіпорынның, мәдениет мекемелерінің, қоғамдык ұйымдардың, т.б. қатты қокыстарын шығару арнайы ұйымдармен келісім шарты бойынша жоспарлы-тұракты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 114
114. Қоқыстарды кез-келген жерлерге төгуге тыйым салынады.
Тармақ 115
115. Қатты коқыстарды жоспарлы-түрақты түрде жинаушылар аумағынан жинау тапсырыссыз, белгіленген мерзімде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер үшін-үй иелері анықтайтын кесте бойынша контейнелер толғанға дейін;
Тармақша 2
2) қоғамдық және мәдениет объектілерінен қажеттілігіне қарай аптасына 2 реттен кем емес;
Тармақша 3
3) көп қабатты үйлердің қоқысы үнемі және аптасына 6 реттен кем емес алынады;
Тармақша 4
4) үлкен қокыстарды шығару арнайы шақырумен алынады. Сұйық қалдықтарды шығару мамандандырылған кәсіпорындармен шарт негізінде шығарылады (ААҚ «Благоустройство»).
Тармақ 116
116. Қоқыстарды жинау контейнерлері арнайы үйымдармен шарт бойынша үй иелерінің, ұйымның, кәсіпорынның директорларымен, санитарлык қызметкерлердің келісімімен қойылады.
Тармақ 117
117. Қоқыстарды жинайтын контейнерлер түрғындарға қолайлығына қарап қойылады. Контейнерл ерді арнайы алаңдарға тұрғын үйлер шараушылық ауларының арасына қояды. Қоқыс төгетін контейнерлер мен тұрғын үйлердің арасы 100 метрден артық болмауы керек. Оның ауласы асфальттанған, жасыл желектермен немесе аласа қабырғалапмен қоршалған, орналасуы баруға және арнайы көліктің келуіне қолайды болуы қажет.
Тармақ 118
118. Барлық көшелерде, саябақтарда, вокзалдарда, аэропорттарда, автопавильондарда, дүңгіршіктерде, киоскаларда, дүкендерде, көлік аялдамаларында қоқыс салғыш жеткілікті болуы керек. Қоқыс салатын жәшіктердің, контейнерлердің шекті толтырылуы оның сыйымдылығының ¾ бөлігінен аспауы керек.
Тармақ 119
119. Қоқыс салатын жәшіктердің тазалығын сақтауға иелері мен жинауды жургізетін кәсіпорын жауапты болады.
Тармақ 120
120. Мал өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері және мекеме иелері қиды және басқа қалдықтарды, оларды өсіру жерлерінде жинауға және санитарлық қызметпен белгіленген орындарға шығаруға міндетгі;
Тармақ 121
121. Қоқыс шығаруды санитарлық қызмет пен уәкілетті орган қадағалайды. Тексеріс уақытында жеке және заңды тұлғалардың қатты қоқыс шығаратын арнайы мекемемен келісім шарты болуы керек. Келісім шарты болмаған кунде, арнайы жерге қоқыс шығарғандығын растайтын құжат болуы кажет.
Тармақ 122
122. Әрбір елді мекенде жергілікті атқарушы органның каулысымен заңдастырылған, жақсы жабдықталған (кірме жолдар, шектеулі арықтар көрсеткіштер) бір қоқыс жинағыш орны болуы керек.
Тармақ 123
123. Қоқыс жинау орнына әкелінген қоқыс биіктігі 2 метрден аспауы және жан-жағы топырақ пен ауа қатыспайтын материалмен жабылу керек. Топырақтағы суды таза күйінде өткізбеуі керек. Қоқыс жинағышты тегіс және ойық аумақтарда орналастыруға болады.
Тармақ 124
124. Қокыстың бетін жапқан кезде аумақтың келешекте пайдалану жоспарын есепке алады.
Тарау 9. 9. Ғимараттарды бұзу
9. Ғимараттарды бұзу
Тармақ 125
125. Аумақты ескі жарамсыз ғимараттан тазарту жұмыстары осы рәсімді жасауды қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келетіндігін заңмен қамтамасыз етуден кейін және бекітілген жобалық кұжаттар болған жағдайларда ғана жүргізуге кіріседі.
Тармақ 126
126. Тұтас, темір және бетоннан жасалған құрылыста құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес бұзылады.
Тармақ 127
127. Ғимараттьң астындағы кеңдігі 3 метрден артық арықтар мен орларды қабат сайыи топырақпен тығыздап жабу керек.
Тармақ 128
128. Бұзылғаннан кейін аумақ (учаске) рекультивацияға жатады.
Тарау 10. 10. Үй жанындағы аумақтарды пайдалану.
10. Үй жанындағы аумақтарды пайдалану. Үй жанындағы аумактарды тазалау.
Тармақ 129
129. Тұрғын үй жанындағы аумақты тазалау бүкіл елді мекеннің аймағын кешендік тазарту жүйесінің бөлігі болып табылады.
