Об утверждении Положений структурных подразделений Министерства образования и науки Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111-қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-12-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің ережелері;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Персоналды басқару және дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы «17» тамыздағы № 864-к бұйрығына 17-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 169-к бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 891-к бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 910-к бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 991-к бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1002-к бұйрығы.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «____» _________ № _______бұйрығына №_____ қосымшасы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай – ақ өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет төрағасының немесе оның орнындағы адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, «Министрліктер Үйі» ғимараты.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Комитеттің миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Комитеттің миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 12
12. Комитеттің Миссиясы:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі, орта, инклюзивті, арнайы және қосымша білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) тұлғаның зияткерлік, шығармашылық және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
Тармақша 4
4) педагогтардың мәртебесін арттыру;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
Тармақша 6
6) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.
Тармақ 13
13. Функциялар:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі және орта білім беру саласында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мәселелері бойынша облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 5
5) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасау жөніндегі облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 6
6) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қосымша біліммен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 7
7) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының басшыларын кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі білім басқармаларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу;
Тармақша 9
9) мектепке дейінгі, орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) білім алушыларды мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 12
12) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 13
13) орта білім беру үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгі шартының нысандарын әзірлеу;
Тармақша 14
14) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;
Тармақша 15
15) мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған оқыту ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 16
16) білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін әзірлеу;
Тармақша 17
17) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені әзірлеу»;
Тармақша 19
19) негізгі орта және жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын айқындау және оларды беру тәртібі;
Тармақша 20
20) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары білім беру және тәрбие қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын әзірлеу;
Тармақша 22
22) білімі туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;
Тармақша 23
23) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және осы жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 25
25) білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін айқындау;
Тармақша 26
26) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындау;
Тармақша 27
27) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) мемлекеттік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 29
29) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
Тармақша 30
30) орта білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 31
31) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын айқындау;
Тармақша 32
32) мектепке дейінгі, орта, арнайы және қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 33
33) мектепке дейінгі, орта, білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 35
35) жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 36
36) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 37
37) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командаларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелерін үйлестіру;
Тармақша 39
39) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, инклюзивті және қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 40
40) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 41
41) педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 42
42) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеу
Тармақша 43
43) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын әзірлеу»;
Тармақша 44
44) педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) Мемлекеттік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 46
46) орта білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 47
47) білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48
48) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 49
49) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 50
50) педагогтердің біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 51
51) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;
Тармақша 52
52) мектепке дейінгі, орта, арнайы және қосымша білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі;
Тармақша 53
53) Комитеттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;
Тармақша 54
54) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 55
55) гранттардың мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, «Орта білім беретін үздік ұйым» гранттарын беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 56
56) Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
Тармақша 57
57) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 58
58) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының Қамқоршылық Кеңесін және алқалық басқарудың өзге де нысандарын сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 59
59) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 60
60) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда, Астанада орналасқан, олардың есеп беретін және бақылауындағы білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеу;
Тармақша 61
61) Республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 62
62) мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің жай-күйі туралы қоғам мен мемлекетті объективті ақпаратпен және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау жолымен қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 63
63) мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;
Тармақша 64
64) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық - техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын міндетті ең төменгі талаптарды белгілеу болып табылады;
Тармақша 65
65) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау;
Тармақша 66
66) мектепке дейінгі, орта, инклюзивті, арнайы және қосымша білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 67
67) қызметкерлердің құпиялылық режимінің және ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтауын, сондай-ақ таратылуы шектелген мәліметтері бар құжаттармен жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері: Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, арнайы және инклюзивті, қосымша білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін зерделеуге міндетті;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың бірінші басшыларын, сондай-ақ облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының бірінші басшыларының келісімі бойынша қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 5
