О процедурах осуществления платежей в безналичной и наличной формах за счет средств областного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджет қаржысының есебінен аударым және қолма-қол түріндегі төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдері Ережесінің 11 тарауының 124 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаржысы есебінен төлемдердің басымдык бағыттары айқындалсын:
жалақы төлеу, әлеуметтік салық және оларға теңелетін төлемдер;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және өзге де әлеуметтік төлемдер;
тамақтану және дәрі-дәрмектер.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы департаментіне облыстық бюджет бойынша қалған төлемдерге қол қою үлгілеріне сәйкес бірінші қол қою құқығы бар департаменттің уәкілетті тұлғаларының қолымен төлемдік құжаттардың келіп түсу кезегі тәртібімен қалыптастырылсын.
Тармақ 3
3. Есептік кезеңнің төлемдері бойынша есеп айырысуларды жоспардан тыс жүзеге асыру мемлекеттік мекеменің басшыларына жүктелсін. Петропавл қаласы мен аудан әкімдіктеріне осындай қаулы қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшіне енеді.