Тармақ 130
130. Тазалау жұмысының көлемі жер учаскесінің берілгендері мен үй құжаттарындағы берілгендер бойынша анықталады.
Тармақ 131
131. Канализация және су кұбыры жүйесінің кұдықтарыньң люктер мен камералардың қақпақтарын тегістей қардан, мұздан тазаланып, оларды апат, өрт болған жағдайларда тез пайдаланатындай жағдайда ұстау керек.
Тармақ 132
132. Тұрғын үй қорын пайдаланатын мекемелердің, үйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке пәтер иелері-коопсративтерінің (ЖПИК-ң) төрағалары, кондоминиум төрағалары:
Тармақша 1
1) бөлініп, бекітіліп берілген аумақтарда көгалдандыру шараларын жүргізуге, қалыпты санитарлық күйін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) санитарлық кағидаларға сәйкес ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын өткізу және бекітілген аумақта өткізілетін шараларды орындауға халықты ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) жұмыс қалдықтарын шығаратын мекемелермен мезгілінде шартка отыру, оны жинақтайтын орындарды жақсы жабдықтау, қоқыс жинағыштарға, қоқыс төгілетін жерлерге көліктің еркін жетуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) дезинсекция, дезинфекция және дератизациялау шараларын арнайы мекемелермен бірігіп жасау және өткізуге, міндетті.
Тармақ 133
133. Аумақтардың санитарлық тазалығын камтамасыз ету үшін:
Тармақша 1
1) кызмет көрсетілетін аумақтарда қатты калдықтарды жинайтын, канализациясы жоқ ғимараттарға, сонымен қатар сұйык қалдықтарды төгетін жинағыштар орнату;
Тармақша 2
2) тазалайтын мекемелермен қалдықтарды шығаруға келісім шартқа отыру және қалдықтарды шығару кестесінің орындалуын қадағалау;
Тармақ 134
134. Ауладағы қоқыс жинағыштардың саны мен сыйымдылығы құрылыс нормалары мен қағидасының 2.07.01.- 89 «Қала және ауыл қоныстарын жоспарлау және құрылысы» талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
Тармақ 135
135. Қалдық төгілетін жинағыштар тұратын алаңның маңайына талдар мен бұталар отырғызу ұсынылады.
Тармақ 136. Ғимараттар мен аумақтардың сырттарын абаттандыру.
136. Қоқыс жинағыштарды орнаткан кезде қоқыс жинағыштар тұратын орын мен үйлердің терезе-есіктерінен ара қашықтығы 20 метреден кем болмауы керек. Ғимараттар мен аумақтардың сырттарын абаттандыру.
Тармақ 137
137. Түрғын үйлердің ғимараттардың қасбеті таза және дұрыс күйде болуы керек. Оларда Қазакстан Республкасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес, жергілікті аткарушы орган бекіткен үлгі бойынша қазақ-орыс тілінде жазылған үй белгілері орнатылуы керек. Қаланың өткел атауларының көрсеткіштері (көшелердің, алаңдардың т.б.). Бұл көрсеткіштер ғимараттың екі жақ қабырғасында, көшенің қиылысқан жерінде орнатылады. Көрсеткіштің бағыты үйдің бұрышынан орамның ортасына жіберілуі керек. Орамның шетіндегі үйлердің номерлері белгіленуі керек.
Тармақ 138
138. Ғимараттардың қасбеттерінде полигонометрия таңбалары, геодезия таңбалары және өрт гидранттарының көрсеткіштері, су құбыры және канализация жүйесінің камера, магитраль кұдықтары орындарының көрсеткіштері, жер астындағы газ құбырының орын көрсеткіштері және де қала шаруашылығының басқа да объектілерінің көрсеткіштері болуы қажет.
Тармақ 139
139. Белгіленген таңбаларды орнатқан мекемелердің рұқсатынсыз алуға және көшіруге болмайды.
Тармақ 140. Түрғын үйге жөне үй жанындағы аумақтарға қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар.
140. Құрылыс материалдарын үй қожалығының аумағында уақытша жинауға өрт кезіндегі өтетін қауіпті жерлер, көп алаңдардың сақталуы және терезелердің көлеңкеленбеуі жасалған кезде рұқсат беріледі. Түрғын үйге жөне үй жанындағы аумақтарға қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар.
Тармақ 141
141. Тұрғын үйлердің және үй жанындағы учаскелердің санитарлық жағдайын бақылауды жергілікті санитарлық және басқа да уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Тармақ 142
142. Түрғын үйдің және үй жанындағы учаскелердін жалпы пайдалану жерлерін кеміргіштерден, құрт-құмырсқадан тазарту үшін (санитарлық ұйымдардың нұсқауымен) дератизация және дезинфекция жасау керек.
Тармақ 143
143. Канализация жоқ учаскелердегі аумақтағы үй қожалығының ауласындағы дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау 20 % - тік хлор әгінің ерітіндісімен жүргізілу керек.
Тармақ 144
144. Осы кағиданы бұзған үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде қарастырылған санкциялар қолданылады.