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, қосымша білім беру, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) Министрліктің жұмыс жоспарының, Министрлік басшылығы тапсырмаларының белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік және халықаралық бағдарламалардың, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, арнайы және инклюзивті, қосымша білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Комитеттің жұмыс жоспарларын (іс-шараларын) және Министрлік төрағасының, басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, оның ішінде білім беру саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 10
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Тармақша 11
11) осы Ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 3. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төраға басқарады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасы Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді және құқықтық мәселелерге жетекшілік етеді;
Тармақша 4
4) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тармақ 21
21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Комитет Төрағасының Орынбасарлары:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) өзіне Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комитеттің Мүлкі
4. Комитеттің Мүлкі
Тармақ 23
23. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 4. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
4. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы « » тамыздағы № бұйрығына ___қосымша «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ведомство өз құзыреті шегінде білім және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылауды жүргізу, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау;
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім; кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;
Тармақша 3
3) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде: бастауыш білім; негізгі орта білім; жалпы орта білім; біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім; біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын; әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;
Тармақша 6
6) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) білім беру ұйымдарының бағалау өлшемдерін әзірлеу;
Тармақша 11
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;
Тармақша 12
12) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру;
Тармақша 14
14) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
Тармақша 15
15) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
Тармақша 16
16) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
Тармақша 17
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 18
18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін және қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атақтарын беру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 19
19) диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 20
20) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы диссертациялық кеңестер қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін және қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру бойынша аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 23
23) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 24
24) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлеу;
Тармақша 25
25) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеу жүргізу;
Тармақша 27
27) білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 28
28) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің білім туралы құжаттарды (түпнұсқа) апостильдеу жұмысын үйлестіру;
Тармақша 29
29) байқаушы ретінде мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына қатысатын Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 30
30) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу жұмысын үйлестіру;
Тармақша 31
31) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;
Тармақша 32
32) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен, хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру жұмысын үйлестіру;
Тармақша 33
33) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу (құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, материалдық -техникалық қамтамасыз ету мен жабдықтау) жұмысын үйлестіру;
Тармақша 34
34)  мұғалімдердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша білім басқару органдарына Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мониторинг (талдау) жүргізу жұмысын үйлестіру;
Тармақша 35
35) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және бақылау, сондай-ақ оларға Комитет қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 36
36) Комитеттің негізгі бағыттағы қызметі бойынша Алқа отырыстарын өткізу;
Тармақша 37
37) апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;
Тармақша 38
38) стратегиялық құжаттарды әзірлеу барысында ұсыныстар енгізу;
Тармақша 39
39) білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;
Тармақша 40
40) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 41
41) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсініктемелер беру;
Тармақша 3
3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жолдау;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сот органдарына жолдау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну,талап-арыз беру;
Тармақша 10
10) тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізу кезінде мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынас жасау;
Тармақша 13
13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 14
14) Комитеттің аумақтық органдар қызметтерінің нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу негізінде білім беру стандарттары мен мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді анықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғылыми мамандарды жұмысқа тарту;
Тармақша 16
16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;
Тармақша 17
17) Комитеттің құзыреті шегінде консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар);
Тармақша 18
18) мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыру;
Тармақша 20
20) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Министрліктің Аппарат басшысына қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің және оның аумақтық органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
Тармақша 8
8) білім саласында уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органдарына береді, сот процестеріне қатысады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің, заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
Тармақ 1
1. Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 3
3. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 4
4. Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 6
6. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 8
8. Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 9
9. Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 10
10. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 11
11. Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 12
12. Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 13
13. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 14
14. Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 15
15. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 16
16. Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Тармақ 17
17. Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.
Басқа 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы «____»__________ № ____ бұйрығымен бекітілді «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11.  Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Комитеттің мақсаттары (міндеттері):
Тармақша 1
1) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы басым бағыттарын әзірлеу;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын және мемлекеттік ғылыми стипендиялары мен ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды беру туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылатын әзірлемелерді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 10
10) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 11
11) ғылым мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 12
12) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық орнату;
Тармақша 13
13) ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
Тармақша 15
15) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру;
Тармақша 16
16) ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 17
17) ғылыми ұйымның консультативтік органы туралы, оның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, үлгі ережесін бекіту;
Тармақша 18
18) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 20
20) ғылыми, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 21
21) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша және адамдар мен азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 22
22) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлауды іске асыру;
Тармақша 24
24) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу және іске асру;
Тармақша 25
25) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;
Тармақша 27
27) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларын бекіту;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ғылым туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, ұсынуды және жариялауды ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметін ақпараттық сүйемелдеу, оның ішінде Комитет пен Министрліктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарда Комитет қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратты орналастыру;
Тармақша 32
32) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар);
Тармақша 5
5) мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функциясын жүзеге асыру, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарда (серіктестіктерде) мемлекеттік акция топтамасын (қатысу үлесін) иелену және пайдалану;
Тармақша 7
7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) ақпараттық-презентациялық іс-шараларды (форумдар, презентациялар, конференциялар және т.б.), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың проблемалары бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 9
9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдану;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 12
12) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен ұйымдарына орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;
Тармақша 5
5) Комитеттің Регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Бағынысты ұйымдардың кадрлық жұмыс мәселелеріне жетекшілік етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін (белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес) қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Комитеттің мүлкі
4. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жекеленген мүлікті жедел басқару құқығы бар. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. «Қ. Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайы» ММ; 2. «Мемлекет тарихы институты» ММ; 3. «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК; 4. «М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК; 5. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК; 6. «Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты» ШЖҚ РМК; 7. «Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты» ШЖҚ РМК; 8. «Экономика институты» ШЖҚ РМК; 9. «А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты» ШЖҚ РМК; 10. «Алтай ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК; 11. «М.А. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК; 12. «Зоология институты» ШЖҚ РМК; 13. «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК; 14. «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК; 15. «Генетика және физиология институты» ШЖҚ РМК; 16. «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК; 17. «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК; 18. «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК; 19. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК; 20. «Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» ШЖҚ РМК; 21. «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК; 22. «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК; 23. «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК; 24. «Ғылым қоры» АҚ; 25. «Ұлттық Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ. 26. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы»ЖШҚ 27. «Сейсмология институты» ЖШҚ 28. «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ
Басқа 4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекітеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Бөлім 2. 2-бөлім. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-бөлім. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіл саясатын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) халықты мемлекеттік тілге оқытуды және Қазақстан халқының тілдерін пайдалануды әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) терминдердің бірыңғай пайдаланылуын және мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мақсатында терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік субъектілердің Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыруын ведомствоаралық үйлестіру;
Тармақша 2
2) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасау, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 5
5) Комитет құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді және қазақ тілін халықаралық ақпараттық кеңістікке интеграциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және әдістемелік семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 8
8) тілдерді дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдарға үйлестіру-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 9
9) республикалық терминология, сондай-ақ Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның жанындағы жұмыс топтарының (орфографиялық, терминологиялық, әдістемелік, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу) қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) халыққа мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) оқыту жұмыстарын үйлестіру, сонымен қатар этнос өкілдеріне ана тілдерін үйренуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) этностардың ана тілдерін оқыту мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілді үйретуге арналған заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып әдістемелік құралдарды әзірлеу;
Тармақша 14
14) ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 16
16) Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) тіл саясатын дамытуға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейтуге қажетті әдістемелік, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, терминдерді біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру;
Тармақша 21
21) Қазақ тілінің ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу;
Тармақша 22
22) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
Тармақша 23
23) үйлесімді тілдік ортаны құру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Комитетке қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Тармақша 4
4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 6
6) тілдерді дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Бөлім 3. 3-бөлім. Комитет қызметін ұйымдастыру
3-бөлім. Комитет қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Министрге Комитеттің құрылымы бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрліктің аппарат басшысына Комитеттің штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 3
3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда) лауазымға тағайындайды және босатады;
Тармақша 5
5) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 6
6) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) Министрлік басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын тағайындайды;
Тармақша 8
8) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
Тармақша 10
10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға еңбек сіңірген тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
Тармақша 12
12) өзінің құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
Бөлім 4. 4-бөлім. Комитеттің мүлкі
4-бөлім. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Бөлім 5. 5-бөлім. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-бөлім. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.